Бөлім бастығы есеп берді

Өткен аптаның сәрсенбісі күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында Түркістан облысы ПД Созақ аудандық полиция бөлімі бастығы, полиция подполковнигі Ж.Нысанбаев аудан тұрғындарына 2022 жылдың 12 айында аудан көлемінде атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша есеп берді.
Жиналысқа аудан әкімі М.Сексенбайұлы, аудандық мәслихат хатшысы Б.Байғараев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауыл, кент әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары, мектеп директорлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Есеп беру жиынын аудан әкімі М.Тұрысбеков ашып, жүргізіп отырды.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы баяндамасында:
-2022 жылдың 12 ай көлемінде Созақ ауданының полиция бөлімі қызметкерлерімен қылмысқа қарсы күресті күшейтуге, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, болған қылмыстарды дер кезінде ашуға бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылды.
Есептік мерзімде аудан көлемінде барлық бағыт бойынша тіркелген қылмыстар өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 30,8 пайызға немесе 81-ден 110 қылмысқа өскен, алайда орын алған қылмыстардың ашылымы 2021 жылмен салыстырғанда едәуір жоғары. Атап көрсетер болсақ:
-Аса ауыр қылмыстар 100,0 пайызға жоғарылаған (обл.93,0);
-Ауыр қылмыстардың ашылу пайызы 80,0-нен 80,5 пайызға жоғарылаған (обл.74,8);
Полицейлердің профилактикалық жұмыстары нәтижесінде, биыл ауданымызда адам өлтіру, отбасы тұрмыстағы қылмыстар орын алмаған, яғни кісі өлтіру қылмысы 1-ден 0-ге кеміп отыр;
Бұзақылық қылмысы 6-дан 1-ге немесе 83,3 пайызға төмендеп, ашылымы 100,0 пайызға жоғарлаған (обл.91,7);
Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының ашылымы 50,0-ден 75,0 пайызға жоғарылаған (обл.62,9);
Пәтер ұрлығы қылмыстары 2-ден 12-ге тіркелімі өскенімен, ашылымы 50,0-ден 72,7 пайызға жоғарылаған (обл. 64,9);
Мал ұрлығы- бүгінгі таңда елімізде, оның ішінде ауданымызда өзекті мәселелердің бірі болып отыр, яғни мал шаруашылығы аудан халқының күн көру көзінің басты бір бөлігі.
Сол себепті аудан әкімінің шешіміне сай аудан әкімдігімен құрылған іс-жоспарға сәйкес, бөлімнің қызметкерлерімен топ құрылып, мал ұрлығының алдын алу, болдырмау және орын алған мал ұрлығы қылмыстарын ашу мақсатында бірқатар нақты іс -шаралар атқарылды. Нәтижесінде мал ұрлығы қылмысының ашылымы 33,3-тен 90,0 пайызға жоғарылаған (обл.70,2). Бұл бағыттағы жұмыстарды ары қарай жандандыру мақсатында іс-шаралар жалғасуда.
Ал, орта санаттағы қылмыстар 35-тен 35-ке тұрақтаған, оның ашылымы 59,5-тен 88,6 пайызға жоғарылап отыр. (обл. 60,0%);
Алаяқтық қылмысы 29-дан 17-ге немесе 41,4 пайызға кеміген, орта және жеңіл санаттағы алаяқтық қылмыстарының ашылымы 62,5-тен 78,6 пайызға жоғарылаған (обл.53,2).
Мемлекет басшысының жолдауында алаяқтыққа, соның ішінде қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтығына қатысты құқық қорғау органдарына кешенді әрі нақты шаралар ұйымдастыруды тапсырған болатын. Өйткені бүгінгі таңды мұндай қылмыстың түрлері ұдая түсуде, ал қылмыстың бұл түрі біздің ауданымызда да жетерлік орын алуда. Дегенмен Созақ АПБ қызметкерлерімен «Алаяқтық» қылмыстарының алдын алу болдырмау мақсатында прокуратура қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, банк қызметі мен басқа да қаржы ұйымдарының қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізіліп, халық арасында интернет алаяқтық құрбаны болмау үшін ескерту плакаттары мен билбордттар ілініп, түсіндірме насихаттау жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылдың 12 айында Созақ АПБ-мен жалпы 157 қылмыстық іс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда қылмыстық істердің сотқа жолдануы 23-ке немесе 39-дан 62-ге көбейген.
Криминалдық саласы бойынша бірқатар іс -шаралар өткізілді, олар «Допинг», «Қару», «Қаңғыбас», «Арқан», «Көкнәр», «Айдап әкету», «Мал ұрысы», «Іздеу», «Контрафакт» және «Стоп трафик», «Бөтеннің малын ұрлау қылмыстарына қарсы күрес туралы» т.б іс-шаралар ұйымдастырылып, жұмыстар атқарылды.
Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлерінің жеке ізденуімен 35 қылмыс ашылып, жалпы 6 қылмыстық топ құрықталып, олармен 14 қылмыс ашылған. Сондай-ақ іздеудегі 5 қылмыскердің 4-і құрықталып, 1-і қалып отыр, ол бағытта ұстау бойынша жұмыстар жалғасуда.
Жалпы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында 19 учаскелік полиция инспекторы аудан көлемінде орналасқан 12 ауыл округтерінде қызмет атқарады. Жалпы 23 УПИ лауазымы бар, алайда бүгінгі таңда 4 орын вакант.
Созақ аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмысыпен қамту орталығынан, есепте тұрған жұмыссыздар есебінен осы жылы 40 сақшылар бөлу туралы аудан әкіміне ұсыныс жасалды, яғни ол азаматтар учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтауда және қылмыстың алдын-алуда жұмыстар атқаратын болады.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстардың алдын алу мақсатында аудан көлеміндегі білім беру мекемелерімен бірлескен іс- жоспар түзіліп, мейрам күндері және күнделікті қызметкерлер бөлініп, бөлімнің ювеналды полиция тобының қызметкерлерімен аудан көлеміндегі ойын-сауық кешендері және саябақтарда профилактикалық жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 2022 жылдың 12 ай қорытындысымен жасөспірімдер тарапынан қылмыс орын алмаған.
