Хабарсыз кетті дей көрме

  Қаратаудың қойнауы қандай қазынаға, тарихы шежіреге бай болса,  киелі өңірді талайларға танытып жатқан таланттары да жетерлік.Теріскейде туылып, топырағынан қуат алған алмас жырлы ақындар, қаламы қарымды қаламгерлер де, елім,   жерім дегенде жүрегі қарс айрылған қайраткерлер де, қара қылды қақ жарған би-шешендер де,еренеңбегімен жетістікке жеткен түрлі саладағы  дарын иелерімен мақтанамыз. Соның бірі қан майданда төпеген оқтың астында, өмір мен өлім арасында жүріп қалтарыста қойындәптеріне көкейге келген қаймақты ойын жазып жүрген лейтенант Досов-Сәуірбек Бақбергенов еді.

Жазушы мұраларымен таныса зерттей  отырып,тәп — тәуір өлең құрай білген ақындығы да байқалды.Асқан өнерпаз,  ақын-сазгер Рамазан Елебаев жайлы жазылған «Алтын күрек» туындысы қаламгердің сүбелі романдарының бірі.

…Бір тәулікке созылған толассыз шайқас есеңгіретіп жібереді.Түнімен  денесі қалшылдап,  тұла бойы дірілдеп шыққан . Көзін  жұмса болды атылған оқ, жарылған снаряд жанып жатқан танк, өлген адам, жаралы жауынгер, айқай шу, бәрі көз алдымда тұрады. Өйткені кешегі шайқас қатты болды. Жеңіске жетіп, алдынан  алтын күрек желі соғып тұрған Армияның  кішкене де болса бір бөлігінің қоршауда қалуы оған қауіп төніп, жойылып кете жаздауы жай ғана  нәрсе емес, көкірегіне жеңіс желі толған  үміткер, талапты, алға басқандардың абыройы мен намысының шайқасы, жүйке мен жан шайқасы болатын.

Лейтенант Досов кім бар,кім  жоғын енді ғана есіне түсіре бастайды. Көп шығын бар. Жеңіс тағы бар.Тау бөктерінде борсықтың інінен шыққан жас топырақ сияқты томпайып-томпайып, әр жерде бір қабыр қалады. Соның  бірі – баян тартатын әнші, композитор жігіттің, дивизия жауынгерлері өзінің досы санаған, әркім өзіне жақын тартқан, жолдас санаған Рамазанның қабірі. Оны жерлеу кезінде Сәуірбек қасында болады. Жаны жайдары сері жігіттің жүзінен қаны қашып, аппақ шүберектей боп кеткен. Астыңғы ернін жымыра тістеніп алғанмен, жүзіңде мұң кіреукесі, қайғы-қасірет ізі көрінбейді. Қатты шаршап-шалдыға келіп, әбден шөлдеп ұйықтаған жолаушы тәрізді екен. Жұрт топырақ салып жатқанда лейтенант ойына қайдан келгені белгісіз  планшетінен бір парақ ақ қағазды жыртып алып, қара қарындашпен былай деп жазады:

Хабарсыз кетті дей көрме,

Өлді  ол Пушкин тауында.

Атақсыз кетті дей көрме,

Кеткен  жоқ кегі жауында.

Мұны жазарын жазса да не істерін білмей, аңырып қалады. Қайткені дұрыс? Шинелінің қалтасына салсын ба, әлде хатпен қосып, еліне, ағайын-туысына жіберсін бе? Қолындағы  бір жапырақ қағазды біресе  бүктеп, біресе қайта жайып, аздап сасады. Неде болса қабырға тастағысы келді. Бірге жатсын, бірге  қалсын. Осымен бірге көмейіне сөз де келеді:

-Ардақты әнші аға , саған туған жердің топырағы бұйырмады. Мына бір жапырақ ақ қағаздағы өлең өзің туған жерің Көкшеде өскен аққайыңның жалғыз жапырағындай болып , сенімен бірге жатсын ! — деп , қағазды төрт бүктеп , әлі беті жабылмаған қабірдің ішіне лақтырып жібереді .

-Ей, жолаушы, ей, азамат, тоқта! Сенің жүрегің бүлкідеп соғып тұр ма? Ие, сондай бүлкілдеп соғатын жылы жүрек мына қабырда жатқан жауынгерде де болатын. Сенің қаның ыстық па, нақ сондай ыстық қан мына жатқан жігіттің де тамырында тынымсыз жүретін. Оның жүрегі тоқтады, қаны төгілді. Бірақ, соның есесіне сенің жүрегің соғады, сенің бойыңды ыстық қан бар. Мұны да біліп қой! Біліп қоймай, осы зираттың қасынан өткенде бәрін есіңе түсір! Тәубеге кел! Тәуеп ет! Басыңды иіп тәжім ет!……

Ойына жалғыз шумақ өлеңі түскенде көңіл тағы жабырқап, басқасарынға қайта түсіп, жалғастырады. Планшеткадан ақ қағаз алып, қайта-қайта өшіріп, жаза бердім. Таңертеңнен бері қинаған ойдың түйіні мынадай боп шығады; оны Сәукең Абай сазымен, Татьяна салған әнмен айтады. Өйткені бұл өлең Пушкин атына  байланысты, Пушкин тауларының  бауырында туған еді:

Хабарсыз кетті дей корме,

Өлді ол Пушкин тауында.

Атақсыз кетті дей көрме,

Кеткенжоқкегіжауында.

 

Хабарсыз кетті дей көрме,

Бір кеткесін ол келмес,

Атақсыз кетті дей көрме,

Ер жігіттің аты өлмес.

 

Хабарсыз кетті дей көрме,

Жүректен тиген жалғыз оқ.

Атақсыз кетті дей көрме,

Қапыда босқа өлген жоқ.

 

Хабарсыз кетті дей көрме,

Одан жаман ат болмас.

Атақсыз кетті дей көрме,

Одан өткен дат болмас .

 

Хабарсыз кетті дей көрме ,

Кеткен жөк кегі жауында.

Атақсыз кетті дей көрме,

Жатыр ол Пушкин тауында.

Бұл өлең 1943 жылғы 5-қараша күніРесейдің Псков облысы Ново-Сокольники қаласының маңындағы Пушкин тауларында туған еді.Сәуірбек атамыз жазған шығармада дарынды ұлдың тағдырын ұрыс майданындағы оқиғалармен астастыра бейнелей отырып баяндайды.С.Бақбергеновтің кейіпкері, Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы,  Құдықағаш ауылының тумасы, «Қызыл Ту» орденінің иесі Рамазан Ержанұлы Елебаев 110 жасқа шығып отыр.

Қазақтың сегіз қырлы, бір сырлы перзенті Рамазанның тағы бір қыры-майдандағы ерлігін боямасыз жазып,  ұрпақтарға үлгі еткен біздің Сәуірбек атамыздың рухы мәңгі жасай берсін!

БибіқадишаШайхслам БибіқадишаМауленқызы

С.Бақбергеноватындағымектептің мұғалімі

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...