Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады. Аудан орталығынан ауылдас жігіттермен бірге сапарлас болдым. Олардың жасы менен үлкен. Алдында екі-үш мәрте оқуға түсе алмай қайтқан талапкерлер. Сол күні кешке шыққан біздер таң сәріде әсем қалаға келіп жеттік. Төңіректе қараңғылық әлі сейіле қоймаған. Жанымдағылар бұрыннан қаланы көріп, ой-шұқырын біліп алған жігіттер. Түсе салысымен такси ұстап, таулы қыратқа қарай тарттық. Олардың жылда келіп тұратын пәтерлеріне келдік. Есіктің қоңырауын қаққаны сол еді іштен орта жастағы апа келіп есік ашты. Апам бізді жылы шыраймен қарсы алды. Кәдуелгі алыс сапарлардан балалары келгендей қуанып қалды. Біздер жер төлеге қарай жүрдік. Мен мұны түсіньбей аң-таңмын. Сөйтсем біз тұратын пәтер осы екен. Жүктерімізді ішке кіргізіп жайғаса бастадық. Есіктің алдында моншасы да бар екен. Сәлден кейін апамыз келіп:

-Балалар моншаға түсіп алыңдар,-деді. Жолдан шаршап келген біздер суға түсіп тыңайып қалдық. Қасымыздағы Ақәділ:-Енді Сәке осында тұрамыз. Оқуға түсіп кетсек те тұрағымыз осы пәтер болды,-деді.

Сол күні демалып алдық та ертесіне медициналық тексеруден өтуге кеттік. Ол кезде медициналық тексерістен өту де оңай емес. Екі күн жүріп әйтеуір бітірдік-ау. Содан кейін жоғары оқу орнына құжатымызды тапсырдық. Бұл біз жалдаған пәтер қаланың тыныш жері екен. Ың-шың жоқ. Тып-тыныш. Емтиханға дайындалуға мол мүмкіндік бар. Тамыз айының басында институтқа түсу емтихандары басталды. Абырой болғанда үшеуіміз де оқуға түсіп кеттік. Қуаныштымыз. Ауылға барып керек-жарақтарымызды алып, қыркүйекте оқу орнының шаруашылық жұмыстарына кеттік. Біз жүзім теруге кеттік те, олар темекі жинауға аттанды. Бірі Алматы зооветеринарлық иститутына түсті де, екіншісі архитектуралық институтқа ілікті. Бір айлық жұмыстан келген соң баяғы пәтерде үшеуіміз бас қостық. Сол пәтерде тұратын болып шештік. Ақәділ мен Ерменбай екеуі құрдас. Ауылдағы мектепті бірге бітірген. Таулы қыраттағы пәтер үшеуіміздің оқитын жерімізге онша қашық емес.

Сол шағын пәтерге ауылдың студент жігіттері жиі бас қосатын болдық. Орталарындағы ең кішісімін. Сондықтан мені көбінесе барып кел, шауып келге көп жұмсайды. Жасым  кіші болған соң қалды аяққа тұрмай ұшамын.

Ергенбай өте ақкөңіл, көпшіл, білімді азамат. Тым момын. Бірінші  курсты ойдағыдай тәмамдап үшеуіміз де екінші курсқа көштік. Алғашқыдай емес  студенттік өмірге үйренісе бастадық. Жазғы каникулда ауылға кетіп, демалып қайттық. Азық-түлікті мол етіп ала келгенбіз. Ауылдас жігіттер келіп бізден дәм татып тұрады. Қашан келсе де есігіміз ашық, дастарханымыз жаюлы болды. Сондықтан болар жерлес жігіттер біздің пәтерге жиі ат басын бұрады. Мен педагогикалық институтта оқимын. Біздер қыздар жағы басым. Бір күніАқәділ:-Сәке, Ерменбайға группалас қыздарды таныстырайыншы-деді. Жаппарқұлда жан бар ма?

