Адал еңбек, ащы тердің иесі

 

Шымкенттегі белгілі университеттің 2-курсын бітірген жылдың жазында Созақ ауданына келін боп түстім. Отбасында 6 бала, 2 қыз болатынбыз. Арыстандай алты ағам бар (құдай көпсінбесін). Алдымдағы үйленбеген екі ағамды күтпестен тұрмысқа шығып кеттім. Жолдасым да осы жылы аталмыш университетті бітіріп, «ауыл қайдасың?» деп жол тартайын деп тұрғанда, сынақ,емтиханды  бітіріп, «ертең ауылға қайтамын» деп тұрған мені алып қашты. Келін боп түскен күннен-ақ елгезек,еңбекқор, әңгімешіл атамды жаныма жақын тарттым. Мені өз қыздарынан артық көрмесе, кем көрмеді.

Екі ай өткенде құдалық болды. Құдалық барысында тілектер айтылып,бата берер тұста әкем жолдасым екеумізді ортаға шақыртты. Сонда әкем: Балаларым, кешелі бері құдам мен құдағиым туралы талай жайтқа қанықтым. Әукеңнің осындай дәрежеге тынымсыз еңбектің, маңдайдан аққан ащы тердің арқасында жеткенін білдім. Қызым,бұл үйге әрбір тиын адал еңбектің, ащы тердің арқасында кірген. Бұл кісі-еңбектің майталманы. Ерен еңбегіне басымды ием. Сондықтан осы кісілердің көңіліне қаяу түсірмей, қадіріне жете біл. Атаңды құрметтегенің-мені құрметтегенің, енеңді сыйлағаның-шешеңді сыйлағаның,-деген еді.

Атам дастарқан басында отырғанда өзінің қиын да қилы балалық шағы, одан кейінгі еңбек жолындағы жан беріп,жан алысқан тынымсыз еңбек, толассыз аққан маңдай тер, отбасылық өмірдегі жетіспеушіліктер туралы үнемі айтып отыратын. Ауқатты отбасында (атам колхоз бастығы, әкем білім қызметкері болды) дүниеге келген мен үшін бұл әңгімелер ертегідей көрінетін. Көзбен көрмесем де,құлағым тұщып әңгімелер естімесем, осындай қиын тағдырлар болады дегенге сенбес те ме едім.

Атамдар отбасында 2 ұл, 5 қыз болған.(бір әпкесі тұрмысқа шыққан соң қайтыс болған)Бірде атамның үлкен әпкесі бір әңгімесінде: «Сенің екі атаңды қатарға қосу үшін жанымызды салып еңбек еттік.Соғыста өлген әкеміздің ошағының оты өшпесін деп, ең болмаса, біреуін тірі алып қалайық деп ойладық.Төре екеуміз (сіңілісі) таңертеңнен қара кешке дейін колхоздың қара жұмысын жасап,ақысына кешке бір сорпа кесемен бидай алып келетінбіз. Оны үйге әкеліп, қол диірменге тартып,илеп, нан жасайтынбыз, одан кішкене күлше шығатын. Сол күлшені теңдей ғып екіге бөліп,аталарыңа  беріп,өзіміз сол екеуінің тоймаса да тамақтанып, жыламай ұйықтағанын көңілге медеу тұттық. Міне, осы жағдай күнделікті қайталанып отыратын»,-дейтін.Апамның атам туралы осы естелігін қазірге дейін есіме түссе,не біреуге айтсам, тамағыма өксік тығылып, көзіме еріксіз жас келеді. Не деген қиын тағдыр десеңізші?! Қазір де жазып отырып, көз жасына ерік беріп отырмын. Шіркін, қазіргі жастар мамыражай, бейбіт заманның қадірін білмейді-ау…

Атамыз: -Біз бала болмадық,бала боп ойнамадық. Әкеміз соғыстан қайтпады.Әкем соғысқа кеткенде анамның егіз сәбиді (ұл мен қыз, еркек бала қалсын, атамызға серік болсын  деп қызға көңіл бөле алмай, шетінеп кетіпті) дүниеге әкелгеніне небәрі он сегіз күн болған екен. Кейін соғыс біткен соң,

5 баланы аштан өлтіріп алмайын деп, анам қайта тұрмысқа шықты»,-дейтін. Сол уақыттағы оқиғаларды айтып отырып, бір күні еңкілдеп жылап жіберді. Өмірімде атамның жылағанын екі рет көрдім. Екіншісінде, тұңғыш қызымыз 9 айында көз тиіп шетінеді. Сол кезде атамның егілгенін көріп,ол кісінің сырттай қатал көрінгенімен жанының нәзіктігіне, жүрегінің жұмсақтығына, балаға, баланың болашағына бей-жай қарамайтындығына көзім жетті.Әр немересінің болашағынан үлкен үміт күтетін, әрбір іс-әрекетін,қылықтарын жақсылыққа балап отыратын. -Мәдина, Ұланды

9-сыныптан кейін оқуға берсек қайтеді? Ертерек еңбекке аралассын,-дейтін. Бірақ атам ол арманына жете алмады. Көрген түстей бас-аяғы үш-төрт күннің ішінде атамнан айырылып қалдық. Төбемізден жай түскендей болды. Әкемдей болған ғазиз жанды жаныма жақын тұтқаным соншалық, «әке орнына әке болған, әкешім-ау» деген жоқтау сөздер тіліме еріксіз оралды.Бір жылға дейін есімізді жия алмай, аза тұттық. Әзірге дейін сағынамыз, есіміз кете еске аламыз. Атам үй артындағы көденің жанында қасқайып тұрғандай болады  кейде. Шіркін, бейнеттен арылып, қарттық жасына жетіп,төрімізде жейдесін желбегей жамылып отыра алмады-ау деймін, амал нешік…Шаңырағымыздың шамшырағындай,ізгі жолымен,еселі еңбегімен,ұлағатты сөзімен бізге дұрыс жол көрсете  білген қазыналы жанның келіні болғанымды мақтан етемін.

Кейінгі толқын келіндерге  «Қарты бар үйдің қазынасы бар»деп текке айтпаған, ол кісілер біздің жанымызда мәңгі жүрмейді екен, сондықтан пендешілікпен  көңіліне қаяу түсірмей, қолда бардың қадірін білейік!-дегім келеді.

 

Мәдина Әбдімүтәліпқызы,

келіні

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...