Баспалдақ

  Жақында жас талапкер Мәдіхантегі  Шаһризада қарындасымыздың «Баспалдақ» атты ойлы жазба кітабы «Азиат»баспасынан жарыққа шықты. Кітапты бастан аяқ оқып шықтық. Бүгінгі заманға сай, оқушының психологиялық ой-өрісінің қалыпты жайын жатық тілмен баяндап шыққан. Бұл біріншіден ұстаздар қауымына, одан кейін ата-аналар мен оқушы жастарға таптырмас көмекші құрал деп санаймын. Біздің халқымызда ертеректе болғанымен бүгінде жоқ деуге болатын, енді-енді кенжелеп еніп келе жатқан ұлттық психология саласының нұрлы жемісі десе де болады. Бұл еңбегінде Шаһризада «Мың бір түн» ертегісіндегі өзі аттас қыз сияқты замандастарына, достарына бүгінгі дәуір уақытша қиындықтарын қалай көтеруді, аса зор ауыртпалықтарын еңсеруді, қилы бұралаң соқпақтарын басып өтуге жол сілтегендей болады. Бұл жап-жас оқушы немесе студент қыз үшін үлкен ғылым жолының алғашқы баспалдағы десе де болады. Біздің бұл қыздан болашақта қазақ еліне қызмет ететін, елдің абыройын асқақтатып, беделін арттыратын тұлғалы азамат шығатынына сеніміміз зор.Өйткені Шаһризаданың ойы терең, айтары бар, барын бағамдап көрсете алады.  Бұл қасиет атадан балаға даритын ұлы қасиет. Ол әркімге бұйыра бермейді. Ал бұл қасиет бұл әулетте осы қызға бұйырған екен. Тек Құдай бұл қызды тіл мен көзден сақтасын!

Кітаптың өзі айтып тұрғандай, өмір- баспалдақтардан тұрады. Өмір бір орнында тұрмайды, бір жастан екі жасқа, бір сәттен екінші сәтке, бір сәтсіздіктен екінші сәттілікке қадам жасайсың! Өсесің, жетілесің, биіктейсің соңыңа көз саласың, тоқтайсың дем аласың, жеңістеріңе сүйсінесің, жеңілістеріңнен сабақ аласың.  Ендігі кезекте жас талапқа ақ жол, баянды баспалдақтары көп болсын деп тілейік!

«Созақ үні» газеті редакциясы

Баспалдақ 1

                                               Баспалдақ

«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың һас жауы» деп Бауыржан атамыз бекер айтпаған. Біз мың кітап оқысақта тәртіп болмаған жағдайда мұның күлі көкке ұшпақ. Өмірдің қай саласын алсақта тәрбие мен тәртіппен шектеледі. Тәрбие- бұл жылдық миға жиған ақыл. «Білім ақылға үйретпейді» деген екен бір дана.Көп адам ақыл мен білімді синоним ретінде қарастырады.Менің түсінігімде олай емес.Сіз қанша білімді болсаңызда оны ақылға салмасаңыз түрменің төрінде отырарыңыз хақ. Замана көшіне зер салсақ, әлеуметтік желілерде банк кодтарын ашатын, пароль бұзатын компьютер майталмандары бар. Олар электронды жүйенің қыр-сырына қанық. Бірақ көбіне білімді болғанымен, ақылсыз. Оңай іспен айналысып, жиған білімдерін арам жолмен ақша табуда. Осы секілді қоғамда түрлі қиын істер бар. Біз әр нәрсенің парқын ажырата білуіміз қажет. Ол үшін ұстаздан алған білім ғана емес өнеге тәрбиені зер салып қараған абзал. Ал біздің  нағыз ұстазымыз өмір өткелдеріндегі қателіктер.

