Сайын даладағы табысты кәсіпорын

           «АППАҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне- 15 жыл

Уранды жерасты шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру қазіргі уақытта технологиялық операциялар мен экологияны оңайлату тұрғысынан уран өндірудің неғұрлым перспективалық әдісі болып табылады. Бұл тұрғыдан қазақстандық кәсіпорындар Түркістан облысы аумағында уранды күкірт қышқылдық шайып сілтісіздендіруді қолданудың айрықша тәжірибесіне ие. Уранның өнеркәсіптік өндірісіне шыққан алғашқы бірлескен Қазақстан – жапон кәсіпорны осындай ұйымдардың бірі болып табылады.

Осы жылы «АППАҚ» ЖШС өзінің 15 жылдығын мерекелеп өтті және өткен жылдарға көз сала отырып, біз ұйымымыз, сондай-ақ өткерген жолымыз, кейде соқпақтарға толы болған кезеңдеріміз туралы айтып бермекпіз.

Әдетте уранды өндіру оның табиғи орналасу орындарындағы жер қойнауынан жүргізіледі, іс жүзінде кеннің құнарсыздануына жол берілмейді. Бүкіл өндіру процесі тұйық циклде өтетіндіктен – металдағы жоғалымдар іс жүзінде орын алмайды, бұл ретте жүргізілген жұмыстардың тиімділігі металды жер қойнауынан алудың жоспарлы және нақты коэффициентімен айқындалады. Өнімді ерітінділер сорғыштармен бетке көтеріледі. Одан әрі уран құрайтын ерітінділер құбырлар жүйесі бойынша өнімді ерітінділерді өңдеу цехына түседі және уранның шала тотығы-тотығы түрінде шығарылады.

«АППАҚ» ЖШС жолының негізгі белестері:

23 қаңтар 2006 жыл

Астана қаласында «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ мен екі жапон корпорациясы – Сумитомо Корпорэйшн және Кансай Электрик Пауэр Ко., Инк. Стратегиялық әріптестік туралы келісімге және «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ, Sumitomo Corporation және Kansai Electric Power арасындағы АҚ«АППАҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметі туралы құрылтай шартына қол қойды, бұл кезең компаниялар арасындағы стратегиялық әріптестік бағдарламасын іске асырудың бірінші бөлігі болып табылады.

6 шілде 2006 жыл

«Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ, Sumitomo Corporation және Kansai Electric Power қатысу үлестері жаңадан бөлініп, «АППАҚ» ЖШС қайта тіркелді.

15 шілде 2006 жыл

«АППАҚ» ЖШС кенішінде құрылыс жұмыстарының басталуы.

12 ақпан 2007 жыл

Алғашқы технологиялық ұңғыма салынды.

Астана қаласында «АППАҚ» ЖШС мен Kansai Electric Power арасындағы уран концентраттарын сатып алу-сату жөніндегі алғашқы келісімшартқа қол қою салтанаты. Сонымен қатар басқа жапондық энергетикалық компаниялармен өзара түсіністік туралы 5 Меморандумға қол қойылды.

-2 тамыз 2007 жыл. — Атом энергиясын пайдалану объектілерін салуға, пайдалануға беруге, пайдалануға және пайдаланудан шығаруға мемлекеттік лицензияны алу.

-23 желтоқсан 2007 жыл. — «АППАҚ» ЖШС мен бұрын өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойған басқа жапондық энергетикалық компаниялар арасында уран концентраттарын сатып алу-сату жөніндегі бес келісімшартқа қол қою аяқталды. Сондай-ақ Конверторлармен арадағы барлық 3 келісімшартқа қол қойылды.

-30 сәуір 2008 жыл. — «АППАҚ» ЖШС кенішінде уранның алғашқы тауарлы десорбаты алынды

-3 маусым 2008 жыл. — «АППАҚ» ЖШС кенішінің ресми ашылуы.

-2011 жылдың желтоқсан айын – 1000 тн. жоспарлы өнімділіке шығу.

-2015 жылдың тамыз айы – Алғашқы 5 000 тн. өндіру.

-2018-2019 жыл – Западный учаскесін жете барлаудың басталуы.

-2020 жыл — Западный учаскесін игеру үшін инфрақұрылым құрылысының басталуы.

 Бүгінгі таңда «АППАҚ» ЖШС – алдына қойылған міндеттерді сенімді орындайтын табысты кәсіпорын. Өндірістік процестерді жақсарту, жабдықтарды жаңғырту, ғылыми ізденістер, ұтымды ұсыныстарды енгізу, жұмыскерлердің жұмыс жағдайлары мен тұруын, кеніштің эстетикалық келбетін жақсарту бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Батыс Мыңқұдық кен орнының үш учаскесінің ең күрделісі Западный учаскесін игеру жұмыстары басталып кетті. Бұл жұмыстарға өндірістік қызметкерлер барынша жұмылдырылып отыр, бұл жайт біздің адамдардың бүкіл әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.

 Қазақстандық кадрларды оқыту бойынша барлық бағдарламалар, халықты қолдау жөніндегі әлеуметтік бағдарламалар орындалуда. Қарақұр ауылдық округі әкімдігімен күш біріктіріп, «АППАҚ» ЖШС-імен округ тұрғындарына арнап 2000 бетперде жасалды. Бұдан басқа «Алтын белгі» төсбелгісіне ие Қарақұр ауылдық округінің 67 тұрғынына 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай сыйлықтар берілді.

 Қарақұр ауылдық округі әкімдігімен күш біріктіре отырып «АППАҚ» ЖШС-імен тыл ардагерлеріне 9 мамыр — Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс құрметіне бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 Сонымен бірге, «АППАҚ» ЖШС «Батыс Мыңқұдық» кенішіне Созақ ауданында тұратын 142 жұмыскерді жұмыспен қамтамасыз етті, бұған қоса, Қарақұр ауылдық округінің 1 тұрғыны жұмысқа орналастырылды.

 Біз сондай-ақ тарихи-мәдени мұраның маңызын естен шығармаймыз – 2019 жылы «Таңбалы тас» ескерткіші ашылды.

 2020 жыл бүкіл әлем үшін де, біздің еліміз үшін де өте қиын жыл болды. Бұл жыл «АППАҚ» ЖШС үшін де оңайға соқпады. Covid-19 қаупі мердігерлердің жұмысын 3 айға тоқтатуға, өндіру көлемін төмендетуге, вахта ауысымының мерзімін ұзартуға мәжбүр етті. Бірақ бірқатар батыл шаралардың, дұрыс жоспарлаудың, қызметкерлердің жан-тәнімен беріліп еңбек етуінің арқасында теріс әсер барынша азайтылып, қалыпты жұмыс режиміне оралу мүмкін болды.

 Қорытындылай келе, «АППАҚ» ЖШС-інің ынтымақты ұжымы күнделікті, сондай-ақ жаңа міндеттерді орындауға дайын және келешекке сеніммен қарайды деп айта аламыз.

Мақсат Қарғабай

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...