Күйші сыйлаған домбыра

Күй делебесі қозбайтын, беріле тыңдамайтын қазақ жоқ шығар сірә. Күйді тыңдап отырып терең ойға берілесің әуен жан дүниеңді тербетеді. Қиялыңа қанат бітіреді. Жүрегіңді шымырлатады. Қара домбырамен шертілген күй жаныңды рахатқа бөлейді.

Байыптап қарап отырсаңыз күй дегеніңіз өтер терең толғаныстан туады. Күй атасы Құрманғазыдан бастап осы бір керемет өнердің негізін қалап, оны ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп жеткізген.

Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісова апамыздың есімі бүкіл қазақ еліне машһүр. Өнердің биік өрінде талай күйлерін тудырып, домбырадан төгілдірген. Тыңдармандарын әсем күйлерімен баурап алғаны белгілі.

Осы күйші апамыз өзінің қасиетті қара домбырасын ауданымыздың қадірлі азаматы, ұстаз Бекұлы тастыбаевқа сыйлаған екен. Бекұлы көкеміз ол кезде аудандағы пансионның директоры екен. Өнерді қадір тұтатын, азамат атанған жәдігерді үйінің төріне іліп қойып сақтаған.

Осы деректі ауданымыздың тұрғыны Күнпейіс Нұрхожаевтан есітіп, дереу қалта кітапшамды алып жазып алдым. Күнпейіс сол кезде пансионда жатып оқиды екен. Кішкентайынан күй тартып, көпшілік алдына шығып өнер көрсетіп жүрген шәкіртіне Дина Нұрпейісованың домбырасын тартуға беріпті. «Атақты кісінің домбырасын ұстап, күй шерткенімде қазіргі күнге дейін мақтаныш тұтамын» деп әңгіме барысында Күнпейіс мақтанышпен айтты.

Кейін Бекұлы атамыздың ұлы Қайратқа (марқұм) арнайы жолығып Дина күйшінің домбырасы жайлы дерек сұрағанымда ол домбыра үйінің төрінде ілулі тұрғандығын жеткізді.

Көп жылдар бойы білім саласында қызмет істеген Бекұлы Тастыбаев әлгі домбыраны көне жәдігер ретінде үйінде сақтаған.

Енді сол асыл бұйым Бекұлы атамыздың отбасында ұрпақтан-ұрпаққа сақталып тұратыны анық.

Сәрсенбек Теңізбаев

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news