Ауылдың айтқыштары

                             Жұбайымен қауынды бірге ұрлаған

Орынбек көкеміз әзілге жақын, әңгімені шырайын келтіріп айтатын кісі еді. Қасында отырсаңыз зеріктірмейді. Тұщымды уәждері көңілімді көтерді.

Бірде бір оқиғаны былайша баяндап еді:-Жаз айы болатын. Жаңадан үйленген кезім. Сол жылы апам еккен қауын бітік шықты. Қауын пісікке әлі біраз күндер бар. Десе де бірлі-жарым әңгелектер пісіп жатыр. Бір күні әжетханаға бара жатып екі түйнекті пәйттеп кеттім.

Шаңқай түс. Түскі астан кейін апамнан бастап барлығы ұйқыға кеткен. Орнымнан жәйлап тұрдым да бақшаға қарай аяңдадым. Қауынның арғы шеті қалың жүгері. Діттеген түйнектерімді алып, жерге ұрып енді жәукемдей бергенімде жүгері сыбдыр ете қалды. Қатты шошып кеттім. Сөйтем, жұбайым Күлмария да екі әңгелекті алдына алып пышақпен жарып жегелі отыр екен. Әлгі жерде:-Күлеке, бері кел, бірге жейік,- дедім жан-жағыма алқтай қарап,-деп әңгімесін күлкімен аяқтап еді.

Тышқандарды сабаған

Ауылда Совет деген кісі өте әзілқой азамат. Отырған жерін үнемі күлкіге қарық қылып жүреді.

Ол әңгімесін былай бастап жіберді:- Бір жылы жаңадан салған үйімізді тышқан басып кетті. Мысық та ұстадық бірақ болмады. Әсіресе түнге қарай дүңкілдетіп өріп жүретінді шығарды. Не амал жасау керек. Әрі ойланып, бері ойланып амалын таптым ау әйтеуір.

Үлкен зал бөлменің жарығын түнімен жарқыратып жағып қойдым да көз ілместен аңдып отырдым. Қолымда үлкен сойылым бар. Аңдып отырғанымда түннің ортасы болды. Бір кезде тышқандар жорта бастады. Әлгілердің ортасынан неше түрін көрдім. Үлкені де, кішісі де бар. Әлден уақытта ең үлкені шығып жортып жүгіріп жүр. Дәу де болса осы атаманы ғой деп. Әлгіні ебін тауып ұстап алдым. Ұстаған соң көкесін көзіне көрсетіп сабадым. Аузы-мұрыны қан дала болды. Орнынан әрең тұрып ілбіп зорға кетті. Сөйтіп де, жатып ұйықтадым. Ертесіне оның арғы күні де тышқандар жортуын тоқтатып, сап тиылды. Әлгі атаман қасындағыларға айтып барған болуы керек,-деп Сәкең әңгімесінаяқтады.

Өз орағамыз өзімді қуып келемін

Көп жылдар шаруашылықпен еңбек еткен Сайлаубек көкеміз әңгіме айтқанда шырайын кіргізеді. Әсіресе қайындарымен әзілдескенде алдына жан салмайды.

Шаруашылықта веттехник болып қызмет жасайтын қайнысы Оңласынмен қатты әзілдеседі. Бір күні әлгі веттехник қайнысы бір отар қойды емдеуге келеді. Акт жасап емделді дегенге ол көнбейді. Сонымен отардағы 80 қойды баспа бас ұстап әлгі жерде емдейді ғой. Сәкең бала шағасымен қатты шаршайды. Дереу бір қозыны сойып жіберіп қайнысын қонақ етеді. Болса да Сәкеңнің жұбайы ұнның арасына тыққан жүз грамын шығарады ғой.

Әне міне дегенше қуырдақ та дайын болып, қуырдаққа бір шиша алып келеді. Оны қайнысы мен жездесі бажарып алады. Содан асылған ет те пісіп, ортаға келген соң тағы бір шиша ортаға келіп жайғасады. Әлгі шиша орталана бастағанда қайнысы Оңласын Сәкеңе ажырая қарайды. Манадан бері әзілмен уағытып отырған Сәкеңнің сөзі Оңкеңнің ашуын келтірсе керек орнынан тұрды да Сәкеңе қарай скалперін алып ұмтылды. Біз баламыз. Әкемізді жарып тастайтындай болды-ау деп қорқып кеттік. Әкеміз:—Оңке, Оңке,- деп ашуын басайын деп еді ол одан сайын өршеленіп кетті. Содан Оңкең Тоқтамай Сәкеңді қуалай жөнелсін. Киіз үйді бір-екі мәрте айналдырып қуды. Оған да басылмады. Содан төмендегі бұлаққа қарай қашып бара жатып:-Өз арағым, өзімді қуып келеді,-деп айқайлап барады.

Қайта анамыз барып Оңласынның қолынан ұстап отырғызып отырған жерінде айналып отырып ұйқтатты.

Сол күні веттехник нағашымыз үйге қонып, ертесіне ауылға қайтты. Былайынша үндемейтін кісі қу арақтың кесіренен әкемізді жарып тастай жаздады. Бұл әңгімені естіген Сәкеңнің құрдастары күлкіге қарық болды.

Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...