Халықаралық турнир жалауын көтерді

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбеков Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы халықаралық турнир басталды. Созақтың тумасы, талай талантты шәкірттердің томағасын сыпырып, тәрбиелеген Жарылқасын Керімбекұлының спортқа сіңірген еңбегі ерен. Бүгінде білгенін өскін ұрпаққа үйретіп отырған, атпал азамат. Халықаралық турнирде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәттібаев Айбек Берікұлы, Созақ ауданының әкімі Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы, Қырғызстан Республикасының қазақ күресі федерациясының бас бапкері Османалиев Нұрхан Темірқұлұлы, Шымкент қаласының қазақ күресі федерациясының президенті Балтабай Асан Тасболатұлы және қоғам қайраткерлері мен спорт басқармасының жаттықтырушылары, алыс-жақыннан жиылған жанкүйерлер қатысты. Қазақ күресінен ұйымдастырылған халықаралық турнирді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ауқымды спорттық шарада аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жарылқасын Керімбекұлына аудан халқы атынан алғыс хат пен сый сияпатын, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүріне сай иығына шапан жауып, ыстық ықыласын білдірді.
-Жарылқасын Керімбекұлы 1950 жылы наурыз айының 22 жұлдызында Созақ ауданында дүниеге келген. Кең пейілді азамат өз атамекеніне қазіргі күнге дейін, аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып, демеушілік жасап келуде. Осы орайда сізге аудан тұрғындары атынан үлкен алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, спорт саласын дамытуда, педагогика ғылымын ілгерілетуге қосқан үлесіңіз бен еңбегіңізде ұшан теңіз. Бүгінгі ұйымдастырылып жатқан халықаралық турнирдің өзі көпке үлгі болары даусыз. Бүгінгі мерекеде деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін. Абыройыңыз әрқашан асқақтай берсін. Жарысқа қатысушы спортшыларға тек сәттілік тілеймін деді,- аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы. Сонымен қатар, бүгінгі халықаралық турнирдің ұйымдастыруына ұйытқы болған Жарылқасын Оңалбек ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаттарын насихаттау, жастарды ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, қазақ күресін өркендету арқылы оны ұлттық идея деңгейіне және халықаралық аренадағы беделін көтеру мақсатында ұйымдастырылғанын айтып өтті.
Ұлттық спортты ұлықтаған додада көршілес Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай Халық Республикасы және еліміздің Астана, Алматы қалалары, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарынан құралған командалар бақ сынасты. Аталған додада түрлі салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орын иелері қомақты сыйлықпен марапатталса, түйе палуан атанған спортшы су жаңа автокөлікті тізгіндеді.

«Созақ үні»-ақпарт.

Latest news

ҰЛТТЫҚ ЖОБА БОЙЫНША 236 МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

2022 жылы кәсіпкерлікті дамытудың «2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» шеңберінде мүгедектігі бар 90 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 236 азаматтар жұмыспен қамтылды. Атап айтсақ, тұрақты...

Аудан басшысы Шу бойындағы халықпен кездесулер өткізді

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ҚР Президентінің 2022 жылғы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Шу, Тасты ауылдық округтерінде болып, халықпен кездесті....

Бөлім бастығы есеп берді

Өткен аптаның сәрсенбісі күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында Түркістан облысы ПД Созақ аудандық полиция бөлімі бастығы, полиция подполковнигі Ж.Нысанбаев аудан тұрғындарына 2022 жылдың...

МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Түзелбек Абжановты қабылдап, «Созақ ауданының Құрметті азаматы» төс белгісін табыс етті. –Саналы ғұмырыңызда...

Related news