Таутарының тарландары (әңгіме)

  Көктемгі төл қораға екі шопан ауылы қатар келіп қонды. Қыстан қысылмай шыққан отар, көгі қалың шыққан беткейге бытырай жайылып жатыр. Жыл сайын екі шопан да төл алудан кеңшарда бірінші, екінші орыннан түскен емес. Бірі-Жайдарбек те, екіншісі-Айдарбек. Жайдарбек он бес жылын мал шаруашылығына арнап келеді. Ал, Айдарбектің өз алдына шопан болғанына алты-жеті жылдың жүзі болды. Әуелі осы Жайдарбекке көмекші шопан болған. Жайдарбектен шопандық кәсіптің қыры мен сырын әбден үйренді. Тәжірибе жинақтай келе өз алдына жеке отар алып шықты. Жайдарбек орта бойлы, сары жігіт. Кішкентайынан әкесінен жетім қалып, екі інісі мен анасын асырау үшін мал бағып күнелткен. Өзі өте зерек. Газет-журналдарды көп оқиды. Әңгімешіл. Сөзін ширатып әдемі жеткізеді. Он сегіз жасында жары Палайыммен көңіл жарастырып, шаңырақ көтерген. Аласа бойлы, әдемі қара қыз оның жүрегін жаулап алады. Ауылдағы клубта кинодан кейін ескі газик машинаға мінгізіп, қой ауылға алып қашып келген. Бір-екі көз жасын сығып алып Палайым Жайдарбектің шаңырағында қалып қойған. Қазір бұларда 1 қыз бір бала бар. Қызын Полина, ұлын Арсенбек деп атаған. Келіншегі қолы ашық, меймандос болып шықты.Қыс қыстауда, жаз жайлауда қонақ күтуден жалыққан емес. Жайдарбек те кеңшардың маңдай алды шопан болған соң. Жарыста артта қалған емес. Оның үстіне коммунист. Партком хатшысы жиын болса  Жайдарбекті алдымен алып кетеді. Жиналыста сөз берілсе бұл өте жатық сөйлейді. Талай мәрте облыстық жиналыстарға қатысып қайтты.

 Биылғы жылы өздерінің төл қорына жылдағы дәстүр бойынша қайтып айналып қонды. Бұл өңірдің шөбі шүйгін болып келеді. Екі таудың арасын жарып, Үшбас өзені ағып жатыр. Шаруаға өте қолайлы жер. Сарқырап су ағады. Етекте су жағалай жылқылар жайылып жүр.

 Екі шопан беткейге қойларын бытырай жайып барып, қойларын екі қапталға тастады дағы үлкен төбенің басында аттарынан түсіп, кішкентай ер үстіндегі  көрпешелерін төсеп,көкмайсаның үстіне отыра кетті.

 Жайдарбек:-Айдарбек биыл нәсіп етсе екі отар да төлді төккелі тұр. Қарашы саулықтар қарындарымен жер сызып барады. Білесің  бе, күзгі жиында екеуіміз де жоғары көрсеткішке қол жеткіземіз деп уәде бергеніміз. Алла қаласа межеден көрінеміз-ау деген сенім бар,-деп қойды. Айдарбек те:

 -Аға, солай болса, нұр үстіне нұр болар еді,-деді. Сөйткенше болған жоқ екі отар қой әрмен қарай көк қуалап, белден аса берді. Екеуі дереу атына қонып, малдың соңынан кетті.