Сондай-ақ аудан көлемінде жалпы анықталған құқық бұзушылықтар өткен жылмен салыстырғанда 2459-ке немесе 9611-ден 7152-ге кем анықталып (2021ж-9611) алайда салынған 65 млн 154 мың 421 теңгенің 51 млн 670 мың 843 теңгесі өндіріліп, өндірілуі 79,3 пайызды құрап отыр (обл.-74,9).
Есепті мерзім ішінде аудан көлемінде жол көлік оқиғасынан дене жарақатын алғандар 19-дан 18- ге төмендеген (2021-19), ал жол көлік оқиғасы 13-тен 18-ге өскенімен (2021-13), қаза болғандар саны 17-ден 10-ға төмендеп отыр. Созақ ауданы аумағында жол көлік оқиғасының алдын –алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құзырлы мекемелерге жыл басынан бері 139-рет ұйғарымдар жолданды.
Негізінен жол көлік оқиғаларының басым бөлігі жолдарға шығып кеткен қараусыз жүрген малдарды соғу, олардың жолға кедергі болу салдарынан орын алуда, яғни 24 жәйт ЖКО әкімшілік кодексінің 610-баптарымен (жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген бұзушылық) сотқа жолданған.
Полиция тарапынан осы жағдайлардың алдын алу мақсатында қараусыз жүрген мал иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы, яғни ауыл шаруашылық жануарларын жою қағидаларын бұзу бойынша құқық бұзушылықтар анықталған кей жағдайларда аудан тұрғындары біздің бұл әрекетімізге наразы болып жатады. Оған мысал аудан әкімімен кестеге сай әр ауылдық округтерде халықпен кездесу барысында кейбір елді мекендерде осы жағдайлар көтеріліп, мәселені назарға алып, аталған құқықбұзушылық бойынша 2021 жылмен салыстырғанда 137-ге немесе 259-дан 122-ге кем анықталды. Бұл жерде айта кетерім полиция тарапынан басты мәселе осындай құқық бұзушылықтарды анықтау емес, ол жоғарыда көрсетілген жағдайларға жол бермеудегі профилактикалық жұмыстар екенін атап көрсеткім келеді.
Осы жол көлік оқиғаларынан қаза тауып немесе әртүрлі дене жарақатын алған, болмады дегенде өзіне не өзгеге үлкен материалдық шығын келтіріп жатқан азаматтар бірімізге аға-әпке немесе іні-қарындастарымыз. Сол үшін аудан тұрғындарын осындай жағдайларға жол бермеуге шақырамын,- деді.
-Сондай-ақ, аудан көлемінде орын алып жатқан жол көлік оқиғаларына назар аударып, олардың орын алу салдарын талдап, халықтың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, яғни ЖКО алдын алу мақсатында жасатып отырған жол белгілері, жол кедергілері, сондай-ақ, жаңаланған бағдаршамдар, ең айта кетерлігі ауданымыздағы елді мекендер арасындағы жолдардың бойында малдардың макеттері қойылған. Ондай жұмыстар бүгінгі таңға дейін облыстың бірде бір ауданында жасалмағанын атап көрсеткім келеді. Мұның барлығы аудан халқының және келуші қонақтардың жол қауіпсіздігін сақтауды ескертіп, оның алдын алуға үлкен септігін тигізері анық.
Алдағы уақытта да жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халық үшін мұндай іс-шараларды жалғастырамыз деген сенімдемін!
Осыған орай құрметті аудан тұрғындары сіздерден азаматтардың жол қауіпсіздігі оқиғаларының алдын алу үшін сондай-ақ қараусыз жүрген малдарыңыз барымташылардың қолдарына оңай кетуіне жол бермеу үшін малдарыңызға еге болуларыңызды сұраймын,- деп баяндамасын әрмен қарай жалғастырып, алдағы уақытта атқарылатын басым міндеттерге тоқталды:
-Ауыл әкімдері қараусыз жүрген малдарға бақташы, падашы ұйымдастыру, сырғалау жұмыстарын жүргізуді, яғни үш жақты келісім шарт бойынша жұмысты жандандыруды;
-ЖКО және мал ұрлығы қылмыстарының алдын алуда қараусыз жүрген малдарды қамауға нақты оқшаулау орындарын қарастыруды;
-ІІМ-нің «Мүлікті қорғаау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған ведомстволық бағдарламаны» іске асыру мақсатында Көршінің бақылауында, яғни пәтер ұрлығының алдын-алу мақсатында көршілер бірнеше күн ауданнан тыс басқа қалаларға немесе вахталық жұмыстарға кеткен жағдайда бір-біріне ескертіп, үйлерін тапсыруды;
-Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстардың алдын-алу мақсатында аудан көлеміндегі білім беру мекемелерімен бірлескен іс -жоспар түзіліп, мейрам күндері және күнделікті қызметкерлер бөлініп, бөлімнің ювеналды тобының қызметкерлерімен аудан көлеміндегі ойын-сауықтыру кешендері және саябақтарда профилактикалық жұмысарды жандандыруды;
-Бүгінгі жиналыс шешімімен 40 қоғамдық көмекшілерді (сақшы) жұмыспен қамтамасыз етіп, жалақысын жыл он екі айға жергілікті бюджеттен қарастырып, түбегейлі шешуді ұйымдастырамыз,-деді.
Жиналыс барысында Шолаққорған ауылының тұрғыны, еңбек ардагері П.Сақтапбергенұлы, Созақ ауылының тұрғыны, еңбек ардагері М.Жақсыбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Еспенбетов, еңбек ардагері А.Шәдібеков, Шолаққорған ауылының тұрғыны Б.Саржанов бөлім басшысына сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.

