Денсаулық саласының майталманы

Қарапайым қағілез қарияны көптеп білемін.Үнемі жаяу жүреді. Үйі ауылдың ең шеткі көшесінде тұрады. Орталыққа жаяу келіп, жаяу кетеді. Көлікке міну дегенді білмейді. Қимылы өте ширақ.Қырықтардағы жігіт сияқты.

Зейнеткерлік жаста болса да тынбай тіршілік етуде. Аудан орталығында көзәйнек сатумен айналысып жүр. Байырғы мамандығы дәрігер.

Әлімжан Бақбергенұлы соғыс басталған жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Әкесі кезінде лауызымды қызметтер атқарған. Ауданның бірінші басшысы болған азамат. Қызметкер жанұясында өскен Әлімжан оқу, білімге құштар болып өседі. Бір мың тоғыз жүз елу сезігінші жылы Созақ ауылындағы В.И.Ленин атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы шымкент қаласындағы медициналық училищеге тіс дәрігері мамандығы бойынша оқуға түседі. Аталған оқу орнын бір мың тоғыз жүз алпыс екінші жылы үздік бітіріп шығады. Студент кезінде ол көп ізденіп, көп оқиды. Теориялық білімді бойына терең етіп жинайды. Оның бұл қасиетін ұстаздары да жоғары бағалап, Әлімжанның болшағынына мол үміт күтті.

Сол уақытта ауылдар медицина мамандары тапшы еді. Ә.Бақбергенұлы Созақ ауданының шалғай ауылы қарағұрға жолдамамен жібереді. Мұнда бас дәрігердің орыны бос болатын.

Жаңадан ашылған ауруханаға жас маман бас дәрігер болып қызметке келеді. аурухананың бүкіл жабдығын қолдап ретке келтіріп жасайды. Оның тап-тұйнақтай тірлігіне аудандық бас дәрігер де ризашылығын білдіреді.

Тың тапсырмалар беріп жас дәрігерді ширатады. Қарағұрдың көнекөз қариялары Әлімжан туралы әлі күнге дейін жылы пікірлер айтады. Оның іскерлігін, өте білімді азаматекендігін тілге тиек етеді.

Рас алғашқы еңбек жолында қиындықтар кездеспей қалған жоқ.

Десе де Әлімжан оның бәрін жігерлілікпен, жастық жалынымен, табандылығымен жеңе білді. Тәжірибелі дәрігерлерден үйрене білді. Іздейді. Көп оқыды. Нәтижесінде білікті дәрігерлер қатарына қосылды.

Қарағұрда тәжірибе жинақтаған ол бір жылдан кейін Созақ ауылындағы ауруханаға ауысып, қызмет етті. Бұл денсаулық ошағында тіс дәрігері, лор, окулист, медстат қызметтерін қоса  атқарып, халық денсаулығы үшін аянбай қызмет жасады.

Кейін аудандық дезинфекция станциясында бас дәрігер, осы мекеменің ауылындағы филиалында меңгеруші болды.

Содан кейін Созақ аудандық санитарлық қадағалау станциясының Созақ ауылындағы филиалында эпидемиолог қызметін атқарды.  Қызметіндегі жақсы жетістіктерін бағалаған басшылар оны аудандық дезинфекциялау станциясының бас дәрігері қызметіне шақырады.

Басшылық қызметтерде ол үлкен абырой мен беделге ие болады.

Әсіресе халықтың ыстық ілтипатына бөлейді. Қызметті адал атқаратындығымен көзге түседі.

Зейнет жасына жеткеннен кейін де үйде қол қусырып қарап отырмай «қазақстан» автобекетінде, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дәрігерлік қызметін абыройлы жасады.

Қандай ұжымды жұмыс жасаса да өзінің қарапайым мінезімен ұжымдастарының құрметі мен абыройына бөлене білді.

Қат-қабат тіршілігі бас медицина саласының майталманы Ә.Бақбергенұлы емге жасаған қызметі үшін»Тоғызыншы бесжылдықтың екпіндісі» белгісін өңіріне қадады. Сондай-ақ «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. «Коммунистік еңбектіңекпіндісі» В.И.Лениннің туылғанына жүз жыл мерекелік медальдарының иегері. Аудан әкімінің Алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталған. «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаттарын да иеленген.

Бір мың тоғыз жүз тоқсан алтыншы жылы зейнеткерлікке шықса да әлі де еңбектен қол үзген жоқ. Аудан орталығындағы «Оптика» дүкенінде қазіргі таңда жұмыс істеп жүр. Шалғайдағы елді мекендерден көзәйнек іздеушілер келсе, арнайы тексеріп барып тұтынушыларға тауарын ұсынып жатады.

Көзәйнек алушылар қалаға бармай-ақ аудан орталығынан қажетті бұйымдарын тапқандарына дән риза.

Ә.бақбергенұлы көп балалы жанұясының отағасы. Өмірлік жұбайы екеуі 7 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсіріп, қанаттандырды. Ұлдарын ұяға, қыздарын қиыға қондырды. Олар әр салады жемісті қызмет атқаруда. Перзенттерінен 25 немере, 2 шөбересі бар.

Алдымыздағы сиыр жылының ақпан айында Әлімжан көкеміз сексен жасқа толады.

Ауданға еңбегі сіңген азаматқа Құрметті атақ беріліп жатса нұр үстіне нұр болар еді.

Таңертең қызметке келе жатып Әлімжан қарияны жолықтырдым. Амандық-саулық сұрасып жатыр. Сексеннің сеңгіріне келсе де әлі тың ширақ. Қызметіне қарай аяңдап, жаяулап кетіп барады.

Қажырлы да, қайратты қарияға қызыға қараптұрып, ұзақ жасай беріңіз деген тілек білдірдім.

Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...