 Көктемнің күні ұзақ. Түскі асқа екеуі де мал суаруға барғанда бірге түседі. Екеуінің келіншегі малды қарай тұрады да бұлар тамақтанады. Бұлар көшіп келгеннің ертеңіне автолавка мен кассир келді. Дүкеннен оны-пұны алып мәре-сәре болып қалды. Мектептегі балалары көктемгі каникульға келіп қалған-ды. Олар да тәтті-құтты алып, мәз-мейрам. Автолавка келсе балаларға қуанып қалады. Дүкенші Абат қолына кілтін алып, көлігінен жәймен түседі. Керіліп-созылып амандасады. Сосын дүкен есегін жәймен ашады. Сол кезде көліктің аяқ салғышына аяқтарын салып шопан әйелдері жоғары көтеріледі. Алда сөре тұрады. Соған қолын қойып тұрып дүкеншіге ана киім кешегіңді бер,мына киім кешегіңді бер деп, шетінен атай береді, оны шопан балалары төменде тұрып қағып ала береді. Сосын үйге қарай жүгіріп тасу басталады.Үйге қарай жібере береді, жібере береді. Азық-түліктің бәрін қабымен алады. Біткеннен кейін дүкенші пәлен болды дейді. Шопан әйелі ақшаны санап беріп жатады. Әлгі киім-кешектің де, азық-түліктің де бағасын сұрамайды. Есептеу деген жоқ. Дүкеншінің айтқанын береді.

 Сол көшпелі дүкеннен азық-түліктерін жеткілікті етіп алып қалған, екі шопан да жаңа қонысқа келген соң қыстай байлаған ісектерін сойып алды. Іргелес  отырған малшыларды ерулікке шақырды. Бұл дәстүрге айналған. Құмда да, тауда да осылай бірін-бірі қонаққа шақырысады.

 Әрбір шопанда бір-бір движоктан. Кешке қас қарая оны іске қосады.Теледидар да бар. Бір мезгіл күндізгі шаруадан шаршағанда теледидар қарайды. Транзисорлар қазақ радиосынан «Шалқар» бағдарламасынан күндіз-түні сөйлейді. Шопандарға газет-журналда уақтылы жеткізіледі.

 Сонымен төл алу науқаны басталып кетті.  Жайдарбектің де Айдарбектіңде отары қойлары егіздерін төкті. Айдарбек әр жүз саулыққа 160 -тан қозы беріп,кеңшардың алдыңғы қатарлы шопаны атанды.Тілшілердің бәрі Таутарыға ат басын жиі бұратын болды. Теледидарға түсіру, газетке мақтап жазылу басталды. Ауыл тілшісі Ердеш Кенжебаев  Жайдарбекті «Правда» газетіне шығарды. Бұл ауылға басшының бәрі келді. Облыстан, ауданнан басшылар қаптады. Жайдаректің даңқы аспандады. Әйелі Палайымның да, қазан асудан қоы босамай қалды. Бірін қазір шығарып салса екіншісі есік қағып, келіп тұрды.

 Автоклубта осында. Күйші Файзолла Жайдарбек пен Айдарбектің үйінде болып мәдени қызмет көрсетті. Кино, концерт қояды. Күйші күй тартады. Мереке-думанның бәрі осында.

Жайдарбек те төлді мол берді. Әрбір саулықтың жүз қырықтан қозы өргізді.

 Айдарбектің әйелі қатқан қара келіншек. Өте ширақ. Қой ауылға ұқсамайды. Үйінің айналасы мұнтаздай тап-таза. Үйінен шәй ішкендер жадырап қайтады. Үйінде мұнтаздай таза ұстайды. Палайым да осал емес өте пысық. Шашау шығармайды. Балаларының үсті мұнтаздай таза болып жүреді. Ал, Жайдарбек те таза жан. Қораның маңы тап-таза қалпында тұрады. Көңді аулаққа шығарып тастайды. Үйінің маңында күл-қоқыс та болмайды.

 Басшылар жоғарыдан, қаладан келсе Айдарбек пен Жайдарбектің үйіне түседі.  Ұжым басшылары тазалықты сақтаған жеңгейлердің қолынан дәм татсын дейді.

