Уақыт- ауыл шаруашылығын дамытатын кезең

 Иә, мың жерден қойнауы тола байтақ жеріміздің пайдалы қазбаларын шикізаттай шетелге сатып, пайдасын көріп отырған елміз дегенмен, еліміздің экомномикасын ілгерілету барысында аса маңызды салалардың бірі- ауыл шаруашылығы саласы. Міне, осы себептен де Мемлекетіміздің басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегінде жарияланған «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында дамыған агроөнеркісіптік кешенін құру мәселесін көтерген болатын. Жолдауда Президентіміз ауыл шаруашылығы саласының еліміздің негізгі ресурсы бола тұра, барлық мүмкіндіктері мен әлеуеті толық пайдаланылмай жатқанына тоқтаған еді. Сондай- ақ, Қасым- Жомарт Кемелұлы ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді игеруді қолға алу, шаруаларға өз өнімдерін сыртқа шығарып өткізу үшін барынша қолдау көрсету қажеттігін, бұл салаға шетелдерден инвесторлар тарту мәселелерін баса айтқан болатын.

 Міне, осы ретте біз де аудан әкімдігі, ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Мейірманов Қайырбек Сәрсенбекұлына жолығып, Президент өз Жолдауында айтқан ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған бағдарламаларды іске асыруға байланысты және 2020 жылдың 6 айында ауданымызда ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылған жұмыстары жайында сұрастырған едік. Себебі, бүгінгі таңда өндірісті аудан ретінде танылғанымызбен, өткенімізде де болашағымызда да ауыл және мал шаруашылықты аудан болып қала береріміз хақ. Өйткені, мұнай мен газ, алтын мен күміс және уранның бір күні болмаса да бір күні түгесілетіні айдан анық.

Сонымен, бұл салаға келгеніне көп болмаса да едәуір шаруалар атқарып жүрген бөлімнің білікті басшысының біздің сауалдарымызға берген жауаптары төмендегідей болды:

                      Алты айлықтың қысқаша қорытындысы

-Жалпы, ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2020 жылға белгіленген 3 жақты келісімдегі межелерді орындау мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Атап атар айтар болсам, 2020 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы саласы бойынша жалпы өнімнің көлемі 5 211, 9 млн теңгені құрады. Яғни, өткен жылдың бастапқы 6 айымен салыстырғанда өнімнің көлемі 22, 7 млн теңгеге артып, 100,4 пайызға орындалды. Нақты көлем индексі 100,3 пайызды құрайды. Сондай- ақ, биылғы жылға ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 300 млн теңге көлемінде инвестиция тарту межеленген болса, алдыңғы 6 айдың қорытындысы бойынша 139 млн теңгеге  инвестиция тартылып отыр.

-Мұнан әрі, Қайырбек Сәрсенбекұлы ауыл шаруашылығының әрбір саласына жеке- жеке тоқталып, атқарылған істерді рет- ретімен түсіндіріп өтті:

Уақыт- ауыл шаруашылығын дамытатын кезең 1

                                   Егін шаруашылығын дамыту

 -Ауданымыз бойынша биылғы, 2020 жылға бар- жоғы 13 100 га жерді игеру тапсырмасы берілген болса, сол 30 га алқапқа артығымен егіс егілді. Тарқатып айтар болсам, 346 га жерге бидай, 1018 га алқапқа арпа, 1226 гектарға мақсары, 901 га жерге жүгері, 500 гектарға картоп, 500 га егіс алқабына көкөніс, 500 га бақша өнімдері, 2511га алқапқа жаңа жоңышқа және 5570 га егіс алқабына ескі жоңышқа егілген.

-Ал, осы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға аудандық әкімдік тарапынан қандай қолдаулар болды?- деген сауалымызға жауап төмендегідей болды:

 Иә, көктемгі дала жұмыстарына дайындық жылдың басынан басталып, ақпан және наурыз айларына 130 тоннадан, ал, сәуір мен мамыр айларына 65 тоннадан барлық жиынтығы 390 тонна жанар- жағармай165 теңгелік жеңілдікпен бөлінген болатын. Дегенмен,Наурыз айына бөлінген 130 тонна жанар- жағармайдан 0,5 тонна, сәуір айына бөлінгеннен 50 тоннаға талондар таратылып, беруге жоспарланған майдың 50,5 тоннасы, яғни, 13 пайызы ғана алынды.

