Мол мұра қалдырған жазушы

Сәуірбек Бақбергенов тынымсыз еңбек етіп, артында мол мұра қалдырған жазушы. Талғамы биік тұлға, қазақ әдебиетінің көгіне көтеріліп Халық жазушысы деген тозбас атаққа ие болды.

Ұмытпасам мектептің әдебиет кітабында «Қасиет» деген әдемі әңгімесі жазылған болатын. Әжесі Тоты туралы толғаған дүниенің тұнып тұрған тәрбиелік мәні зор. Қазақ қадір тұтқан ас- су – ағарғанның қасиетін шағын ғана әңгімемен жеткізе біледі. Бал қаймақты кір қолымен  ұрлап жеген бала Сәуірбекті, Тоты әжесі «өй, қасиетсіз» деп шапалақпен ұрып жібереді. «Бұл маған өмірлік сабақ болды»,- дейді Сәуірбек Бақбергенов. Қырық жылдан астам, совхоздың, ұжымның малын баққан нағашым Жидебай Жақыпов: «Сәуірбек пен менің анам Айткүл бөле. Әңгімеге арқау болған Тоты әже — Сәуірбектің шешесі Күлішпен туған апалы- сіңілі. Екі әжемнің де көзін көрдім. Сүйектері асыл жандар еді.  Мен мектеп бітерген 1966 жылы Сәуірбек көкем Қызылкөлге келді. Жақын тұтып, ағайын санап келген беті ғой. Үйге қона жатып, шешем Айткүл Төлегенқызмен шүйіркелесіп әңгімелесті. Өткен- кеткенді еске алды. Кетерінде «мына баланы маған бер. Оқытайын. Кетпен күрек ұстап қарайып кетпесін. Қазір оқығанның заманы»,- деді. Өзім де атақты көкемнің қасында жүріп, тәрбиесін алуға құштармын. Бірақ, мектеп жасындағы артымнан еріген інім мен қарындасым бар. Оларға бас көз болу керек. Шешем рұқсатын бермеді. Інім Дүйсен Жақыптың жазуға икемді болды. Аудандық «Молшылық», республикалық «Ленинші жас» газетіне өлең, шағын әңгіме жазып жүретін. Оны да Сәуірбек Бақбергеновтің қасына барып, оқытуға мүмкіндік болмады. Біріміз аға шопан, біріміз жәрдемші болып, ата кәсіпке біржолата бет бұрдық»,- дейді.

Әулеттіміздің қадірлі қариясы, соғыс ардагері Жанмолда Райымқұлов, бала кездегі оқиғаларын шерітіп отыратын. Бір әңгімесінде «Сәуірбек Бақбергенов бізге аз ғана уақыт сабақ та берді. Сабақ үстінде жер домалақ, қазіргі ғылым осыны дәлелдеді деп жағрапия туралы толғай жөнелді. Маған бұл тосын ой таңсық көрінді. Ескіше хат танып, жердің төрт бұрышын үлкен өгіз мүйізімен ұстап тұр деп естіп, оқып өскен мен: — «Егер жер домалақ болса, неге сулардың бәрі ағып, таулар опырылып құлап  кетпейді. Мысалы қазір басымызға су құйсақ ағып кетеді ғой»,- деп қарсы сауал қойдым. – Ой, бағаналы бері не айтып отырмын, жердің домалақ екенін түсінбейтін сенің басыңдағы ми неге ағып кетпейді»,- деп ұрысты дейтін.

Сәуірбек Бақбергеновтің спортсүйер қауымға арнап «Он үшінші ойыншы» деген тамаша повесть жазды. Ол әлі күнге жанкүйерлердің жата жастана оқитын сүйікті кітабына айналды. Ауыл балдарын спортқа ынталандыратын дүниенің кейіпкерлері өзі туып өскен жердің азаматтары. Алпысыншы жылдары түкпірдегі ауылда тұрып, Қазақ КСР-ін ұтып, одақты дүркіреткен Созақтың қарадомалақтарына, жалпы қазақ балаларына арнаған туынды. Біздің түсінігімізде қазақ футболы туралы дәл осындай спорттық повесть әлі дүниеге келген жоқ.

Жас оқырмандармен болған бір кездесуде Сәуірбек Бақбергенов: «Мен жазушы болмаған болар едім, өйткені балалар үйінде болғанда кейін теміржолшы болғым келген еді. Түркістан теміржол училищесінде оқыдым… Соғыс басталды. Оның алғашқы күндерінен бастап ұрысқа қатыстым. Майданнан қайтқаннан кейін менің өзімнің майдандас достарым туралы, басымнан өткеннің бәрі жайында жұртқа айтқым келді. Сөйтіп мен журналист болдым. Республикалық “Социалистік Қазақстан” газетінде істедім. Очерктер, әңгімелер жаздым. 1945 жылы мен батыр атағын алған Талғат Бигелдиновпен кездестім. Мен осы даңқты ұшқыш туралы оқушыларға айтып бергім келді. Бірінші повесімді ұзақ жаздым, әрі қиынға түсті. Жазушы болу оңайға түсе қоймайтынын бірінші рет бастан өткеруге тура келді»- дейді. Ұлы Отан соғысында даңықты 8 гвардиялық дивизияда сапта жүріп, отанды қорғады. Әскери шинелін тастап, жазу өнеріне ден қойды. Оның шығармалары ойдан шығарылған әдеби образдар емес, өмірде болған адамдар. Халқы қадірлеген, тарихта елеулі орны бар Талғат Бигелдьинов, Дина Нұрпейісова, Кенен Әзірбаев, Шоқан Уалиханов сынды тарихи тұлғалар кітабына арқау болды. Туған жері Қаратау бойы, теріскей өңірінің еңбекқор жандарын шығармаларына өзек етті. Әсілі, Сәуірбек Бақбергенов барлық саланы қамтып, әрі өндіріп жазған жазушы. Артында қалған мол мұрасын талдап, зерделейтін  ғылыми зерттеушілерін күтіп тұр.

 Ерлан Райымқұлов

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...