Теріскейде қолтаңбасын қалдырған

Ең алдымен Түркістан облысының қоғамдық -саяси тарихының мемлекеттік архиві қызметкерлеріне шексіз ризашылығымызды білдіргім келеді. Облысымызда еңбек етіп, бүгінде есімдері естен шыға бастаған азаматтар мен ел ардықтылары туралы біздің жіберген өтініштеріміз бен сұраныстарымызға оң назарларын аударып келеді. Өткен жылы қаншама азаматтарды елге танытып, әруақтардың есімдерін елдің жадына түсірдік. Біздің бала кезімізде «Осы совхозды Ахинов деген директор басқарған. Өте шыншыл, әділ, еңбекқор азамат еді» деп үлкендер бас қосқан жерлерінде  жиі айтушы еді. Сол кісі туралы ақпаратты әлеуметтік желі беттерінен көріп қолыма қалам алдым. Жақсылардың жүрген жері алтын сандық» демекші жүрген, қызмет еткен жерлерінде тек абырой биігінен көрінген азаматтың есімі Теріскей халқы үшін ең ардақты есім болып саналады.  Сол уақытта өзінің бас пайдасынан қоғамның басты мәселелерін көп ойлаған азаматтар Әлтеков Әбдіқадыр, Ерімбетов Жұмаділда, Әбдіраманов Балтабай, Құрманбеков Мейрамбек, Есенқұлов Айтбек, Ысқақов Ахмет, Ахинов Әбдеш сияқты бір туар тұлғалардың өнегелі істері бүгінгі қоғамда қызмет етіп жүрген бөзөкпе жастар үшін ғаламат ғибрат, өшпес өнеге мектебі болар еді. Осы есімдері аталған азаматтар ең бірінші кезекте шопандар мен жұмысшылардың жағдайын ойлайтын. «Өнім өндірушілер, қара жұмыскерлердің қарны тоқ болса, киімдері бүтін болса, көңілдері жарқын болса мемлекеттің де жағдайы жақсы, халқымыз тоқ болады!» деген өлмес қағиданы айтып, айтып қана қоймай солай ісімен көрсетіп кеткен азаматтар осы жандар болатын. Біз әңгімемізге арқау етіп отырған Ахинов ӘбдешСозақ ауданы құрылған 1928 жылы 20 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызыл-құм ауданы, Шардара қыстағында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.  Әкесі Қоспалов Ахин  1868 жылы туылған.
Әбдеш 1935-1944 жыл Қызыл құм ауданында, Ленин атындағы орта мектепті бітіреді. Содан Ахинов Абдеш еңбек жолын 1944 жылы не бәрі 16 жасында.
Қызылқұм каракөл малшаруашылық совхозында мал дәрігері болып бастайды.
Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауылшаруашылық техникаларында жіберіп отырды. Соғыстан кейінгі бірінші жыл ауылшаруашылығы үшін аса қиын болды.  Совхоз, колхоздардың жағдайлары жоқ, ауыл тозған, жұмысшы күшінің жетіспеушілігі елді қатты шаршатты. Осындай ауыр кезеңде жасынан еңбек етіп, пісіп, шыныққан Ахинов Әбдеш мал шаруашылығын ары қарай дамытуға үлес қосу үшін 1946 жылы Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтына түсіп, 1951 жылы толық бітіріп шығады.
Талай жыл талмай-қажымай еңбек етіп келе жатқан Ахинов Әбдешті  өз тұғырынан түспей, әлі де біраз белесті бағындыратынына сеніп жас маманды жаңа  қызметке  ұсыну үшін Совхоз министрі КСР М.Г. Рогинец мырзаға,  Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы  И.Ю.Юсупов жолдасқа, Облыстық совхоз әкімшілігінің басшысы А.Тучин мырза ұсыныс хат жіберіп, 1955 жылы 17 қарашада Созақ ауданы, Жуантөбе қаракөл мал шаруашылығы совхозына  бас малдәрігерлік қызметке тағайындайды.
Ахинов Әбдеш совхоз директоры болып жұмыс істеген уақытында,
Жуантөбе совхозы жыл сайын өзінің экономикалық көрсеткіштерін арттыруға, сонымен қатар, ауданның озық совхозы болып табылуына бар күш-жігерін жұмсайды.
Жыл сайын ауыл шаруашылық жұмысшыларына көпшілік-мәдени жағдайлар жасау, құдықтарды жабу және Мойынкұм құмдарын игеру, әр ферма үшін орталық құру, мал шаруашылығы ғимараттары мен жасанды ұрықтандыру пункттерін салу үшін тұрғын үй және басқа объектілердің құрылысы сияқты әлеуметтік саладан бастап шаруашылыққа қажетті жоспарларды асыра орындайды.
Ахинов Әбдеш өз бастамасымен совхозда өзін-өзі қаржыландыру жүйесін енгізді, ол технологияны дұрыс қолдану, еңбек өнімділігін арттыру және жұмыс құнын төмендету үшін оң нәтижелер берді.
Ахинов Әбдеш бастамашыл, белсенді  және өз шаруашылығында ғылымның жетістіктері мен озық тәжірибелерін енгізуді жүйелі түрде қоя білген, қызметкерлер арасында құрмет пен беделге ие, өзіне және қол астындағыларға талап қоя білетін басшы ретінде облыстан асып, республикаға есімі жаңғыра бастайды.
Ахинов Әбдеш совхозды басқарғанда жайылымдық аумағын дамытуда, қара көл қойларының қорын көбейтуде және «СКЗ» препаратын пайдалану арқылы мал басын көбейту, ауыл шаруашылық өнімдерінің өнімділігін күрт арттырады.
1958 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен мал шаруашылығын дамыту мен өнімді мемлекетке жеткізудің жоғары қарқыны үшін Әбдеш отыз жасында «Қызыл ту» орденімен марапатталды.
1959 жылғы Республикалық Социалистік жарыстың нәтижелері бойынша Жуантөбе  совхозы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен Кәсіподақтар Орталық Комитетінің Қызыл туы мен 15 мың сыйлық иеленіп, абырой биігінен көрінеді.
1960 жылы Жуантөбе совхозы негізгі көрсеткіштер бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізеді

Созақ КПК аудандық комитеті жұмыс тәжірибесін ескеріп, жолдас Ахиновты сол уақыттағы аудан бойынша шаруашылығы кенжелеп қалған Энгельс атындағы совхоздың директорлық қызметіне ауыстырады.

Соғыстың қысыл таяң кезеңінде, колхоз бен совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп, түн ортасында қайтқан ерлігін, «Өзім жемесем жемейін, өзім ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін!», «Бәрі де Майдан үшін, Жеңіс үшін болсын!» — деген игі ниетті асыл біздің тілмен айтқанда Созақты түрлендірген, гүлдендірген дала батырларының есімдері ел есінен шықпауы керек. Олардың ерен еңбектерін кейінгі жастарға үлгі-өнеге ете білу бүгінгі тірілердің басты парызы болар еді.

Мақсат Қарғабай

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...