-Жоғарыда айтқанымыздай, Президент өз жолдауында тозған көне техникаларды кәдеге жарату, сондай- ақ, жаңа отандық техникаларды жеңілдікпен алу жайын да сөз еткен еді. Бұл жөнінде де Қайырбек Сәрсенбекұлына  сыр тартып көріп едік, жауап былайша өрбіді:

 Әрине, ауданымыздағы шаруа қожалықтардың көпшілігі сол баяғы тозған көне техникаларды жамап- жасқап әжеттеріне асырып келеді. Дегенмен, жыл сайын техникаларын мемлекет тарапынан берілетін субсидияларды пайдаланып, жаңартып жатқандары да баршылық. Нақтырақ айтар болсам, осы алты айлықта 25 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Оның ішінде 12 данасы су жаңа техникалар. Ал, енді нақты кімдер алғанына тоқталып өтейін. Шолаққорған ауылдық округінен «Атамекен» шаруа қожалығы 10 млн теңгеге «Lovol 904» маркалы трактор, «Қызылкөл» шаруа қожалығы 2 млн теңгеге «КДП 4» маркалы орағы және «ГПГ 4» маркалы тырмасын алды. Созақ ауылдық округінен «Жасур» шаруа қожалығы 11 млн теңгеге «Беларус 80.1» маркалы тракторын және «Тукан» маркалы шөп тайлағышын сатып алды. «Асқар» және «Эльдар» шаруа қожалықтары 7 млн теңгегеге «Беларус 80.1» маркалы тракторларын алды. Сондай- ақ, Жартытөбе ауылдық округінен «Аманжол. Ш» шаруа қожалығы 4 млн теңгеге «Тукан» маркалы шөп тайлағышын, ал, «Пернебай Ата» шаруа қожалығы 14.4 млн теңгеге «Беларус 952.2» маркалы тракторы мен «КДТ- 260» маркалы орағын және «Н90V10» маркалы тырма. Құмкент ауылдық округінен «Азия» шаруа қожалығы 4 млн теңгеге «Тукан» маркалы шөп тайлағышын субсидиялық жолмен алды.

 Сонымен қатар, бүгінгі таңда Мемлекеттен бөлінетін 25 пайыз техниканың құнының инвестсубсидиясы үш шаруа қожалығының есеп шоттарына түсті, қалған шаруа қожалықтар Қолдау. Кз сайты арқылы құжаттарын өткізуде.

-Жә, ауыл шаруашылығы саласында 6 айдың ішінде атқарылған жұмыстар барын байқадық. Ендігі жерде, ауыл шаруашылығы мен қатар маңызды сала мал шаруашылығына қатысты ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы не дер екен, назар аударып көрейік!

Уақыт- ауыл шаруашылығын дамытатын кезең 2

                                 Мал шаруашылығын дамыту

 -Дұрыс. Ауданымыз үшін мал шаруашылығының орыны да ерекше. Бұл тұрғыдан алғанда ауданымызда жыл басынан бері кәдімгідей ілгерілеушілік байқалады. Олай дейтінім, ауданымыздың кәсіпкер азаматтары жаппай жайылымдық, шабындық жерлер алып, төрт түлік малдың басын көбейтіп жатыр. Сөзім дәйекті болуы үшін мына төмендегі деректерді ұсынамын:

 Биылғы, 2020 жылдың алғашқы 6 айлығында ауданымыздағы барлық санатта 36 956 бас мүйізді ірі қара; 300 794 бас қой- ешкі; 18 814 бас жылқы; 12 526 бас түйе; 25 182 бас құс өсірілуде. Егер, 2019 жылдың алғашқы 6 айлығымен салыстыратын болсақ, мүйізді ірі қара 101,7 пайызға (36 324 бас); қой- ешкі 92,5 пайызға (325 022 бас); жылқы малы 112,5 пайызға (16 723 бас); түйе 100,6 пайызға (12 450 бас); құстар 102, 5 пайызға (24575 бас) артқан.

