«ХАЛҚЫМ!…» -ДЕП ХАТҚА ТҮСІРГЕН

(Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Айтахановтың «Сол бір жылдар», «ХАЛҚЫМ!...» -ДЕП ХАТҚА ТҮСІРГЕН 1«Мерей» атты кітаптарын оқығанда)

  Қыркүйек айының 28-ші жұлдызында «Оңтүстік Қазақстан» газетінің ватсап желісінде әріптесіміз Талғат Досымбектің мемлекет және қоғам қайраткері, талай жылдар аудан, қала, облыс басқарған, Парламент Сенатының депутаты болған Қуаныш Айтахановтың «Мерей», «Сол бір жылдар» атты кітаптары Нұр Сұлтан қаласындағы «Фолиант» баспасынан жарық көргені туралы сүйіншілеген жазбасын көзім шалып қалды. Сол күні Қуаныш Айтаханұлына телефон арқылы хабарласып, кітаптарына құтты болсын айттым. Ол кісі «Қазпошта» мекемесі арқылы кітаптардың бір-бір данасын менің атыма салып жіберетінін айтып, толық мекен жайымды жіберуімді сұрады. Арада біршама уақыт өтіп, қазан айының 22 жұлдызы күні «Қазпошта» мекемесінің қызметкері менің атыма сәлемдеме келіп тұрғанын хабарлады.

  Дәл сол күні Шымкент қаласынан Созақ өңіріне туристік сапармен төрт кісі келген еді. Солармен Қаратау бөктеріндегі  Ақсүмбе, Ақбикеш, Қарлығаш әулие, Қарамырза, Басықара киелі жерлеріне аралауға шыққан едім. Сол сапарда Ақсүмбе ауылында Жораев Сұлтанбай есімді азаматтың үйінде аяқ шалдырып, шай үстінде отырғанда шымкенттік қонақтың бірі Борашев Қалыбек деген ағамыз өзінің қажылыққа барғаны туралы сапарының жайын айта келіп, ол сапарға ниет етіп шығуына Қуаныш Айтаханұлының себепкер болғанын айтты.

  -Мен ол кезде қос аудан бірігіп, жаңадан құрылған Арыс қаласында жоспарлау бөлімінің бастығы едім деп бастады жолаушы ағамыз. Арыс қаласы жаңадан құрылып, Қуаныш Айтаханов қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалған соң мені кадрлық қызметке алған еді. Содан қызметте жүріп аяқ астынан ауырып, дертке шалындым. Содан қаралмаған дәрігер, көрінбеген клиника, санаторий қалмады. Ол уақытта кеңестік идеологияның қайнап тұрған кезі. Бір күні Қалекең маған;- Қалыбек сен қазақшылыққа көрініп көрсей,дертіңе дауа болып кетсе әжеп емес,-деді. Сол кісінің айтуымен қазақшылыққа көрініп едім, мені қараған кісі «имандылық жолға түс!» деп кеңес берді. Сонымен, дем салдырып ниет етіп  намазға жығылдым. Әрине, жасырын, ешкімнің көзіне түспей намазға жығылдым. Тәңірім шипасын беріп құлан таза жазылып кеттім. Ақырында жүрегіме имандылық нұрын құя жүріп, иманның нұры мен сауаптылықтың сәулесі түсіп 2007 жылы қажылық парызымды өтеуге барып қайтым. Жақсы адамның қашанда жанында жүрсең шапағаты тиеді деген рас екен. Алдымен Құдайдың шапағаты, екінші Қалекеңнің сөз жәрдемі себеп болды,- деді жолаушы кісі өткен өмірін еске алып. Мен де үнсіз тыңдап отырып кездейсоқ Шымкенттен келген төрт адамның біреуі «Қалекеңнің шапағаты тиді» деп отыр. Ал бізге кездеспеген  сансыз азаматтарға ол кісінің қаншама шапағаты тигенін құдай білсін.  Мен де ол кісінің ризашылықпен берген кітаптарына ие болып отырғаныма қуанып, әрі таңданып отырдым.

