Абайды қазаққа, әлемге танытқан

 Иә, биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойы. 2019 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының президенті Қасым- Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өту жайындағы жарлыққа қол қоған болатын. Мерейтой тек республикалық деңгейде емес, ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ (Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы) аясында аталып өтілетін болды. Содан бері, міне бір жылдан асты хакім Абайдың өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын түрлі бағыттағы іс- шаралар өткізілуде. Әрине, ауданымыздың бас ақпараттық жаршысы ретінде біздің «Созақ үні» газетінің беттерінде ақын Абай жайлы жарияланымдар толастаған емес. Мен де, көптің бірі секілді ғұлама Абайдың хакімдік қыры мен өмірі мен шығармашылығындағы хақ дін Исламның алатын орынына бірнеше рет тоқталғанмын. Бұл, Абай тақырыбы бір, он немесе жүз жыл жазумен түгесіліп қалатын тақырып емес. Оған дәлел, міне ғасырдан астам уақыт өтті, бірақ Абай мұрасы насихатталып емес, әлі толықтай танылып біткен жоқ. Сол, бір ғасырдан астам уақыттан бері Абай тақырыбына қалам тартқан адамның есебі жоқ. Әлі де нешелеген адамдар қалам тартары белгісіз.

 Айтпағым, Абайға қалам тартқандар көп, тек Мұхтар жалғыз. Олай дейтінім,  тақырықа қалам тартқандардың саны жүздерді, мыңдарды құрасада Абайды қазаққа, әлемге танытқан Мұхтар Әуезов қана. Ендеше, осындай әлемдік мсштабта Абайдың тойы тойланып жатқанда Мұхтар Омарханұлы жайлы бірер сөз айтылмауы теңіз түбіндегі маржанды жарыққа шығарған зергердің еңбегіне қиянат болар еді.

 Сонымен, қайнар бұлақтың қай жерді тесіп шықпасы маңызды емес екен, керісінше, түбі тесіп шығары маңызды. Айтайын дегенім, кез- келген бір ұлы адам жайлы жазбаны оқып, тыңдап  отырсаңызмынадай сөзді естисіз: «Бұл адам, егер осылай қалыптаспағанында міндетті түрде былай қалыптасқан болар еді!». Демек, ол адам біз мысалға қайнар бұлақ іспетті болғаны, әйтеуір бір жерді тесіп шығуы тиіс. Міне, қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезозтың да тағдыры солай. Олай дейтінім, Мұхтар Омарханұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеушілердің айтуынша бала Мұхтар атасы Әуездің әуелі медресеге, кейіннен училищеге бергеніне қарамастанаяқ добы (футбол) ойынына қатты қызыққан көрінеді. Тіпті, жігіттік шағында футболмен кәсіби деңгейде шұғылданғаны сондай, өзі қатарлы құрдастарымен «Жарыс» командасын құрып, көптеген біріншіліктерде өнер көрсеткен. Жартылай қорғаушы ретінде өзін елге танытқан жігіт Мұхтар қазақстан жерінде футболдың негізін қалаған деуге де болады. Кім біледі, бәлкім Мұхтар Омарханұлы жазушы болмағанда атақты Пеле, Лев Яшиндер секілді қазақтың футболын әлемге танытар ма еді. Дегенмен, өзіне рухани ұстаз тұтқан ақын Абайдың: «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!»,- деген өсиетін өмірлік ұстаным етуге бел шешіп, қазақ  әдебиеті мен мәдениетінің және өнерінің негізін қалауды ұйғарса керек. Нәтижесінде, қазақ даласында ең алғаш қойылған «Еңлік- Кебек» пьессасының авторы атанды. Алғаш, Семей жерінде екі киіз үй тігіліп, бірінде көрермендер жиылса, бірінде сахналық қойылым болды. Алғашқы қойылымды тамашалауға хакім Абайдың немерелері мен Мұхтардың туыстары келіпті. Сондай- ақ, 1918 жылы Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов екеуі Семей жерінде «Абай» жорналын шығарады. Бірақ, сол тұстағы кеңес билігінің ұйғаруымен идеологиялық тұрғыдан дұрыс емес деп танылып, 12 нөмірінен соң тыйым салынды. Содан не керек 1919 жылдың 1 желтоқсанынан Кеңес өкіметі Семей жерінде әбден бекіді. Нақ осы жылы Мұхтар Омарханұлы Семей мұғалімдер даярлайтын семинариясын тәмамдап шығады.