 Сондай- ақ, 202 жылдың 6 айында 5 813 тн ет (сойыс салмақта), 7 903,5 тн сүт; 1 523,9 мың дана жұмыртқа өндірілді. Мұнда да 2019 жылдың алғашқы 6 айлығымен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 100 пайызға, сүт өнімдерін өндіру 100, 8 пайызға, ал, жұмыртқа өндіру 104 пайызға артығымен орындалды.

-Мал өсіріп, ауданымызды ет, сүт, маймен қамтамасыз етіп отырған шаруаларымыз үшін қандай мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған? Сондай- ақ, олар қандай субсидияларды пайдалана алады?- деген сауалдарымызға алған жауабымыз мынадай болды:

 -Бұл бағытта да атқарылған біршама жұмыстар бар. Атап айтар болсам, осы 6 айлықта «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мүйізді ірі қара аналығын тұқымдық түрлендіруге тарту мақсатында Қарақұр ауыл округі 3 бас;  Созақ ауылдық округі 6 бас; Құмкент ауыл әкімдігі 11 бас; Сызған ауылдық округі 17 бас; Тасты ауыл әкімшілігі 10 бас; Жартытөбе ауыл әкімдігі 3 бас; Қыземшек кенті 2 бас, барлығы 52 бас асыл тұқымды бұқалар сатып әкелініп, 2615 бас мүйізді ірі қара аналығы тұқымдық түрлендіруге тартылды.

 Оның ішінде, Созақ ауылдық округінен «Түгіскен» шаруа қожалығы (төрағасы Е. Өміртаев) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несие рәсімдеп, Ресей Федерациясының Алтай өңірінен 24 бас «Ақбас» асыл тұқымды мүйізді ірі қара аналығын сатып әкелді. Ал, Қарақұр ауылдық округінен жеке кәсіпкер Омарбек Жасұлан Қазнабекұлы өз қаржысына РФ- ның Алтай өңірінен 100 бас «Қалмық» асыл тұқымды мүйізді ірі қара аналығын сатып әкелді.

 Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2020 жылы 1660 бас түйе аналығын сатып алу межесі белгіленіп, 6 айдың қорытындысымен 1550 бас түйе аналығы сатып алынды. Оның ішінде, 1000 бас түйеге несие алу арқылы қол жеткізілсе, 550 бас түйе азаматтардың өз қаражаты есебінен алынған.

 Тағы да, Шолаққорған ауыл округінің агроқұрылымдары 30 тн «Golden Camel Group» ЖШС-не, 60 тоннасы  «Казфут» ЖШС-не, Қарақұр ауыл округінің агроқұрылымдары 53 тн, Созақ ауыл округінің агроқұрылымдарын 113 тн «Казфут» ЖШС-не,барлығы 256 тонна түйе сүті қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілді.

 Сондай- ақ, Созақ ауданы ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып және халықты жұмыспен қамту мақсатында іске асырылатын құны 315 млн теңгені құрайтын 5 жоба облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынылды.

 Олар:«Атамекен» шаруа қожалығы (төрағасы Ж.Есенбекұлы) импорттан, яғни, сол Алтай өңірінен 120 бас «Қалмық» асыл тұқымды мүйізді ірі қара аналығын сатып әкелді.

 Ал, жеке кәсіпкер «МКМ Ұлас» төрағасы О.Тұрмаханов «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несиелендіру жолымен  қаржы алып,импорттан 112 бас мүйізді ірі қара малын сатып әкеледі деп күтіліп отыр. Себебі, әлемде орын алған төтенше жағдайлар қол байлау боп тұр.

 Сонымен қатар, «Ғажап» шаруа қожалығы төрағасы С.Дәуленбаев әлгі қаржылай қолдау қоры арқылы несие рәсімдеп, 76 бас жылқы сатып алған.