 Міне, қос шопан отырған ауылға қонақтар келіп түсті.  Төлдің қорытындысы бойынша екі шопан да озат шопан атанды. Айдарбек облыстық жиналысқа қатысып, қомақты жүлде алып қайтты. Жазды Көкбұлақта озат шопандар слетінде Айдарбектің есімі бірінші болып аталды. Озат шопан деген лентаны иығына ілді. Құрмет көрсетті. Бәйгеге көк түсті су жаңа «Москвич» автокөлігін сыйға алды. Жайдарбек те озаттар қатарынан көрініп, «Урал» мотоциклін ұтып алды. Бүгін екеуі сол шопандардың слетінен көңілдері көтеріліп келді. Ауыл маңындағы биік белеске шығып екеуара ұзақ сұқбат құрды. Адал еңбегімен ел құрметіне бөленген қос шопанның мерейлері үстем. Ауылдастары оларды өте жоғары құрметтеп жатыр. Әрине, қыстың қытымыр аязында, жаздың аптапты ыстығында оларға бел шешпей еңбек етуге тура келді. Биіктерден көрінуілерінің басты себебі: тынымсыз еңбек.Өздері жұмыс жасай жүріп, мол тәжірибе жинақтады, жас шопандарды баулыды.Мектеп бітіре салысымен оқуға түсу ол кезде некен-саяқ болатын. Оқуға түсе алмай келген үміткерлер шопандарға көмекші болып жұмысқа кіретін. Бір-екі жыл еңбек етіп, мал бағып барып оқуға түсетін. Жазғы салым қос шопан көсегенің көк жонына қарай қоныс аударды. Жері шұрайлы керемет жайлау. Шопандар үйі қатар келіп қонды. Екеуі де бір құдықтан су ішеді. Бұлардың қатарына шөпшілер ауылы да келді. Шөбі шүйгін әрі құнарлы өңірде малдары тез семірді. Дәл іргесінде аудан орталығынан Шымкентке қатынайтын күре жол бар. Ауылға, ауданға, облысқа барыс-келіс оңай болды. Қос шопанның балалары мектептегі оқудан босап, қой ауылға тартты. Бұлардың қолы ұзарып қалды. Балаларымыз түске дейін ұйықтасын деп, оларды оятпай, түстен кейін мал бағуға жіберетін. Айдарбекттің Нұрлан деген ұлы бар. Өзге балаларына қарағанда ол ерекшелеу. Кіп-кішкентай болса да жалғыз өзі атқа мініп алып, бір отар қойды үйіріп бағып кететін. Жаз шықса шопандардың қолтығы  жазылып қалады. Бір –бірлерін қонаққа шақырысып, арқа бастары кеңиді.

 Күзге қарай балалар сабаққа кетеді де, Айдарбек пен Жайдарбек малды өздері бағып қалады. Қойларын күзге дейін семіртіп, күйекке малдарын қоңды түсірді. Күзгі жайылым Мырзабай даласы деп аталады. Қойлары қолдан ұрықтандырылып, қоңыр күзге дейін ол шаруа жалғасады. «Таутарының тарландары» деп дәріптейтін қос шопан қыс маусымына да қойларын қоңды түсіреді. Қысқы қыстауға қос шопан «Бесмола» деп аталатын жерге келіп қонды. Қойлары қоңды , жандары жадыраңқы, қысқы соғымға деп екеуі бір-бірден түйені жығып алған. Қыстық соғымға көрші шопандарды ерулікке шақырып мәре-сәре болысты.Бұларды да олар қонаққа шақырысты. Біреуінде күрең қасқа, екіншісінде торы жорға желдіртіп, екеуі биік жалға көңілді көтерілді. Көрші шопан Лесбайдың үйіне барды. Ол  барлық көрші шопандарды меймандыққа шақырыпты. Осы жердегі басқосуда Таутарының қос тарланы жайлы жылы пікірлер айтылды. Түнгіжұлдыздары жарқыраған айлы аспан астында қос атты желдіртіп, қос шопандар ауылдарын бетке алды.

Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...