Жақаңның рухы пейіште

Жақа-Жарылқасын Боранбаев ерекше Адам еді. Қазақ халқы не деген тауып айтқыш  Ұлы халық еді?!Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек, жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек-деп ақын Жарылқасын Боранбаевқа қарата айтылғандай..
Жарылқасын Боранбаев екеуміздің таныстығыз,досығымыз балалықтың аяғы,жігіттіктің басында  Шымкент қаласынан бастау алды. Өнердің ордасы шырайлы Шымкент қаласындағы мәдени ағарту институтының студентімін, Жарылқасын педагогикалық институттың тіл және әдебиет бөлімінде оқитын кез. Екеуміздің таныс болуымызға, келешекте дос болатынымызға себеп ән өнерінің құдіреті болды.Жарылқасын екеуміз бірігіп «Қаракөзім қайдасың» әнін жаздық.Бұл 1967 жылдың қыркүйек айында еді. Осы әннен кейін  достығымыз шығармашылыққа  ұласты. Алғашқы әніміз сәтті шықты. Қазақстанның барлық өңірінен келген талантты ,өнерлі  әнші-домбырашы жастар лезде іліп алып кетіп ән тез тарады.Жастар орындаған сайын  шығармашылығымызға қанат бітіп басқа да әндер дүниеге келе бастады.Әсіресе студенттер орындаған «Қоштасу қиын екен ғой»,»Қоштасқым келмейді», «Шырайлым», «Сағына күтіп жүрмісің», «Шымкентім менің» т.б әндер.Қаладағы тұрмыстық комбинатта  дыбыс жазатын студиялар бар еді. Сол студияға баянымызды,домбырамызды көтеріп барып  әндерімізді пластинкаға жазатынбыз. Пластинка   деп отырғаным кәдімгі ренген пленкасы. Ол кезде  ірі форматтағы ренген пленкасына  әндер жазылатын. Сатылымы да , таралымы да жоғары болатын-ды. Жазған әндерімізге қаламақы төлейтін. Алғашқы әніміздің кітапқа енуі туралы. Жарылқасын қаладағы орталық саябаққа  қарсы Крегер көшесі бойында орналасқан  Облыстық  халық шағармашылық үйіне ертіп барды.Мекеме директоры орта бойлы қараторы жігіт екен. Аты Сейдалы Тұрғынбаев — көптен ән жазумен айланысып жүрген Шымкенттік сазгер екен.Таныстық, сөйлестік ән өнері туралы, шығармашылық туралы пікір алмастық. Шымкент сазгерлерінің әндер жинағын шығаруды қолға алған екен, маған «Қаракөзім қайдасың» әнінің нотасын әкеліп беруімді сұрады, әннің жаңа шығатын кітапқа енгізілетінін айтты.
Сонымен әніміз кітапқа енетін болды, кітаптың  музыка редакторы   вальс королі Шәмші Қалдаяқов болатын.  Көп ұзамай Шымкент сазгерлерінің  әндер жинағы жарық көрді. Бұл менің Шымкенттегі  ән өнеріндегі алғашқы  баспалдағым, алғашқы табысым болды. Жетелеп жүрген, қамқор болып жүрген Жарылқасын. Жасымыздағы айырмашылық  екі жыл. Ақыл-ойы ерте  есейген,толыққан  жігіт болатын.
1970 жылдың ақпан айында Жарылқасын қолында жазған өлеңі бар мені институтқа іздеп келді. Жарылқасын: -Жақын арада облыстық әндер байқауы болады соған қатысайық, әнді В.И.Лениннің 100 жылдығына арнаймыз,сөзін жазып алып келдім. Сен енді соны жақсылап жазатын бол- деп қолындағы қағазды ұсынды. Екеуміз әннің   мінезі,ырғағы  қандай болуы керектігі туралы ақылдастық. Екі күннен кейін ән дайын болды. Әнді өзімнің ұстазым Дмитрий Гусенцов пен Б. Кутуновқа көрсеттім. Әнді екі ұстазым ұнатқан соң бірге оқитын курстас досым Тұрлыбекке  орындаттым.
Әнді нотаға түсіріп Жарылқасынға табыстадым. Жарылқасын конкурстың ұйымдастыру комитетіне өзі табыстап шауып жүр. 22 сәуір қарсаңында  байқау өтіп әндер байқауынан «Күн көсем» әніміз бірінші орынға ие болды.
Осылай Жарылқасын екеуміздің достығымыз,шығармашылық достығымыз жалғаса берді. Институтты аяқтап мен Меркіге кеттім Жақаң туған жерінде Шымкентте қалды.Достығымыз үзілген жоқ.
Жақаңның шығармашылық даму кезеңі басталды. Жастайынан еске сақтау қабілеті ерекше  дарын иесі еді. Нағыз құймақұлақ болатын, естігенін жадында сақтап қалатын ерекше талант иесі еді. Сол қасиетінің арқасында тарих қойнауына кіріп кетті. Ұстаздық пен тарихты,ақындықты қатар алып жүрді. Бұл өте сирек кездесетін қасиет.Бұл-құбылыс,Жақаңа  Тәңірдің берген  ерекше сыйы.Осындай ерекше бітімін, ерекше  қасиетін көргенде ойыма Міржақып Дулатов келетін.  Жарылқасын Созақ аудандық «Молшылық үшін» газетінің редакторы болып қызмет атқарды,.
