Ауылдастарынан алғыс алған азаматтар

Шағын ауылдың тірлігі қаланың қым-қуыт тірлігі мен абыр-сабырынан кем емес. Көктем шыға аула мен ауыл іші, қора-қопсы маңайын тазалауданбастап есік алдындағы бау-бақшалықты аударып, тырмалап, дән тастау, қылтиып шыққан көшеттер өсіп  өнімін салғанша күтіп баптау сол тірліктің ішінде кетеді. Ауылды жерлердегі тұрғындардың көпшілігімал ұстайды. Оның ішіндеқысқы соғымға деп ірі қараларды байлап семіртіп союға әзірлейтіндері қаншама. Әрине, оның барлығы азықтық салмағы мен құнарлы құрамнан тұратын жем-шөп қорына байланысты. Мал байлап сою үшін мол жем-шөп қорың болуы керек. Қарақұр ауылында тұратын, жергілікті кәсіпкер Асанов Оразәлі есімді азамат ауыл тұрғындарының алғыстарына бөленіп жүрген жан. Ол соңғы жылдарыжаз бойы қарбыз, қауын, қызанақ, картоп, қиярмен қатар жатқан  Шаға, Раң ата, Қарақұр ауылдарының халқын қамтамасыз етіп жүрсе, күз бастала салысымен азықтық жеммен ауылдастарын қамтып жүреді. Өзінің жеке меншігіндегі жүк көлігімен Түркістан, Шымкент қалаларынан арзан бағамен жемнің бидай, арпа, жарма бидай, кебек, сондай ұн өнімдерінің түрлі сорттарынан бастап қара ұнға дейін әкеліп елдің ризашылығына ие болып жүр. Қатып сіресіп қалған бағасы жоқ. Ауылдастарының жағдайын ескеріп, қарызға деп, келесі айлыққа үлестіріп жатады. Оразәлі сонымен бірге түрлі қайырлы, сауапты істерден шет қалған емес. Қал қадірінше айналасына қолұшын созуды өзіне парыз санайды. Жұбайы Орынкүл Атымтайқызы үй жанындағы жекеменшік дүкенінде жұмыс жасап, ауыл-аймақтың әжетін шығарып, керегін тауып беріп жатады. Кешегі Ұлы Отан соғысына қатысқан даңқты майдангер Асанов Әдіхан көкеміздің қара шаңырағына иеболып, қара шаңырақтың түтінін түтетіп отырған Оразәлі мен жұбайы Орынкүлдің үйінің төрі Алматы, Шымкент, Шолаққорған мен Қарақұрдағы бауырларының асыға , сағына баратын киелі алтын ордасы. Бәрінің балалық шағы осы үйдің орнындағы қазақы тамда өткен. Сол себепті бәріне де осы шаңырақ ыстық көрінеді. Отбасында Альбина, Берік, Талғар, Венера, Көркем атты ұл қыздарын аялап өсіруде. Жақында ғана Оразәлі мен Орынкүл Венера есімді қыздарын ұзатты. Әрине, мынандай қиын кезеңде шағын ғана отбасы мүшелерінің қатысуымен күндіз бір-екі сағаттық уақыт ішінде ақ баталарын беріп ұзатып салды. Ұлдарын ұясына, қыздарын қиясына ретімен қондырып ата-ене атануда. Оразәлі оқу орнын бітіріп келген соң бірнеше жыл Сәуірбек Бақбергенов атындағы жалпы орта мектебінде денешынықтыру пәнінен шәкірттерге ұстаздық еткен болатын. Нарықзаманы келіп, сананы тұрмыс билеп, мұғалімнің азын-аулақ айлығы отбасының шайлығына жетпеген соң, ұл-қыздарының ертеңгі болашағын ойлаған Оразәлі кәсіпкерлік саланы таңдап, содан бері ауылдастарын азық-түлікпен, олардың керек-жарақтарын тауып берумен, қораларындағы азын-аулақ малдарына жем-шөп қорын жеткізіп  берумен айналысып келеді. Тынымсыз тірлігі арқылы елдің алғысы мен сауабын, ақ баталарын алып келеді. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші қай ауылға барсақ та барлығы Оразәліге риза болуда. Сол себепті ауылдас ағайындар аудандық газет арқылы өздерінің алғыстарын жариялауымызды өтініп жатты. Тіпті, бір ауылдың қарт  тұрғыны: «Балам-ау «Құрметті азамат» деген атақтарыңды Ошанға (Оразәлі дегені ғой) берсеңдер артықтық болмас. Қаншама жыл бізді де, малымызды да азықпен қамтып келеді. Кім осылай алдымен өзінің отбасы үшін, одан кейін халық үшін жұмыс жасап жатыр деп өзінің ақжарма көңілін білдіріп жатты. Біз сұқбаттасуға барғанда құрдасы, әрі көршісі Әшіров Айдар есімді азамат та Оразәлінің қасынан табылды. Айдар да ешкімге тәуелді болмай маңдай терімен, өзінің жеке шаруашылығын дөңгелетіп отырған еңбекқор азамат. Қайсыбір жылдары Айдар ауласынан  дүкен ашып ауыл  халқына біршама қызмет жасаған болатын. Бүгінде өзінің қосалқышаруашылығын отбасымен жүргізіп келеді. Жұбайы Ләззат үй шаруашылығынан шыға алмайды. Өздерінің күнделікті жайылымға шығып жүрген бірнеше  сиырларынан сүт, айран, құрт, ірімшік әзірлеп, Жеңіс, Ғайнижамал, Әсем, Ақниет, Арай, Еркежан есімді балаларын еңбекке баулып жүрген өнегелі отбасылардың бірі. Ләззат «Күміс алқа» иегері.

Қайсыбір іс шара, қатарластарының жиын тойыболсын соның басы қасында жүретін осы азаматтар. Ұйымдастырып, басшылық жасап ауылдың абыройлы азаматтары қатарында жүреді.Оразәлі мен Орынкүлде көп балалы отбасынан шыққанжандар. Сол себепті олар көпшіл, ағайындарымен жиі бас қосып, үйлері қонақтардан босамайды. «Орынкүлдің қазаны оттан түспейді» деп әзіл-шынын қосып әзілдейді Лесбек, Жұбаныш, Нұржан, Қуаныш сияқты кластастары . Расында Алматысы бар, Шымкент, Шолаққорған, Түркістаны бар ауылға сағынып жеткен достары Мұхтар, Талғат, Қаппаз марқұм, Сейілбек, Садырхан, Нұриддин мен Бижігіті бар, баршасы  осы үйге алдымен бас сұғатын. Достарының келгенін есітіп ауылдағы кластастары Талғат, Әсет, Шыңғыс, Айдар, Ермектер де асыға жетеді. Әрине ол күні мал сойылып достар арқа-жарқа болысып жатады. Осы бір ғана сәттік көріністен Оразәлі  мен Орынкүлдің қазақы қонақжайлық, салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптың ауылына жақын, жаны жайсаң жандар екенін аңғаруға болады. Бүгінде елуден асып, алпыс жасқа қарай қадам басқан жігіт ағалары, аз жылдар ішінде бата берер ел ағасы қатарынан көрінетініне бек сенімдімін.

Мақсат Қарғабай

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...