МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ

         Мамандық – әр адамның өмір бойы еңбек етіп, нанын жейтін, ыстығы мен суығына төзіп, ғұмырының басым бөлігін соған арнайтын, адамзаттың ажырамас бөлігі. Менің мамандығым – Ұстаздық. Мен бұл мамандықты өмір бойы мақтан тұтамын. Себебі өзің ұнатып, бар ынта ықыласыңмен жұмыс жасайтын, «бар мамандық бастауы» деп мақтана алатын мамандық иесіне тең келер ештеңе жоқ деп ойлаймын.

         Әр адамның көкейінде «Менің өмірге келудегі мақсатым не?», «Менің елге қандай пайдам тиді?» деген сауал сайрап тұруы тиіс. Осы ретте маған ер-азамат ретінде

         1993 жыл. Бұл менің Ұстаздық жолға талпынған, балапан қанатты алғашқы қадамым басталар жыл. Тау баурайындағы шағын ғана Жамбыл мектебінде биологиядан сабақ бердім. 1995 жылы аудан орталығындағы Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп-интернат лицейінің химия-биология пәндерін тереңдетіп оқытатын сыныптарына сабақ берумен жалғастырдым. Бірден керемет Ұстаз, мықты маман бола салдым деп айта алмаймын. Мамандықтардың ішіндегі ең күрделісі, ең қиыны да осы мамандық. Біріншіден, өзгеге үлгі болу үшін өзің бой түзейсің, бұрынғыдай не болса, соны айта салмай, мың ойланып, жүз толғанып, айтар сөзді алдымен ойланатының анық. Екіншіден, үлкен ізденіс керек. 25 жыл ұстаздық етсем де, әлі күнге дейін ізденіс үстіндемін. Бұл үшін сізге талмайтын қанат, мұқалмайтын күш-жігер қажет. Сол ізденісімнің үлкен нәтижесі болар. 2018 жылы  Түркістан облысының білім басқармасының шешіміне сай  «Педагог-шебер» біліктілік санатына ие болдым.

         2004 жыл.Ұлттық бірыңғай тестілеу науқаны басталды. «Ұлы бір күндік төңкеріс» дегендей бір күнде біз оқытқан балалардың болашақ тағдыры шешіле бастады. Тереңдетіліп оқытқан себебінен бе, әлде биология пәні көпшілікке ұнай ма, болмаса таңдалатын мамандықтың көптігінен бе, әйтеуір мектеп бітірген оқушылардың басым бөлігі осы пәнді таңдайтын. Алғашқы жылы бәрі жоғары деңгейде болды, еш бала жыламады, бармақ тістеп өкінбеді деу қиын. Біз бұл қиындықтардың бәрін бастан кешірдік. Сол күннен бастап менің көзім қайта ашыла бастады. «Қай жерден қателестім?», «Неге төмен балл жинады?», «Не істеуім керек?» деген секілді сұрақтар қарша борады. Көкейде шешілмеген сұрақ болса, кеудедегі жүрек бұлқынады. Арасында өзімді ақтап алуға тырыстым. Себебі мен жұмыс жасайтын лицейде тереңдетілген 8-сыныптан басталады. 5-7-сыныптарда өтілген материалдарды меңгермеген болар? Мен 4 жыл бойы сабағымды тиянақты өттім. Осындай алдамшы ойлар да санамды улап отырды. Жаңа оқу жылынан бастап, мен ҰБТ-мен айқасты бастап кеттім. Оқушылармен қосымша сабақтар жүргізіп, әр апта сайын тапсырған тестеріндегі қателермен жұмыс. Тақырып, тарау бойынша, өтілген сыныптар бойынша еске түсіру жұмыстарын жандандыра түстім. Еңбегім еш кетпеді. Екі-үш жылда еселеп өсті. Сыныпта биология таңдаған 23 оқушы болса, солардың 21-і «5»-тік бағаның шкаласын көрсеткен жылдар көбейді. «Біздің лицейге бала ағылды» деп мақтанышпен айта аламын. «Бір күнде баланың миының қақпағын ашып құю салдым» деп айта алмайсыз. «Оңай жерде олжа жоқ» демекші бұл үлкен еңбек, мол ізденіс, уақытты сарп етпеумен келген Жеңіс. Жеңісімізге қарай марапат та болды. Республика, облыс, аудан марапаттары толассыз берілді.2005 жылы республикалық «Ең үздік ауыл мұғаламі» байқауында Гран-при жеңіп алып, еңбегімнің елеңгеніне балаша қуандым. 2006 жылғы нәтиже рекордтық деңгейде болды. Биология таңдаған барлық оқушы ең жоғарғы балл жинады. Осы жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін иелендім. Бұл марапаттардың ішіндегі ең құндысы – ата-ана мен өз шәкіртімнің алғысы, елдің мақтауы. ҰБТ-ны бағындырдық. Ендігі кезекті айқас – олимпиада мен ғылыми жобалар сайысы болды.

         Олимпиада, ғылыми жоба, басқа түрлі сайыстарда оқушы дайындау, текке дайындамай оларды жетелеу, биікке шығару – менің сүйікті ісім. Бұл жолда да қара жаяу болмадым. Қаншама оқушым аудан, облыс, республика  көлеміндегі олимпиада, ғылыми жоба байқауының жүлдегері атанды. Жан-тәніңмен еңбектенсең, «Алынбайтын асу жоқ, бағынбайтын белес жоқ» екендігін жұмыс жолым өзі ұқтырды. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2018 жылы алғыс хатымен және де «Қ.Сәтбаев орденімен»,  2019 жылы «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталдым. Бұл мадақтаулар менің жай ғана қағаз немесе жылтыраған темір емес. Бұл менің – Ұстаздық жолдағы ең жоғарғы сый-құрметім.

         Мен – әлемдегі ең бақытты жанмын. Себебі мамандық таңдауда дөп түскен, жүрек қалауын жазбай тапқан, жұмысына қуанып барып, күліп, жадырап қайтатын Ұстазбын. «Болашақтың бастауы – бала» десек, сол баланың шырағын жағуда менің еңбегім елеулі. Адам өмірде тек мамандықты сүйіп қана қоймай, балаларға деген сүйіспеншілігі ерекше болу керек. Бұл қасиеттің менде барына қуанамын. «Мамандығым –мақтанышым» деп бүкіл әлемге жар салуға менің қақым бар.

  Түркістан облысы, Созақ ауданы,

 Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп

 интернат-лицейі, биология пәні,

 Жұмашов Кенжебек Нұсқабайұлы

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...