«Созақ үні»-ақпарат».

 

Latest news

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ -НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі аудан орталығы, Шолаққорған ауылында жоғары деңгейде, сән-салтанатымен аталып өтті. Наурыз мерекесін тойлауды аудан басшысы мен Созақ ауданының Құрметті азаматтары,...

СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ СОЗАҚ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БІРІНШІ СЕСИЯСЫН ШАҚЫРУ ТУРАЛЫ

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзі – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабы 1 тармағына сәйкес, сегізінші...

Төрт қалада электровоз өндірісі ашылады

Астана және Алматы қалаларында, Жамбыл мен Түркістан облыстарында электровоз шығарып, оларға қызмет көрсететін өндіріс орындарын ашу жоспарланып отыр. Жобаларды іске қосу барысында жергілікті мыңдаған...

Еуропалық одақ – Қазақстанның ең маңызды сауда серіктесі

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко еуропалық бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс барысы мен...

Related news

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ -НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі аудан орталығы, Шолаққорған ауылында жоғары деңгейде, сән-салтанатымен аталып өтті. Наурыз мерекесін тойлауды аудан басшысы мен Созақ ауданының Құрметті азаматтары,...

СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ СОЗАҚ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БІРІНШІ СЕСИЯСЫН ШАҚЫРУ ТУРАЛЫ

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзі – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабы 1 тармағына сәйкес, сегізінші...

Төрт қалада электровоз өндірісі ашылады

Астана және Алматы қалаларында, Жамбыл мен Түркістан облыстарында электровоз шығарып, оларға қызмет көрсететін өндіріс орындарын ашу жоспарланып отыр. Жобаларды іске қосу барысында жергілікті мыңдаған...

Еуропалық одақ – Қазақстанның ең маңызды сауда серіктесі

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко еуропалық бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс барысы мен...