-Жарайды, Ақа,-дедім. Содан сенбі күні үш группалас қызды пәтерге қонаққа шақыратын болып келістік. Екі күн қалғанда қонақтарды күтуге дайындық жасадық. Азын аулық тиін—тебен жинап студенттік дастархан дайындадық. Пәтерімізде де қағып-сілкіп, еденін жауып, айнадай етіп қойдық. Сенбі күні де келіп жетті. Бұл күні біздер сабақты түске дейін ғана оқимыз. Түстен кейін боспыз. Түс қайта үш қызды жатақханаға барып пәтерге ертіп келдім. Келсек Ақәділ мен Ерменбай сықия киініп, дастарханды жасап күтіп отыр екен. Ерменбайдың туған күні деп айттық қыздарға. Екінші курстан қыздары әжептеуір қала көріп, ашылған кезі ғой. Келгеннен кейін екі досымды жатырқай қойған жоқ. Танысып, ашық-жарқын әңгімелесіп отыр. Ақәділ гитара тартып, ән салды. Ерменбайда сөз жоқ. Тілін жұтып қойған сияқты. Ләмим демейді. Қыздардың есімдері-Алма, Жанат, Нұршат еді. Ол кезде қоғамдық көлік түнгі он екіге дейін жүретін. Сол уақытқа дейін отырып қыздарды жатақханаларына шығарып салдық. Үшеуіміз де көңілдіміз. Ергенбай үндемей келеді. Бір кезде Ақәділ:-Ереке, сізге қай қыз ұнады, -деді. Ергенбай:

-Маған Алма ұнаған сияқты,- деді жанарын төмен салып. Оңашада Ергенбай менен:-Сендер бірге оқисыңдар ғой. Алма қандай қыз,-деп сұрап қояды. Алма өзіміздің Шымкенттің қызы болатын. Ашық—жарқын ақкөңіл, сыпайы қыз. Сабақты да жақсы оқиды. Сегіз қырлы, бір сырлы. Домбырамен ән де салады. Содан Ерменбай Алмаға шын ғашық болып қалғанға ұқсайды. Күнде маған ол туралы көп айтады. Бір күні Ерменбай:-Қыздарды Медеуге ертіп барайық,-деді. Сабақтан соң Алмаға жолығып:-Достарыңды ертіп шық. Сенбі күні Медеуге баратын болдық,-дедім. Алма қарсы болған жоқ. Сенбіге дайындалатынын айтты.

Күз мезгілі болатын үш қызды ертіп Ақәділ, Ерменбай үшеуіміз Медеуге бардық. Біздер Медеуді әбден аралап, қыдырдық. Суретке түстік. Ерменбай Алмаға жақындасын деп екеуін оңаша қалдырып та кеттік. Бірақ Ерменбай бір ауыз тіл қатпайды. Қасында үнсіз жүреді де қояды. Табиғаттың аясында Медеуді тамашалап, қыздарды жатақханаларына шығарып салып, пәтерге қайтып келеміз. Ерменбай маған:-Алманың көзқарасы қандай?

-Мен оған қараумен болдым. Ол маған назар салды ма?—дейді.

Ерменбайдың көңілі үшін:

-Иә, Алма да сенен көзін алған жоқ,-деймін. Оған досым мәз. Сонымен Алмалармен таныстық жалғаса берді. Өзіміз тұратын пәтерге Алмаларды жиы шақырып қонақ еттік. Ерменбай ығи да Алманың қасында жүреді. Бірақ бір ауыз сөз айтпайды. Ерментайдікі романтикалық махаббат. Ғашық екендігін маған ғана айтады. Оны Алмаға жеткізе алмайды.

Ерменбай өте білімді азамат. Бүкіл курстастарының есептерін шеміршекше шағын тастайды. Үнемі қалтасында ақша жүрді. Студент болса да қаражаттан тапшылық көрген емес. Ал қыздарға әңгіме айтуға келгенде Ерменбайдың ол атымен жоқ. Тек ғашықпын деп жүргені. Сөйтіп жүргенде Ерменбай ғашық болған Алма бір күні күйеуге шығып кетті.

Ерменбай бұған қатты өкінді. Амал не? «Жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді» дегендей біреуге бұйырды да кетті.

Ақәділ Ерменбай досына қатты қапа болды. Қолда тұрған құсты ұшырып алдың деп. Төртінші курсқа көштік. Үшеуіміз әлі сол пәтерде тұрамыз.