 Араға екі жыл салып, «Красный Қазақстан» жорналында Мұхтар Әуезов «Арғын» деген атпен «Кедей айнасы» алғашқы  көркем шығармасы жарық көреді. Сол тұстағы қазақ қоғамының тұрмыс- тіршілігін шебер суреттеген шығарма жазушының қаламгерлік жолының баспалдағы болады және қазақ прозасының негізін қалайды. Сонымен қатар, Мұхтар Омарханұлы 1921- 1926 жылдар аралығында «Арғын, Қоңыр, Айғақ» және т. б атаулармен шығармаларын жариялай бастайды. Тағы да, «Бәйбіше- тоқал» сынды пьессалары да жырық көрді. Ал, 1923 жылы Әуезов Ленинградтағы мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 1928 жылы бітіріп шығады. Әйткенмен, білімге бас ұрған жас мұнымен де тоқтап қалмай отбасын алып, Ташкентке барады. Мұнда Орта- Азиялық университеттің аспирантурасына түсіп, студенттерге дәріс оқиды. Сөйтіп, 1930 жылы балаң жігіт Мұхтар сол тұстағы «Алқа» жазушылар одағында қызмет істейтін қазақ жастарымен бірге тұтқындалып, екі жыл түрмеде отырып шығады. Дегенмен, екі жыл бойы тар қапаста отыруы да заңғар жазушының сағын сындыра алмайды. Бостандыққа шыға салысымен бірнеше көркем шығармалар мен пьесаларды дүниеге әкеледі. Міне, осы тұста ол алғаш рет Ибраһим Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын зерттей бастайды және тұңғыш рет «Абай» өлеңдер жинағын шығарады. Сондай- ақ, осы кезден бастап Абай мұрасын ғылыми негізде зерттеуді бастайды. Бірақ, бұл оның пьесалар жазуына кедергі болмайды. Нақ осы кезден бастап Мұхтар Әуезов ең көп оқылатын және ең көп қудалауға түсетін тұлғаға айналып үлгереді. Сол тұстағы органдар Мұхтар Омарханұлының шығармаларын тәркілеп, өзін қудалай бастайды. Дегенмен, қудалау әбден күшейе түскен сәтте Ресейге қашып кетеді де орыстың белгілі жазушысы Леонид Соболевпен бірлесіп шығармашылық ізденістерін жалғастырады. Содан, 1942 жылы алғаш рет өзнің «Абай» көркем туындысын жариялайды. Сонымен қатар, 1945 жылы Мұхтар Әуезов «Абай» операсымен Абай әндеріне негізделген кинолентасын жазып, жасап шығарады. Міне, сол еңбегі үшін жазушы кеңес өкіметі тұсындағы ең маңызды наградалардыңбірі «Еңбек- Қызыл ту» орденін иеленеді. Сондай- ақ артынша, 1948 жылы Сталин премиясына лайық деп танылып, 100 000 сомдық жүлдеге ие болады. Ал, 1952 жылы заңғар жазушы өзін, Абайды және қазақты әлемге танытқан үздік шығармасы «Абай жолы» роман- эпопеясының екі томдығын жазып шығады. Мұнан әрі, екі жылдан соң роман эпопеяның үшінші томын жазып бітіреді. Міне, осыдан соң Мұхтар Әуезов кеңестік делгацияның құрамында шетелге шығады және алғаш рет қазақ әдебиетінің антологиясын жазады. Оның «Абай жолы» роман эпопеясы бүкіл әлемдік әдебиеттің қорына енеді және 27 ұлттың тіліне аударылады. Бұл қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген үлкен құбылыс болды.Себебі, Мұхтар Омарханұлының бұл роман- эпопеясында тек Абайдың өмірі ғана емес, ХІХ ғасырдағы қахақ халқының тұрмыс- тіршілігі, рухани әлеуеті мен бітім- болмысы анық және шынайы суреттелген еді. Сондай- ақ, бұл роман- эпопеяны оқып шыққан әлемдік деігейдегі жазушылар, қоғам қайраткерлері қазақ халқына да Абайға да жазушының шеберлігіне де үлкен баға берген екен. Мәселен, Француздық әйгілі ақын Луи Арагон бұл шығарманы ХХ ғасырдық теңдессіз тындыларының қатарынан деп бағалапты.

 Иә, ағайын! Жоғарыда айтқанымыздай Мұхтар Әуезов жазушы болмай, футболшы болғанда бәлкімәлемдік деңгейдегі ойыншы болар ма еді? Бәлкім, оның себеп болуымен қазақстан футбол құрамасы қазіргі таңда Еуропаның ауызын айға білеген командаларымен терезесі тең ойындар көрсетіп, мақтанышымызға айналар ма еді?

 Бірақ, ол кезде Абай қазаққа, әлемге танылмас еді. Қазақ та әлемге жай футболистерімен ғана танылып қояр еді. Бәлкім, ол жағдайда қазақ әдебиеті, мәдениеті мен өнері бүгінгідей деңгейге шықпас еді. Демек, қазақтың заңғар жазушысының бойындағы қайнардың қазаққа аса пайдалы тұсынан тесіп шығуы да Жаратқанның қазақ халқына деген мейірімі, жомарттығы деп білемін. Бұдан шығатын қорытынды, Мұхтар Омарханұлы Әуезов болмағанда бүгін біз Абайдың 175 жылдығын әлемдік деңгейде тойламаған болар едік. Абайдай ақын, ғұлама,хакім тұлғасы Шығыстаудың баурайынан аспай қалуы бек мүмкін еді. Ендеше, Абайды насихаттап жатқанда Мұхтарды да ұмытпауымыз керек. Екеуіне, егіз ұғымдай қарауымыз қажет. Мұхтарсыз Абайды, Абайсыз Мұхтарды ұғуға болмайтынын түсінетін күн жетті деп ойлаймын.

Данияр Құл- Ахметұлы

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...