 Тағы да, жеке кәсіпкер Үсенов Мақсат өз қаржысы есебінен  50 бас аналық түйе сатып алып, көбейтуде.

Уақыт- ауыл шаруашылығын дамытатын кезең 3

 Сондай- ақ, «IGI QADAM» шаруа қожалығы төрағасы Н.Өксікбаев 1000 бас аналық түйені сатып алу үшін бүгінгі таңға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы несие қаржы алуға құжаттарын рәсімделіп, оң қорытынды алған.

 -Президентіміз өз жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту барысында жер ресурстарын пайдаланудың да тиімділігін арттыру жөнінде сөз етті. Осы тұрғыдан алғанда ауданымызда нендей шаралар атқарылуда?- деген кезекті сауалымызға Қайырбек Сәрсенбекұлы былайша жауап қайырды:

 -Иә, бұл бағытта да біршама жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Ауыл шаруашылығы Министрлігінің «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркісіптік кешені субьектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес 2020 жылы ауданымыз бойынша 6 айда жалпы саны 16 құдық қазылып, бас- аяғы 20 күн сәулесі батареялары орнатылды. Нақтырақ айтсам:

 Шолаққорған ауыл әкімшілігі территориясынан 14 құдық қазылып, 17 күн сәулесі батареясы орнатылды; Созақ ауылдық округі бойынша 2 құдық қазылып, 3 батарея орнатылды; Құмкент ауылы әкімшілігінен 8 батареяорнатылды; Жуантөбе ауылдық округі бойынша 4 батареяорнатылды; Тасты әкімшілігі бойынша 2 батареяорнатылды; Шу ауылдық округінен 1 батареяорнатылды; Қаратау ауылы әкімдігі бойынша 2 батарея орнатылды; Қарақұр ауылдық округінен 4 батарея орнатылды; Жартытөбе ауылы әкімшілігі бойынша 1 батарея орнатылды, пайдалануға берілді.

 (Барлығы: 16 құдық (51,5 млн теңгеге) қазылып, 20 күн сәулесі батареясы (114 млн теңгеге) орнатылып, аудан шаруалыры Мемлекеттің инвестициялық салымдары туралы бұйрықтың шарапатын көруде..

 Сондай-ақ, Созақ ауыл округіндегі «Суындық» каналын күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 143 млн теңге қаржы бөлініп, ауыстырылуға қажетті 2000 лотоктың 196 лотогы ауыстырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 Иә, бүкіл әлемді жайлаған «Тәжіндет» пен қаржы дағдарысы біздің елімізді де айналып өтпеді. Өндіріс орындарының дені көпшілігі тоқтап, бұқара халық мұның зардабын моральдық тұрғыдан да материалдық тұрғыдан да тартуда. Міне, осындай қиын- қыстау уақытта ауыл және мал шаруашылығымен айналысушы кәсіпкерлерімізге шаруасын дөңгелету оңай болмай тұр. Дегенмен, мойып- сынып қалып жатқан шаруаларымыз жоқ, керісінше, тік тұрып бағуда. Мұны да сол аудан әкімдігі, ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Мейірманов Қайырбекпен әңгіме үстінде аңғардым. Олай дейтінім, осы салада қызмет істеп, нәпақасын ажыратып жүрген біршама кәсіпкер жерлестеріміз ел басына күн туып, ауыздықпен су кешкен мына алмағайып уақытта бейтарап қалмай аудан көлеміндегі ауруханаларға барып, дәрігерлер мен науқастардың хал- жағдайынан хабардар болып тұруда. Тіпті, қазақтың дархандығына салып, ет- сүтін, қымыз- қымыранын да апарып, дәрігерлер мен емделушілерге үлестіруде. Әрине, бұған мұрындық болып отырғансол Қайырбек Сәрсенбекұлы басшылық жасайтын бөлім қызметкерлері. Ақыры сөз болған соң айта кеткен жөн. Мейірманов Қайырбек аудандық «Созақ үні» газетін пайдаланып, жоғарыда сөз болған атымтай- жомарт кәсіпкерлерге алғысын жеткізуімізді сұранған еді. Сол, жүрекжарды алғыс хатын өңдеместен, саз қалпында жариялауды жөн көріп отырмын. Себебі, шын жүректен шыққан лебіз ғана жүректерге жетіп барады. Сондай- ақ, басқа кәсіпкер азаматтарымызға да үлгі болсын. Мархабат!