Мен  18 жастың 11 жылын мектепте өткіздім. Сондықтан санама бар сәуленің 60%-ын құйған -білім ордасы деп айта аламын. Біз оқушылар мектепке әңгіме айту үшін баратын секілдіміз. Білім керек оқушылар аз ғана. Мен өзімді білімге қанық, үздік оқушымын деп мақтан қылмақ үшін емес,менің кеткен қателіктерімді келешек оқушылар қайталамауы үшін жазып отырмын.Кейде сынып ішінде жаттанды тақпақ қылып айтатын сәттеріміз болады.Бұл білімнің бір аптаға жетпей ұмытылары хақ. Мұнан түйгенім, барлық оқығаныңды жүрек ынтамен қабылдай білген дұрыс.Мемлекет бізге тегін білім беріп жатса неге оны оқымасқа?Келешекте теорияны практика жүзіне пайдалану үшін түсіне білу, санаға орнықты түю қажет.Біз бар сабақта бестік алуға тырысамыз.Бірақ жан рахаты үшін оқылатын пәндер болады. Біреу өлең жаттағанды ұнатса,біреу үздіксіз есеп шығарғанды қалап тұрады. Мен сүйікті пәнім тарих, әдебиет пәні еді. Сондай -ақ ең сүйікті ісім атлас толтыру. Мұнан түсінгенім адам істі сүйсініп істемесе қабілетінің күлі көкке ұшпақ. Бірақ барлығына жетуге талпынсаң, белгілі натижеге қол жеткізуге болады. Ауызша сабақтарды жақсы көретінмін. Үнемі біреу менен белгілі тақырып жайында ой пікірімді сұрағанын қалайтынмын. Ал есеп жағына келгенде шорқақтаумын. Бұл мұғалімнің кінәсі емес,өзімнің жалқаулығым деп білемін. Фалес айтқандай; «Бәрінен де өзіңнің кім екеніңді білу қиын». Оқушы шағымда жақсы болдым ба? Қыңыр болдым ба? Оны біліп жарытпадым, бірақ келесі оқушылар мен және менің ортамда жасалынған кейбір жайттардан сабақ алғанын қалағандықтан осылай жазу ойыма келді

 «Ұстаздармен жақсы қарым- қатынас сыйластықтың басты баспалдағы»

Біз 11жылда  70-тей мұғалімнен дәріс алдық.Әр қайсысының сабақ беру тәсілі әр түрлі.Ең бастысы олардың әрбірі бізге жақсылық тілейтін. «Оқы» деген сөзінің өзінде ұлы мағына жатқанын,болашағымызды ойлағандықтан айтқанын енді ғана түсініп жатқандаймын.Мектеп әлемінде соншама жылда  кітаптың бетін суреті үшін ашса қуанатын,кітапты құшырлана оқитын тындырымды шәкірттер де бар.Мен дәл ортасында едім.Жалқау шабытпен он бір жыл өткіздім.Қазір сол сәттеріме қатты өкінемін. Мына бір жайт  есімде сақталыпты:

         Мені 2 -ші сыныпта атам домбыра мектебіне жазылдырды.Мектепте 6сынып оқып жүргенде музыка мектебінің 4- ші жылы еді.Бұл саз мектебі үшін шабытты жыл.Себебі,қол постановкасы нағыз шегеленетін шақ.Оркестр мен жарыстарға қызу дайындық кезі болатын.Содан кішігірім гастрольдік сапар секілді 2апта өз мектебімнің бетін көрмей кеттім. 2аптадан соңконцерт дайындықтары мен концерт аяқталып,мектеп тынысында жылдық тоқсанның да аяқталар шағы келді.Мен сыныпта отырдым.Алгебра сабағында шыбынның ызыңы ғана естілетін.Бұл Гүлзипа Төлепбергенованың сабағы болатын.Өте мысы биік ұстаз еді. Өз басым өте қатты таң қалатынмын.Көп мұғалімдер  сабақ бергенде «тыныш отыр»деп айтпаса шулап отыратын біздің қызба сынып ұстазымыздың қара туфлиінің дыбысы естілгеннен- ақ тына қалатынбыз.Адам түсініп болмайтын ғажайып рухтылық. Ол ептеп сынып ішіне кірді.Көзілдірігінің қырымен бізді бір шолып шықты да орнына жайғасты.

         -Тоқсан аяқталуға бір ғана күн қалды,бүгін қорытынды бағаларыңды қоямын,журнал бойынша сабақ айтасыңдар.(Геометрия сабағы болатын ,дәл сол сәтте теоремалар менің қас жауым еді)Кезек маған келді.Мен ел кезіп жүріп,біреуінде түсінбегенмін ғой,бетін ашпағанмын.Тақтаға шықтым тәуекел деп.Оқушылар қатармен сұрақ қоя бастады.Бес сұрақ қойылды.Екеуіне ғана дұрыс жауап бердім.Ол маған тіке қарап тұрып былай деді:

-Шакизат,сен жап- жақсы оқитын қыз едің.Үлгере алмайтын болсаң музыкаңды таста.Мектеп білімін білмесең ,басқаның саған пайдасы болмайды.Тау тасты кешпей сабағыңды оқы, -деді.Екі көзімнің тостағы толған күйі партаға жайғастым.Ұстазымның айтқан сөздері шынында да рас еді.Тіке айтатыны мені қуантатын.Мұнан соң түйгенім:Уақыт бізді аямайды.Біз сол сәттерде барлығын ілестіріп алып кетуіміз керек.Ертеңіңе өкінбес үшін істі бүгін жасау керек.Осылайша жалынды мотивация бірер айдан соң менің өмірімді өзгерте бастады.Өлі уақыттарды дұрыс пайдалануды үйретті.Мектепке баратын жолға кеткен уақыт,саз мектебіне баратын жолдағы уақыт,күнделікті сериал көрген уақыттар, мұның барлығында біраз нәрсе істеп үлгеруге болады.Біз ұстаздардың оқты сөзінде ,отты сөзінде көтере білуіміз қажет.Олар ешқашан бізге жамандық тілемейді .Әсіресе,жоғарыдағы бір ауыз сөз мен үшін уақыт үнемдеуге  ерекше мотив болды.Оны енді ғана түсініп жатырмын.

