Мектеп мақтанышы облыс озаты атанды

Биыл «Үздік педагог-2020» байқауында облыстан Жұмашов Кенжебек Нұсқабайұлы жүлделі 1 орын мен  850 000 мың теңге ақшалай сыйақыға ие болды. 1995 жылдан бері Т.Әлімқұлов атындағы мектеп-интернат лицейінің химия-биология пәндерін тереңдетіп оқытатын сыныптарына сабақ беруде. Еңбек өтілі — 25 жыл. Санаты-«Педагог-шебер». Оқушыларды шығармашылыққа баулуда сапалы білім беріп, белсенді, жеке тұлға қалыптастыруға үнемі үздіксіз жұмыс жасап келеді. Жұмашов Кенжебек еңбек еткен жылдары талай жетістіктерге жетіп, аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, мектебінің, ауданның абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Жұмашов Кенжебек — өз жұмысының кәсіби маманы. Ол өз пәнін терең меңгерген және педагогикалық такт, кәсіби сөйлеу мәдениетін толық игерген білікті маман.

Кенжебек Нұсқабайұлы 1995 жылдан бері осы салада жұмыс жасап келеді. 2018 жылы  Түркістан облысының білім басқармасының шешіміне сай  «Педагог-шебер» біліктілік санаты берілген.

2013 жылы Қазақстан  Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  бірінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша  біліктілігін  арттыру  курсын   аяқтаған. 2006 жылы білім мен тәрбие саласында сіңірген еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін иеленген. Шәкірттері 2014-2019 жылдар аралығында аудандық, облыстық пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлдегерлер атанған. 2018-2019 оқу жылында биология пәні бойынша аймақтық олимпиадаға қатысқан 8 – сынып оқушысы Бақыт Шұғыла І орынды, 9- сынып оқушысы Асқарқызы Ұлдана ІІ орынды, 10-сынып оқушысы Сансызбай Алтынай ІІІ орынды, 11- сынып оқушысы Бекзатов Бекзат ІІ орын иеленіп, республикалық пәндік олимпиадаға қатысып қайтты. 2019-2020 оқу жылында аудандық пәндік олимпиададан оқушылары: Жөгібай Жасмин І орын, АсқарқызыҰлдана, Өмірзақ Ераман жүлделі ІІ орындарға ие болды.  2017 жылы аудандық мұғалімдер олимпиадасына қатысып, І дәрежелі дипломмен, 2018 жылы облыстық мұғалімдер олимпиадасына қатысып, жүлделі І орынды иеленді. 2018 жылы Халықаралық «Көшбасшы мұғалім – 2018» байқауына қатысып, Қ.Сәтбаев атындағы орденмен марапатталған. 2018 жылы «І Халықаралық үздік биолог – 2018» байқауына қатысып, І дәрежелі дипломды иеленді. 2018 жылы Сексенбекқызы Салтанат пен Асқарқызы Ұлдана сынды оқушылары сырттай өткізілген облыстық кіші ғылыми академиясының ғылыми жобалар байқауына қатысып, І орынды иеленсе, осы байқауда республикада да жүлделі бірінші орынды иеленді. 2018 жылы Республикалық интернет олимпиадасына қатысып, ІІ орынды иеленген. Ақтау қаласында өткен жаратылыстану пәндерінің форумына қатысып, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2018 жылы Самарқанд қаласында өткен халықаралық «Білім, білік, дағды, жаңартулар, мәселелер, тәжірибелер» тақырыбындағы конференцияға қатысып, арнайы сертификатқа ие болған. Жұмашов Кенжебек — өз жұмысының кәсіби маманы. Ол өз пәнін терең меңгерген және педагогикалық такт, кәсіби сөйлеу мәдениетін толық игерген білікті маман.

Камшат Жүнісбекова, Тәкен Әлімқұлов атындағы мектеп интернат-лицейінің биология пәнінің мұғалімі.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news