  Қуаныш айтаханұлы қызмет еткен жылдары әрбір тапсырылған тапсырманың мұқият, рет-ретімен, таза, тиянақты орындалғанына  ерекше мән беретіндігі маған сыйлаған кітаптардың ішінде арнайы қолтаңба жазатын алақандай қағаз жапсырманы көріп тағы да есіме түсті. Көбіміз кітаптың бетін айғыздап айбақ-сайбақ етіп қолтаңба жазып бере саламыз. Мұнда біріншіден кітап бүлінбейді, екіншіден кез-келген хат танитын баладан, еңкейген қарияға дейін оқи алатындай айқын, әрі түсінікті жазылғанын байқаймыз.

       Құрметті Мақсат мырза!

  Тәуелсіз Қазақстанның гүлденіп дамуы жолында атқарып жүрген игілікті істеріңіздің жемісті бола беруіне тілектеспін, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық пен құт-береке тілеймін!-деп жазған бір ауыз ықыласы оқырманы мен замандастарына деген шексіз қызметі деп ұғындым.

  Созақта аудан әкімі болып қызмет етіп жүргенде ақын-жазушыларды, еңбек ардагерлерін, мекеме, кәсіпорын басшыларын, ауыл, кент, қала, аудан әкімдерін туған күндерінен бастап, мемлекеттік, айтулы кәсіби мерекелермен құттықтап бірнше жүздеген ашық хаттар жазып, оның иесіне уақтылы жетуіне дейін қадағалап отыратын сәттері көз алдыма келді.  Және олардың бірде –біреуін жібермей қалуың мүмкін емес еді. Әрбір жазған құттықтау хаттың кеткен-кетпегенін өзі қадағалап, біліп отыратын талапшылдығы бізге өмірлік сабақ болды. Ол кісінің «Өзгені сыйлай білу, өзіңді сыйлай білуден басталады» деген сөзі ойға оралады. Кітаптың алғашқы бетін ашқанда Әке мен ана рухына тағзым етіп, іштей ол кісілерге дұға бағыштай отырып басталған сол бір жылдардың естелігі кейінгі ұрпаққа, оның ішінде өскелең жастарға жол сілтеп, дұрыс бағыт-бағдар беруге «кісілік пен кішіліктің өлшемі неден тұрады?» деген сауалдарға жауап іздегендей және сол жауапты тапқандай әсерде болдым. Қаншама кітапқа арқау болған өмір жолдарын сегіз беттік басылымның беттеріне сиғыза алмасымыз кәміл. Академиядан кейін Бәйдібек ауданындағы «ХХІІ партсьезд» атындағы кеңшарда бас малдәрігері қызметінен еңбек жолын бастап, Шымкент облыстық партия комитетінде нұсқаушы, Ленин ауданы партия комитетінің екінші хатшысы, Шардара, Қазығұрт аудандары кеңесі атқару комитеттерінің төрағасы, Арыс қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыс әкімінің орынбасары, Созақ, Сайрам, Отырар аудандарының әкімі болып абыройлы қызмет етті. Жоғары кеңеске депутат болып тәуелсіздік алған мемлекетіміздің тарихи сахнасында ізі қалды. Созақ ауданында қызмет еткен жылдары ішінде елеулі еңбектері туралы республикалық, облыстық басылымдар мен олардың білікті журналистері кеңінен толғана жазды. Ал енді Созаққа қатысты тұстарын іздеп, кітаптың «Сырлы Созақ» атты бөлімін ашып оқысақ, өзіміздің  теріскейлік журналист Қ.Мұратова, ақын апамыз Г. Бәлшенқызы, ардагерлер Ж.Тойлыбаев, С.Әлтеков, С.Мұсабеков, Б.Арынбеков, Т.Кәрібеков, Б.Байғараев, С.Жанұзақовтардың толымды пікірлері қаперге алыныпты. Кітапты қолға алып парақтағанда «Жастық шақтың бір белесі Мәскеуде», «Жолжазбалар», «Баяндамалар мен мақалалар», «Өрелі Оңтүстікте өткен жылдарым», «Шырайлы Шымкент», «Шағалалы Шардара»,  «Қасиетті Қазығұрт», «Арысым-намысым», «Сырлы Созақ», «Сайрамда бар сансыз бап», «Туған жерге тағзым», «Хаттар қоржынынан», «Жоғарғы Кеңес-Тәуелсіздік тұғыры», «Ардақтаймын атыңды» деген тараулар арқылы кезең-кезеңімен баяндайды. Елге белгілі ақын-жазушылар, журналистер, өнер адамдары Қуаныш Айтаханұлы туралы толымды, толағай пікірілері мен шымыр жырларын арнаған.

