Алашына адалынан туған перзент еді

Сәуірбек Бақбергенов халықтың жазушысы. Халықтың ішінен шыққан. Халық ауыз әдебиетімен бала жасынан сусындап өскен талантты тұлға. Сәуірбек ел ішіндегі, ағайын арасындағы, туған жер төсіндегі болған жайларды шынайы суреттеумен жазатын бірегей жазушы. Ол шығармаларының басым көпшілігін қалың бұқараның жан дүниесімен үйлестіріп жазған. Біздің бабалық шағымыз әйгілі де қасиеті Созақ ауылының топырағында өтті. Бұл Созақ ауылы не көрмеген ауыл? Қандай тарихи оқиғаларға куә болды? Қаншама рет қирап, қаншама рет қайта тұрғызылды. Бізден алдын өмір сүрген аға-көкелеріміз тарихтың өткен шежірелі бетерінен хикаяттар айтып отыратын. Сонда соғыстың алдын Сәуірбек Бақбергенов Созақ ауылындағы мектепте бірер жыл мұғалім болып қызмет атқарған екен. Ол уақытта бойдақ болса керек. Сәуірбектің Созақтағы тұрмысы мен еңбек жолы туралы кезінде майдангерлер Атабек Асылбеков, Ертай Аманжоловтар айтып отыратын. Сәуірбек ағамыз көзі тірісінде баяғы өзі қызмет еткен Созақ ауылына келіп кеткен болатын. Ол сол келісінде қасиетті Қарабура әулиенің басына барып құран бағыштап қайтыпты. Батыр барлаушы Асылбеков Атабек ағамыздың үйінде болған сәтінде «Шіркін! Созақтың өзі жазыла қалса он шақты романға татитын қасиеті бар ғой. Әттең жасымыз келіп Созақ тарихын жаза алмай кетіп барамын. Келер ұрпақтың еншісіне де қалуы тиіс дүние болса -ол Созақ қаласының тарихы» деп айтып кеткен екен. Сол жолы таң атқанша Атабек көкеміздің шерткен шертпе күйін құлағының қырышы қанғанша тыңдап тыңайып, күш жинап келесі күні Алматыға аттанып кетіпті. Бұл жазушының Созақ еліне соңғы сапары болған екен. Кейін өмірден өткенін естіп Созақ ауданынан барған делегация құрамында болып қайттым. Көзі тірісінде еліне сыйлы, атақ даңқы аспандап тұрса да менмендігі жоқ, қарапайым азамат болатын. Мен жазушымын, мен тұлғамын деп кеуде керуді білмейтін сабырлы, ұстамды кісі екенін бір көріп кездескен сәтімде байқаған едім. Шаға ауылындағы үлкен мектепке елеп есімі берілді. 80-90 жылдық мерейлі шаралары ұйымдастырылды. Биылғы жылы халық жазушысы, жерлесіміз, мемлекет және қоғам қайраткері, майдангер Сәуірбек Бақбергеновтің 100 жылдық мерейлі шарасын атап өтуге  мұрындық болып жатқан Шаға ауылындағы ағайындарға, мектеп ұжымына, мектеп басшылығына шексіз ризашылық білдіремін. Қасиетті кісінің әруақ шапағаты қорғап, қолдап, еңбектеріңнің Хақ Тағала жемісін жегізсін. Істеп жатқан қайырлы істеріңнің берекесін берсін деген аталық ақ тілегім мен бастап жатқан бастамаларың баянды болсын деп ақ батамды беремін!

Бейімбет БАЙҒАРАЕВ,

Созақ ауданының Құрметті азаматы

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news