Баяғы дәстүр бойынша Ерменбайға тағы да қыз іздедік. Менің Жарқынай деген сыныптасым бар еді. Медициналық институтта оқитын. Енді Ерменбайға соны таныстыратын болдық. Бір жексенбіде сыныптасым Жарқынайдың жатақханасына Ерменбайды ерітіп бардым. Сыныптасым достарымен бірге құрақ ұшып қарсы алды. Студенттік дастархан жайды. Жанындағы бірге тұратын қыздармен таныстырды. Шәй ішіп, әңгіме айтып, комнатада біраз уақыт отырдық. Сыныптасым екеуіміз балалық күндердің қызықты шақтарын еске алып күлісіп алдық. Жарқынай мектепте оқып жүрген кезінен ашық, көпшіл, ақкөңіл қыз. Мектепті үздіктердің қатарында бітірді. Сол керемет белсенділігімен сыныптағы көшбасшымыз болған. Жоғары оқу орнында да жақсы оқып, топ жетекшісі екен. Группаластары оны қатты сыйлап құрмет көрсеткеніне ризашылыққа бөлендім.

Жатақханада 2-3 сағаттай отырып пәтерімізге қайттық. Ерменбай елді менің сыныптасымды ұнатып қалғанын айтты. Өзім ойладым: енді маған тыныш болмайды ғой деп. Пәтерлес досым елді маған Жарқынаймен достастыр деп жанымды қоймайтынын түсіндім. Жолай екеуіміз үнсіз келдік. Пәтерге келген соң Ерменбай:-Сәке, сыныптасың маған ұнап қалды. Қолымыз босаған кезде барып тұрайық;-деді.

Пәтерде Ақәділ, Ерменбай үшеуіміздің басымыз қосылды. Ақәділ мен Ерменбай екеуі құрдас. Сондықтан олар бір-бірін әдемі әзілмен қағытқанды жақсы көреді. Ақаң Ерекеңе:-Бүгін қайда барып келдіңдер. Досым-ау тағы да романтикалық махаббатты бастайын деп жүрсің бе? Сен қызға барған соң жасқанбай оған деген сезіміңді жеткізсең болар еді ғой,-деді.

Ерекең қызараңдап:-Сен де әзілдей береді екенсің,-деп қалды.

Ерменбай ортамыздағы тамақ дайындайтын аспазшымыз. Қандай асты болсын дәмді етіп жасайды. Сол кездегі ең керемет тамағымыз вермишель мен консервідегі «Кильки» балығы болатын. Вермишельді мол етіп қайнатып пісіреді де оны үлкен тарелкаға салып үстіне әлгі балықты араластырып, алдымызға алып келеді. Сол студенттік күндердегі вермишельдің дәмі ауыздан кетпейді.

Ауылға каникульға барғанк езде де құр қол қайталаймыз. Қыстық соғымға сойылған жылқыдан қазы-қарта, жал-жая ала келеміз. Дегенмен келетін қонағымыз көп болғандықтан ауылдың асын тез тауысып қоямыз.

Ерменбайдың кешкі ас иәзірін жеп алғаннан кейін үшеуіміз жатып ұйықтадық. Өйткені таңертең сабаққа ерте кетеміз.

Таңертеңгісін сабаққа кетіп бара жатқан кезде Ерменбай:-Сәке,кешке ақылдасатын шаруа бар,-деді. Сонымен үшеуіміз де сабаққа кеттік.

Түс қайта сабақтан келсем Ерменбай құнтиып киініп алған. Мені асыға күтіп отыр екен. Қатырып тамақты да әзірлеп қойған екен. Асқазанға ас түсіп әлденген соң ол:-Сәке, ертең сенбі ғой. Сыныптас қыздарыңды шымбұлаққа алып барып қыдыртайық,-деді.-Екеуіміз-ақ, екі қызбен барамыз ба?—деп едім.

-Жоқ, Ақаңды да ертіп аламыз. Оған да бір қыз керек,-деді. Ол уақытта қазіргідей ұялы телефон жоқ. Қыздарды ертіп шығу үшін жатақханаға бару керек. Ерменбайға:-Сізде тиын-тебен бар ма?—деп едім.-Менде жетеді ғой,—деді желпініп.