«Жанартаулар», «Гүлдесте», «Жылы жақтың жаңбыры», «Мәңгілік өмір», «Мазасыз әлем» жыр жинақтары жарық көрді. Созақ ауданының Құрметті азаматы  атағын берді. Туған жерінің келешегін ойлау оны болжау Жақаңдай-ақ болсын.! Жақаң бірде үйге келгенде 90 жылдардағы халықтың жұмыссыз қалған,қиналған  кезіндегі елдің жағдайы туралы: Тоқсаныншы жылдары Созақтан ел көше бастады. Мен оларға «әлi-ақ Созаққа қолдарың жете алмай қалады» дедiм деген еді. Жарылқасынның айтқаны келіп Созақ ауданы тәуелсіздік алған соң түлеп сала берді. Жаңадан мектептер мен медицина мекемелер,балабақшалар мен шағын орталықтар, мәдени ошақтар салынып, заманауи үлгіде көптеген әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халықтың игілігіне пайдалануға берілді. Тұрғын үйлер жаңарып  салынды, ауыл, елді мекендердегі тозығы жеткен ішкі және күре жолдар жөнделді. Шағын және орта бизнес қарқынды дамып, индустриалды аймақ өркен жайды. Жер асты қазба байлықтарының мол көзі ашылып, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом компаниясының 9 қуатты кәсіпорны жұмыс істеді. Бүгінде Созақ ауданы өндірісі өрлеген, шаруашылығы шалқыған облыстағы аграрлы индустриялды көшбастаушы аудан болды. Міне,Жарылқасынның көрегендігі.Жарылқасын қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемелік құралын жазды. Бұл еңбегі Елімізде кеңінен насихатталды. Монғол Республикасында да кеңінен насихатталды. 1989 жылы Түркістан қаласына Тай қазанның қайтарылуына байланысты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен республикалық семинарлар өткізді. Қай уақытта болмасын жаңалықтың,жақсылықтың жаршысы бола білді.
Келіншектау етегіндегі Жыныс ауылынан  жаңа мектеп ашылды. Жарылқасын директор болып тағайындалды. Бұл Қаратау күйшілік мектебінің  ірі өкілі,шерпе күйдің шебері  күйші Сүгір ауылы болатын.Жарылқасын  осы мектепке Сүгір Әліұлы атын бергізуге бел буады. Жарылқасынның бастамасы  жергілікті басшылар мен  облыс басшыларынан  қолдау таппайды.Жастайынан қиындыққа піскен, еті үйренген,  қайсар мінезді   ақын табандылық танытады. Ол  сол кездегі Премьер-Министр Иманғали Тасмағамбетовке жолығын  өзінің ұсынысын айтады.Иманғали қолдайды  — қолдаудың арқасында  мектепке  Сүгірдің аты беріледі.
Қойнауы тарихқа толы Қарт Қаратаудың  тарихын зерделеп . көптеген тарихи танымдық мақалалар жазады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында көптеген публицистикалық мақалалары «Ана тілі» газетінде үнемі жарияланып тұрды. Сондай өткір де өзекті жарияланымдары үшін 1996 жылы  Жарылқасын  «Ана тілінің саңлағы» деген атаққа ие болды. Жарылқасын тірнектеп  жиып жүріп танымдық тарихи шығармалар жазды, Қазақ хандары туралы зерттеулер жазды.Алтын орданы 15 жыл билеген Едігені  Созаққа әкелу мақсатында,қазақтың мақтанышына айналдыру мақсатында  «Едiгедей ұлың бар, ей, Оңтүстiк!» деген мақала жазды.  Қай уақытта болмасын жаңалықтың,жақсылықтың жаршысы бола білді.
Ақын-ұстаз, қаламгер-журналист осылайша зерттеуші-шежіреші ретінде де халықтың құрметіне бөленді. Жақаң – Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері».Екі жарым жыл   үйден шыға алмады. Жабысқан сырқат ақыры алып тынды. Ақын досым,жақын досым артың қайырлы болсын! Жатқан жерің жаннатта болғай! Арман-ай!..Қасымызда жоқсың. Елесің көз алдымызда.Алла Жарылқасынның алдынан жарылқасын! Артында қалған әулетін Тәңірім тек жақсылығымен жарылқай берсін! Жақа!….Дәл кешегідей бізбен біргесің.Жүрегіміздесің,аузымыздасың.
Пейіште нұрың шалқысын.  Қош,Жақа!

Шабден Омаралиев,

ҚР Мәдениет қайраткері

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...