Төбет-төл итің, тазы-таза қанды қазынаң

 «Бөлтірік», «Көксерек», «Күшік аласың ба?» деген қазақ филімдерін кеше ғана көріп өскен едік. Жалпы жеті қазынаның бірі саналатын итке адам баласы, оның ішінде біздің халықтың жаны жақын. Содан болар ит жүгіртіп, аң аулау, түнемелеп мал жаю, айлап саятшылық құру ежелден келе жатқан қанымызға сіңген дәстүріміз.

 «Егемен Қазақстан» газетінің биылғы жылдың 22 қыркүйек күнгі санында Бекен Қайратұлының «Қазақы иттерді ұлттық спортқа иекмдеу қажет» атты шағын маұаласы көзіме түсті. Онда Мәдениет және спорт министрлігі қазақы тазы мен төбеттің тұқымын сақтап, олардың саны мен сапасын арттыра отырып, болашақта бұларды ұлттық спорт бағытына қарай икемдеу мақсатында, осы салаға қатысты қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, жыл соңына дейін кешенді жұмыс жүргізуді қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 Елімізде қазіргі таңда «Тазы-төбет-бөрібасар» қоғамдық ұйымының ресми емес деректеріне сүйенсек, 40 мыңнан астам тазы мен төбет бар екен. Негізгі жұмыс осы құрылымды аккредитациялау мәселесі. Бұл шара толық іске асқан жағдайда Федерация заңды түрде атқарушы органдармен бірлесе жұмысты жасап, спорт мектептерінде секциялар ашуға, жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыруға, ішкі чемпионат немесе басқа да халықаралық турнирлерді өткізуге мүмкіндік алады екен.

 Жоғарыдағы мәселе бойынша өткен аптада мемлекеттік құрылымдар және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен онлайн жиналыс ұйымдастырылып, бас қосуға қатысқан тараптар алдағы жұмыстар туралы ой бөлісті. Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы міндетін атқарушы Серік Жарасбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда қазақтың тазысы мен төбетін сақтап, олардың санын арттыру өте маңызды көрінеді.

 «Ұлттық спорт жанашырлары өңірлерде тазы мен төбет ұстайды. Алайда, басты проблема бүгінгі жағдайға сай келетін ресми деректердің жоқтығы. Біздің ведомство аталған мәселе бойынша жұмысты бастап кетті. Арнайы ұйым Федерацияны аккредиттеу бойынша құжаттарды жинап, итбегілік өнерді спорт түрі ретінде мойындату жолында жұмыс жүріп жатыр» деді Серік Маратұлы.

 Сондай-ақ жануарларға қатысты жауапкершілікті күшейтетін заң жобасы да жасалып жатқан көрінеді. Осы құжат негізінде мемлекет жануарларға қатысты заңдық шараны жетілдіріп, сонымен қатар дала жануарларын да қорғаудың тың тетіктерін күшейтпек көрінеді.

 Осы орай Созақ ауданында барған жерінен бәйге алып қайтатын арлан төбеттердің де бар екенін ел біледі ме екен! Деген ой келеді. Орташа 60 келі салмақта Азия чемпионатында қола жүлде иеленген «Тайсон» атты төбетіміз шорлаққорғандық Мансариев Нүркеннің баптауындағы палуан төбет. Орта азиячемпионатының ұйымдастырған «Алаш орда» кубогына Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттері бастап Азия елдерінен 25 арлан иттер қатысқан еді. Ит мен мысығына ветаптекадан дәрі сұраудан, арнайы дүкеннен ас-ауқатын сұраудан қымсынатын қазекең, енді ит асырап чемпион етуді қолға ала бастады.

Мақсат Қарғабай

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news