200 жылдық ұстаздық өтілі бар әулет

 

Қарапайым, елгезек, барлық ойы мен түйсігін бала тәрбиесі, шәкірт ұлағаты жолына арнаған ұстаздардың тұрақты тұғыры қашанда биікте тұрады. Сондай тұғырлы тұлғалардың,  ізгілік жолын басты бағыты ұстанған азаматтардың басы қосылып, шаңырақ көтеріп, жанұялық өмірлерін ұстаздар отбасы деген атауымен жалғаған шаңырақтардың бірі-Шарафудиновтер отбасы деп айтар едік. Осы әулеттің басында тұрған Суханберді Азимидинұлы ағамыз. Ол кісіШолаққорған селосында  дүниеге келіп, 1964-1974 жылдар аралығында Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде білім алған. 1974-1979 жылдары ШПИ-де физика және еңбек мамандығын бітіріп шықты. 1979-1980 оқу жылында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі жанындағы интернатта аға тәрбиешісі және меңгерушісі, 1980-1981 оқу жылынан аталған мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызметке ауыстырылды. 1984-1989 жылы ЧФТИ-ға түсіп дене тәрбиесі мамандығын алған. Қосымша 2004-2007 жылы ШӘПУ-дің дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық мамандығын бітіріп шықты. Оқушыларға волейбол, баскетбол сияқты спорт түрлерімен қоғамдық негізде жаттықтырып, нәтижесінде шәкірттері облыс көлемінде жүлделі орындардан көріне білді. Сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ата-аналардың міндеті жайлы аудан мектептерінде лекторлық қызметін атқарған. 1990 жылдан Таукент елді мекеніндегі І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2009 жылдан бастап Қыземшек поселкесінде орналасқан Ләнде Бөкенов атындағы жалпы орта мектебінде директор қызметін атқарып, 2016 жылдан бастап Таукент елді мекеніндегі І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне қайта келді. Аудан, облыс, республика көлемінде баяндамалар жасап, еңбектері жинақталып, облыс, республика көлемінде әдістемелік жинақ болып шықты. Білім беру саласындағы еңбектері бағаланып облыстық білім басқармасы мен біліктілік арттыру институтының «Құрмет грамотасымен» қатар «Қазақстанның білім және ғылым әлемі» журналының 2014 жылғы «Ең үздік басшы» номинациясымен марапатталған және 2014 жылы Астана қаласындағы физика-математика бағыттарындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің «Ең үздік ұйымдастырушы басшы» сертификатының иегері. 2011 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен», 2014 жылы «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының «Құрмет грамотасымен» марапатталған. ҚР ОҚО 2017 жылы «Халық құрметі», «Білім беру ісінің үздігі» медальдарымен марапатталды. 2019 жылы ҚР ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті Сертификатының иегері. № 722 сайлау комиссиясының төрағасы ретінде ҚР Түркістан облысының 2019 жылғы 9 маусымдағы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде заң талабына сәйкес жоғары деңгейде ұйымдастыру белсенділігі мен жауапкершілік білдіргені үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. 2020 жылы ақпан айында жастарға білім мен тәрбие саласындағы жеткен жетістіктері үшін ҚР кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Бос уақытында әдеби кітаптар оқиды, спортпен айналысады. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары қоғамдық жұмыстарға белсенді. Білім беру саласына аса жауапкершілікпен қарайды.

Сәкеңнің жұбайы Ерімбетова Рсалды Қыдырәліқызы Созақ ауылында дүниеге келген. 1974 жылы В.И.Ленин атындағы орта мектебін бітіріп, 1974-75 оқу жылында Тарса бастауыш орта мектебінде 1 жыл жұмыс жасайды. 1975 жылы Шымкент қаласына ҮПИ-ға математика факультетіне оқуға түсіп, 1979 жылы жоғары оқу білімін бітіреді. 1979-80 оқу жылынан бастап В.И.Ленин атындағы орта мектебінде педагогикалық қызмет саласында келеді. 1992 жылы Таукент поселкесіне көшіп келіп, Таукент мектебінде педагогикалық қызметті жалғастырып зейнеткер жасына дейін жұмыс жасап келді. Өз мамандығы- математика пәні бойынша білім берген оқушылары аудан, облыстан жүлделі орындарда көрінген. Мұғалімдер арасында математика пән олимпиадасында аудан, облыстан жоғары нәтижелі көрсеткіш көрсетіп  жүлдегер атанған. Білім беру саласы бойынша аудандық, облыстық білім басқармаларынан грамоталарымен марапатталған абыройлы жан. Мектептерде басшылық қызметтерде жүргенде жастардың өміріне, болашағына, олардың салауатты, өнерлі, тәрбиелі болуына баса назар аударып, өзі басшылық жасаған білім ордасының гүлденуіне белсенді жұмыс жасай білген аға буын ұстазды барша әріптестері әркезде құрметпен қарсы алады.  Суханберді ағамыз бен Рсалды әпкеміз  бір жылда, бір күнде  дүниеге келіп, бір шаңырақты көтеріп, бір саланы жұптаса меңгеріп, бір мақсатты-бала тәрбиесі, шәкірттерге саналы білім беру деген  қағиданы ұстанып пайғамбар жасына бірге қадам басуы да Тәңірдің жазған, жақсылық сыйы болса керек. Бүгінде ардақты ұстаздар немерелерінің күміс күлкісіне шомылған берекелі шаңырақтың қадірменді қариялары атанып отыр.

Сәкеңнің інісі Сұлтан Нәзір Төреқұлов атындағы ақпараттық технология лицейінде әскери пән жетекшісі, еңбек өтілі 30 жылдан асқан, аудандағы үздік іскери жетекші. Көптеген мақтау-марапаттардың иегері. Суханберді ағамыздың ұл-қыздары Роман-алқашқы еңбек жолын ұстаздықтан бастап, қазір әскери қызметкер, Айнұр-педагог, Ақнұр-педагог, Ролан-педагог, Орынша-есепші, Олжас-өндіріс маманы. Қазіргі таңда ортаншы ұлы Ролан Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде әкесінің ізімен әкесі білім алып, ұстаздық еткен алтын ұяда білікті ұстаз. Осылайша Азимидин әулетінің жоғарғы оқу орындарын кәсіби мамандықтары бойынша қоса есептегенде жалпы еңбек өтілі 200 жыл болып отыр. Ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып отырған өнегелі жанұяның өрісті жолы кім-кімге болса да зор өнеге болмақ.

 

Мақсат ЖЕҢІСҰЛЫ

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...