  Мемлекет және қоғам қайраткері, Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы Қуаныш Айтахановтың бұдан бұрын «Ел мерейі жолында» (2010 жылы), «Сөз сұраймын» (2011 жылы), «Елге қызмет-ең басты міндет» (2015 жыл), «Қызмет еттім халқыма» (2017 жыл) атты кітаптары жарық көрген болатын. Ол кітаптарды 2005-2017 жылдар аралығында Парламент Сенатына депутат болған автордың қоғамның сан алуан саласына қатысты ойлары, мақалалары, түрлі жиындарда сөйлеген сөздері, мемлекеттік органдарға жолдаған депутаттық сауалдары топтастырылған екен. Бұған қоса «Азамат ажары» (2014 жылы) деген жинақта Қуаныш Айтахановтың бейнесіне оның бүгінгі замандастарының көзімен шолу жасалыныпты. Ал «Өмір белестері» (2017 жыл) атты ғұмырнамалық сұқбат сипатындағы кітабында Қуаныш Айтаханұлы өзінің өмір жолына ой көзімен қарап, Кеңес үкіметінің тұсында және тәуелсіздік жылдарында өзі белсене қатысқан оқиғаларды әңгіме арқауы ете отырып, көрген-білгендері мен көңілге түйгендерін оқырманмен бөліскен екен. Автордың оқырман назарына ұсынып отырған бұл кезекті қос томдығы да ел дамуыныңөзекті мәселелерін қозғайды. Республиканың өсіп-өркендеуіне қатысты ұсыныстар, пікірлер айтылады.. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласының білгір маманы ретінде қайнаған өмірдің бел ортасында жүретін автор ауылды өркендетудің сан алуан жолдарын қаламына арқау етеді. Қос томдықта сондай-ақ қайраткермен қызметтес, әріптес болған немесе түрлі жағдайлармен аралас-құралас жүрген азаматтар  Қуаныш Айтаханұлы туралы ой-толғаныстары естелік ретінде айшықты суреттеледі.

  «Мерей»атты томдығында мемлекет және қоғам қайраткерінің салиқалы, салдарлы азаматтық бейнесі көрініс табады. «Азамат ажары» атты алғашқы тарауында кешегі Сенат Төрағасы, бүгінгі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері Әбіш Кекілбай, Шерхан Мұртаза, Өмірзақ Айтбаев, Икрам Адырбеков, Ғарифолла Есім, Әли Бектаев, Мұхтар Алтынбаев, Бердібек Сапарбаев сияқты тұғырлы тұлғалардың жылы лебіздерімен басталып, мағыналы өмірінің мазмұнды шежіресі сипатталады. «Қалам алдым қолыма», «Замандастарым» тарауларында қайраткер өз ойында жүрген, Тәуелсіз еліміздің өрісті өркен жайған жолдарындағы сан-салалы сүрлеулі соқпақтарын қалам иірімімен аралап өтеді. Автордың өз қолтаңбасымен менің қолыма тиіп отырған бұл төртінші, бесінші кітаптар еді. Парақтасаң парасат пен пайымның парызын ұға түсетін шежірелі кітаптың тұсауы кесіліп ойлы оқырмандарына жете беруіне тілектестік білдіре отырып, Қуаныш Айтаханұлының қаламынан әлі де тың естеліктер күтеміз. Ол кісінің қызметтік қабылдауларында, жұмыстан тыс уақыттарда шаңырағында болып, даладай пейілді дархан көңілді Айман жеңгеміздің дастарханынан дәм татпаған ақын-жазушылар, өнер адамдары, журналистер мен тарихшылар, жалпы қоғамның зиялы өкілдері кемде кем шығар. Ендігі кезекте алдағы жылдардың еншісінде қазақ халқының бір туар ұлдары, қарымды қаламгерлері жайлы тың естеліктерді Қуаныш ағаның зерделі естеліктерінен тағы да оқып қалармыз.

Мақсат Қарғабай,

Қазақстан журналистер одағының мүшесі

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...