                                         АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!!!

 Қазіргі таңда елімізде төніп тұрған пневмониямен ауыратын науқастарды емдеу шаралары қарқынды жүргізілуде. Бұл орайда әрбір ауруханаларда сол науқастармен күресіп жатқан дәрігерлер мен мейірбикелерге алғысымыз шексіз. Олардың күн демей, түн демей сол науқастарды қалай да емдеп шығарамын деген еңбектері ұшан теңіз. «Ел басына күн туса ерге сын» демекші, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен ауылдық округтері мен кенттері әкімдерінің ұйымдастыруымен ауданымыздың жанашыр азаматтары да осындай уақытта бей-жай шетте қарап тұра алмады. Осы нәубетпен күресу  үшін ең алдымен науқасқа ішіп-жем тамағы дұрыс болса, әлбетте ауырудан айығып кетері сөзсіз. Осы мақсатта ауруханалар мен емханаларға өздерінің қалауымен етпен қамтамасыз етіп жатқан шаруа азаматтарымыз да жоқ емес. Атап айтар болсақ: Жуантөбе ауылдық округінен «Санжар» шаруа қожалығының төрағасы Сейітқазы Төлеген, Созақ ауылдық округінен «Ұзынаққан» шаруа қожалығының төрағасы Егенов Әкім, «Ыдырыс» шаруа қожалығының төрағасы Идирисов Ахмет, Сызған ауылдық округінен «Аман» шаруа қожалығының төрағасы Айтжанов Спандияр, Таукент кентінен «Қазатомпром-SAURAN» ЖШС-нің бас директоры (Оспан Марат), Құмкент ауылдық округінен «Қызылқанат» шаруа қожалығының төрағасы Бижанов Ұлан, «Қайыржан» шаруа қожалығының төрағасы Атабеков Жаңабек және т.б. демеушілік білдіріп, өз көмектерін көрсетіп жатқан азаматтарымызға айтар алғысымыз шексіз. Әрбіріңіздің отбастарыңызда берекелі, еңбектеріңізде жемісті болуларыңызды Алла нәсіп етсін!

 Сөз соңында. Естеріңізде болса, мынау қиыр шығыстағы Жапон елінде осыдан бірер жыл бұрын атом электр стансасы жарылып, мемлекетке де халқына да моральдық және материалдық тұрғыдан үлкен зауал келген болатын. Сонда, шежірелерін самурайлардан тарқататын бұл жапондар тайлы- тұяғына дейін бір болды. Мемлекеті халқымен, халқы да мемлекетіменбірге, біртұтас болды. Нәтижесінде, едәуір деңгейде болған зауалдың орынын толтырып, аяққа тік тұрды. Қазіргі таңда дамыған 30 елдің көшін бастап тұр. Бұған себеп, рухтарының биіктігі екені хақ. Айтпағым, еліміздің басына мынадай зобалаң туып тұрғанда бізге де бөлінуден гөрі, бір болмақ жарасады. Ел болып, мемлекет болып ұйыссақ бұл індеттен де құтылып, қаржы дағдарысын еңсереріміз анық. Тек, барлық мемлекеттік мекемелердегі халықтың қызметкерлері мен кәсіпкер азаматтарымыз бүгінгі мақаламыздың кейіпкерлері, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері мен олар жұмыстарын үйлестіріп отырған шаруа қожалықтарының иелері секілді бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарса болғаны. Әрине, бұл тұрғыда бөлім басшысы Қайырбек Сәрсенбекұлының еңбегі зор. Ендеше, кейіпкерімізге және оның қол астындағы мамандарына және ауданымыздағы барша шаруаларға еңбектеріңіз жемісті болсын, Алла отбасыларыңызға береке берсін, халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын айтамыз!

Данияр Бек

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...