Дана кісіден шәкірті сұрапты: Ұстаз бен мұғалімнің айырмашылығы неде?-деп,сонда дана ойланбастан былай жауап қатқан екен:

-Екеуіде жақсы жандар.Мұғалім оқушыға сабақ береді,ұстазда шәкірттеріне сабақ береді.Алайда айырмашылығы жүрек ынтасында .

Біздің мектепте мұғалімдерде,ұстаздарда бар.Өз басым ұстаздан сабақ алғандаймын.Ренжіткен шақтарымда болды,тіпті 11 сынып оқып жүрген кезімдеде…Ол күндер үшін өкінішім шексіз.Ең бастысы өз қателігімнен сабақ алдым.Әлемде екі ұлы мамандық бар.Бұл ұстаздық пен дәрігер.Ұлыны ұлы деп бағалау адамшылыққа тән тірлік.Сондықтан дәл уақытында бағалай білуіміз қажет.Өмірдің сан белестері,соқпақ жолдарынан да өткен шақта ұстаздардың айтқан ақыл-кеңестері көз алдымызға түзу жолды салып бергенде,мектеп әлеміне деген сағыныш мені ерекше елжіретеді.Сол сәттердегі проблемаларға жылағаным үшін қазір күлкім келеді.Өйткені,мектеп өміріндегі проблемалар жаңа қаладағы,мектеп бітіргеннен кейінгі жағдайға қарағанда түйе мен түймеге қарағандай күйде боламын.

                  «Достық- адамдардың күйзелісінің емі»

-Әлем бас иетін ұлы сезім –махаббат.Махаббаттың бастауы- достық.Біз махаббат десе болды ,көз алдымызға қыз бен жігіт елестей қалатын қалай? Ана мен бала махаббаты,әке мен бала,тіпті ұстаз бен оқушы ,әжеңнің немерелеріне деген сүйіспеншілігі қайда қарап қалмақ сонда ?Осы төңіректе дебаттық сайыста пікірталас болған.Ия,сайыс демекші,әрбір сайыс бізді шыңдайды және кем дегенде 3дос тауып береді.Сондықтан мектеп атынан баратын сайыстарға көбірек қатысқан абзал,әрине бірінші мектеп пәндеріне үлгерімді оқып біткен соң?! Достық туралы айтатын ойларым көбіне ішімде сақталып қалатын секілді.Сондықтан дәл бүгін бүкпесіз ашуға тырысып көрмекпін.Менің басымда екі таңдау болды. Сүйікті достар немесе сүйікті мамандық.Үш ай ойланған шешім мені достарымнан айырып,жарқын болашаққа жалғыз баруды жөн санады.9сыныпта гуманитар,жаратылыс болып сыныптар арасында бөлінері баршаңызға белгілі.9сынып жаз айы.Әлеуметтік желіде 9жыл оқыған сыныптастарыммен пікірлесіп отырдық.Олардың 90 пайызы жаратылыс таңдауды шешті.Жай ғана оқып отырдым,жазуға дәтім бармады.

1қыркүйек кеш.Өз сыныбымда қалар болсам,достарыммен бірге күлімді қуанышпен екі жылымды өткізермін, бірақ ары қарай ше не болмақ? Бір шетінен қимайда тұрмын.Бірақ  өз сыныбымда қалар  болсам, көп уақытымды басқа пәндермен алданып,өз таңдаған пәнімнің қайда қалғанын білмейде қалармын.Аптасына бір ғана сабақ менің сүйікті пәнім болады.Тіл мен әдебиетше,олар мүлдем аз. Мұны елестетудің өзі қорқынышты.Бұл менің дәл сол сәтте санамда қалықтаған қақтығыс ойлар еді.Болды болашақ мамандығыма көңіл бөлемін.Достың бәріде уақытша.Екі жылдан соң бәрібір қоштасамыз.Ақылдың жүрекке берген мотивациялары осылай.

2қыркүйек таң.Алған кітаптарымды қайта жинақтап,өз өзімді қолға алдым.Жаңа сыныпқа ауысамын,болды бәрі қайта басталады.Сыныпқа беттеп келемін,жүрегімнің дыбысы белгілі.Менің ауысатынымды жалғыз жан досымнан басқа ешкімде білмейді.Ешкімге ешқандай эмоциямды білдірмедім,қоштастымда мұғаліммен бірге жаңа сыныпқа келе жатқан сәтім.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...