Бақытқа бөленген Батиха

Күнделікті қызметке кетіп бара жатып ол кісіні кездестіремін. Көңілді, жайдары қалыппен жүретін кісі кездескен сайын шуағын төгіп: «Балам, денсаулығың жақсы ма?»-дейді. Әуелі денсаулықты сұрауынан сыр іздеймін ғой. Сөйтсем Батиха апам дәрігер екен. Ол кісі кейінгі кездері көрінбей қойды. Сөйтсем зейнеткерлікке шыққан екен.

Жақында көшеде кездесіп қалып әңгімелесіп қалдық. Әлі тың, ширақ. Баяғы елгезек қалпында. Сексеннің сеңгіріндегі апамыз өзінің өмірбаяны жөнінде сыр шертті. Бәтиха Смағұлова елу бес жылдан астам уақыт денсаулық саласында еңбек етіпті. Зейнеткерлікке шықса да жас мамандарға ақыл-кеңесін беріп тұрады. Адам жанының арашашысының өткен өмір жолына көз тастасақ: туып-өскен облысында орысшы білім алып, орысша тәрбиеленген. Алтай өлкесінің қызы. Жүрек қалауымен түскен Семей медициналық институтын оқып, тәмамдайды. Сол кездегі тәртіп бойынша үш жыл тәжірибеден өтпейінше диплом қолға берілмейтін. Сонау өткен ғасырдың бір мың тоғыз жүз алпыс бесінші жылы дәм-тұз тартып Созақ ауданына келеді. Алтай өлкесінің қызын теріскейліктер жатырқай қоймайды. Қайта жас маманның келгеніне қатты қуанады. Жиырма төрттегі өрімдей бойжеткен осы жерден өзінің өмірлік жарын кездестіріп, онымен көңіл қосады. Өміртай ағамыз да ақкөңіл, ізденімпаз, білімпаз азамат болатын. Өмірден озғанынша Батиханы құрметтеп өтті. Дәрігер жарының алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызды.

Ұзақ жылдар бойы денсаулық саласында қызмет атқарған білікті дәрігер талай жанның дертінен айығып кетуіне себепкер болды. Денсаулық сақшысы ретінде ауданның бүкіл тұрғындарына таныла білді. Кей ауруларды тым ауыр күйде қабылдап, олардың құлан таза айығып кетуіне үлкен үлесін қосты. Адал қызметінің арқасында құрмет пен абыройға бөленді. Жұмыс істеп жүрген кезінде ол уақытпен санаспай жұртшылықы қызмет етті.

Сексеннің сеңгіріндегі батиха апа бойын тіп-тік ұстайды. Жүрісі ширақ. Сөзі нық. Ол кісінің бойындағы өмірге деген құлшынысты, оптомистік көзқарасты анық байқау қиын емес.

Кейбір кісілер алпыс жаста денсаулығы сыр беріп қиналып қалса, Бәтиха апайда ондай жоқ. Үнемі сергек жүреді. «Дәрігерлік қызмет-менің өмірім» дегенді ол көп айтады.

Дәрігерлік қызметтің қыры мен сырын әбден меңгерген жан. Сондықтан болар өзінен кейінгі жастарды білімділікке, талапшылдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеуде. Жас мамандар оны ұстаз тұтады, құрмет көрсетеді.

Еткен еңбегінің арқасында Батиха Смағұлова талай мәрте мемлекеттік марапаттауларға ие болды. «Медицина саласының ардагері» төсбелгісінің иегері.

Б.Смағұлова әділдік пен шындықтың туын биік көтеріп келеді. Сәл әділетсіздік көрсе шыдап тұра алмайды. Бетің бар жүзің бар демей айтып салады.

Медицина саласының майталманы қызмет атқара жүріп перзенттерін өсіріп, қанаттандырды. Үлгілі жанұяның отанасы.

«Ел болмаын десең, бесігіңді түзе» демекші үйіндегі ұл-қыздарын да адам шыншыл, еңбекқор етіп тәрбиеледі.

Аналық бақытқа бөленген Батиха апа қазір ұлы Даниярдың қолында немерелерін бағып-қағып аялы алақанының шуағымен мәпелеп отыр.

Келіні Гүлжан да апасынан алған тәрбиесінің арқасында әулеттегі мақтаулы келіндердің қатарында.

Енесінің қолын жылы суға малып, жас келген кісіні құрметтеп, аялап, тәлім-тағылымын бойына сіңіріп келе жатыр. Батиха апамыз тамырын тереңге жіберген алып бәйтерек сияқты жапырағын жайып, қуаныш сезіміне бөленіп перзенттерінің ортасында бақытты, баянды ғұмыр кешуде. «Есейіп кеткенше мен саған сәбимін» демекші балалары қаумалап перзенттік ыстық ықыластарын көрсеткенде Батиха апа қуаныштан шаттанып кетеді.

Денсаулық саласының білгір маманы немерелеріңіздің ортасында бақытты ғұмыр кеше беріңіз дейміз.

Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ.

Latest news

Аудан әкімі қарттарға құрмет көрсетті

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай 90 жастағы Мами Дадабекұлы мен 91 жастағы Бәтжан Махажанқызының отбасына барып, мерекемен құттықтады. Сый-сияпат жасап,...

ТАҒАЙЫНДАУ!!!

РАЙЫМҚҰЛОВ ЕРЛАН БОЛАТХАНҰЛЫ аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы Райымқұлов Ерлан...

Құттықтау!

Қарты бар елдің қазынасы мол Құрметтi аудан тұрғындары! Қадiрлi ардагерлер! Сіздерді 1 қазан - Халықаралық қарттар күнiмен шын жүректен құттықтаймыз! Біз қашанда «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізден»...

Таукент кенті округі әкімі қызметіне кірісті

2022 жылдың 18 қыркүйек күні өткен Таукент кент округі әкімінің сайлау қорытындысына сәйкес Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 18 қыркүйек күнгі №118...

Related news