Күн батардың алдында Ерменбайды ертіп мединституттың жатақханасына қарай тарттық. Автобус дегеніңіз зырылдап жүріп жатты. Тез арада сырғып діттеген жерімізге жетіп бардық.

Барсақ, сыныптасым сабақтан келіп кешкі шайларын ішкелі отыр екен. Бізге;-Бөлмеге кіріңіздер,-деп құрақ ұшты. Мен:-сыртта күте тұрайық дедім. Ерменбай екеуіміз әңгіме айтып күте тұрдық. Бір кезде сыныптасым сыртқа шықты. Оның көңіл күйі көтеріңкі екен. Бүгін бір сабақтан емтихан болып комнатадағы үш қыз да «бес» деген баға алыпты. Біздер оны қуанышымен құттықтадық. Ерменбайдың көзі менің сыныптасымды жанарын тайдырмайды. Қайта-қайта оған қарай береді. Манағы Ерменбайдың ұсынысын сыныптасыма жеткіздім. Ол қарсы бола қойған жоқ. Сөйтіп, жексенбі күні таңертең жатақханадан қыздарды ертіп, үшеуіміз алтау болып Шымбұлаққа баратын автобусқа отырдық. Таза ауада шаңғы теуіп, әбден қыдырдық. Керемет қыдыру болды.

Жол қаржыны, қыздарды тамақтандыруды, шаңғыға міну билетін алуды Ерменбайдың өзі көтерді. Әйтеуір оның қалтасы толы мыс-мыс ақша.

Шымбұлақтан кеш бата қайттық. Қыздарды жатақханаларына алып барып тастап пәтерімізге келдік. Әбден шаршаппыз. Кешкі асты зорға ішіп, ұйқыға кеттік.

Таңертеңгісін ерте тұрып, сабаққа асықтық. Түс қайта сабақтан келсем Ерменбай да үйде екен. Өзі өте көңілді.

-Сәке,  сенің сыныптасыңмен көздеріміз арқылы сөйлестім. Кет әрі емес сияқты. Мен оны шын ұнатып қалдым,-деді. Мен:-Ереке, менің сыныптасыма бір ауыз әңгіме айттың ба?-дедім. Ол:-Жоқ, батылым жетпеді,-деп қарсы тұр сабазың. Бірдеңе демесең сенің сезіміңді ол қайдан түсінсін,-дедім. Ол үндемей отырып қалды. Ерменбай негізі қызық жігіт. Бір күні маған:-Сәке, сенің сыныптасыңды алып қашайық дейді.-Ереке, бұл болмайды-ау. Араларыңда ешқандай махаббат әңгімесі болған жоқ. Қалай алып қашамыз. Оның үстіне білесің менің сыныптасымның ағасының мінезі өте қиын адам. Ертең бәрімізді сабап-сабап, соттатып жібереді,-дедім.

-Иә, Сәке ол жағы да бар екен ғой. Енді қайттік,-демесі бар ма?-Бір ғана жолы қызыға сөз айту,-дедім.

Сонымен Ерменбай пәтшағарыңыз мені ертіп, сыныптасыммен талай барды. Бірақ бір ауыз да сөз айта алмады.

Сөйтіп жүргенде сыныптас қыз Шардараның жігітіне тұрмысқа шығып кетті.

Ерманбайдың махаббат хикаясы кейін тағы бірнеше қызға ғашық болу-романтикалық махаббатпен аяқталды.

Пәтерлес болып бірге тұрған Ақәділ және мен оқуымызды бітіріп, үйленіп ауылымызға қайттық. Ал, Ерменбай Алматыда қызметке қалып қойды.

Кейін телефон арқылы пәтерлес досымызбен үзбей хабарласып тұрдық.

Қазір оның жасы алпыстанасып кетті. Үйленіп, үй-жәй болған жоқ. Ақәділмен кездескенде Ерменбайдың махаббат хикаясын айтып қоямыз.

Қайран Ерменбай досымыз-ай.

Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...