Абай -арда алаштың перзенті

Халел Досмұхамедұлы Абай жинағын баспаға дайындағанда Қазақ-Қырғыз білім комиссиясының ұйғаруымен қазақ емлесін пайдалана отырып, жаңылыс басылған сөздерді түзеп, өлеңнің мәнісіне оқушылар анық түсіну үшін өлең ұйқасына, мағынасына қарай айырым жазып, шет тілдерден кірген сөздерге, оқушыларға түсінуі қиын-ау деген кейбір қазақ сөздеріне де түсіндірме береді. Түсініксіз сөздердің мағынасын өлеңнің аяғында айрықша көрсетеді. Абай шығармаларының екінші басылымында баспагерлік те, редакторлық та жұмыстарды қоса атқарған Халел кітаптың бірінші басылымындағы кемшіліктерді жоюға қолынан келгенін жасағанын, бұл жұмыстарды атқаруда: «Арамызда Абайдың сөзін естіген жолдастарының, я туғандарының болмағандығынан, өлеңдерін анық білетін кісілердің табылмағандығынан, Абайдың өлеңдерін тексеру, жаңылыс басылған сөздерін түзету, өлеңдерін жүйесіне, мағынасына қарай жіктеу орасан қиын болды»,-дейді.
Абай кітабын баспаға дайындаушылардың мұншалықты күрмеуі қиын ауыр жұмыстарын ескерген Қазақ-Қырғыз білім комиссиясы Қазақстанның Абайды толық қылып басуға кіріскенін ескеріп, көмек беруден аянбаған. Бұл игілікті істің басы-қасында Нәзір Төреқұлов болған. Нәзірдің қайраткерлігі туралы Халел Досмұхамедұлы: «Абайдың тарамағандығынан қазақ-қырғыз әдебиетіне, оқушыларға, шәкірттерге, мұғалімдерге келетін кемшіліктерді көрсетіп, шапшаңдықпен Абайды жұмыстауға білім кәмисиасына қамшы болған Нәзір Төреқұлов болды.Баспахана жағынан да тоқталмай тездікпен жөнделіп, басылып шығуына да Нәзір міндетті болды,»- деп жазады.
Нәзір! Қазақтың тұңғыш дипломаты, Түркістан түлегі. Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Халел Досмахамедұлы қатарында Абайды Түркістанға- күллі түркі(түрік) жұртына танытқан дара тұлға.
Міне, хакім Абайдың трактат-хикметінің екінші басылымы 1923 жылы Ташкентте осылай жарыққа шықты. Елге тарады. Абайды оқып тәлім алған алғашқы әскери қызметкер Қызыл армия командирі, Ұлы Отан соғысының қаһарман батыры, әскери жазушы Бауыржан Момышұлы болды. Мәселен, Бауыржанның Абайдан алған ғибратын жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» атты роман- диалогындағы (1976) автор мен кейіпкердің мына диалогынан аңғаруға болады:
«Автор. Әскерде, соғыста қандай кітаптар оқыдыңыз? Қандай жағдайда, қалай оқыдыңыз?
Бауыржан. …Толстойдың «Соғыс және бейбітшілігі» мен «Севастполь әңгімелерін», Пушкин мен Лермонтовтың әскери прозасын, адмирал Нахимовтың, адмирал Макаровтың, ағылшын адмиралы Нельсонның кітаптарын, қазақ кітаптарынан мен Абайды ешқашан да жанымнан тастаған емеспін. Мен Абайды ақын деп қана емес, ойшыл, философқа балап оқыдым. Барлап қараған және әскери көзбен қараған кісіге Абайдың өзі қып-қызыл соғыс. Рас айтамын. Мәселен, оның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген өлеңін алшы, жатқан соғыс емес пе? … Москва түбінде тұрғанда Қазақстаннан алдырып, Шоқан Уәлиханов шығармаларының ертеде шыққан басылымын оқыдым. …Ал «Абай» романының бірінші кітабы менің қолыма соғыста жүргенде тиді. Өз қолымен автограф жазып оны Мұқаңның өзі жіберді. Мен оны оқып шығып, Мұқаңа арабша 6 бет хат жаздым. Мұқаң менің кітапқа берген бағама разы болып, 3 бет жауап жолдады.»
Міне, Бауыржан осылай Шоқан мен Абайды оқып, толық адам болды. Батыр, батыл, қаһарман қолбасшы болды. Бұл құбылыс Баукеңнің өзі айтқандай Абайдың тағылымы»-деп жазады әдебиетші А. Жұмашов.
Абай атамыздың туған күні қарсаңында аудандық орталық кітапхананың оқырмандармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Абайды тағы бір таниық» деген мақсатта дастархан басында әңгіме дүкен құрдық. Кеңес жылдары мәдениет бөлімін басқарған Теміров Махмұт көкеміздің үйіндегі апамыз немересімен келіп, шара ажарын аша түсті. Келген қонақтарға тіл үйірер бауырсақ пен балдай тәтті қымыз ұсынылды.    Қымыз іше отырып, кітапхана қыздары әзірлеген Абай хақында сауалдарға жауап берілді. Дастархан басында ән айтылып, күй шертілді. Айтқандай апамыз Семей өңірінің, Абай атамыздың ауылынан болғандықтан Абай атамыздың туған мекені туралы мәнді де мағналы әңгіме тиегін ағытты.

Мақсат Қарғабай

 

Latest news

Аудан әкімі қарттарға құрмет көрсетті

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай 90 жастағы Мами Дадабекұлы мен 91 жастағы Бәтжан Махажанқызының отбасына барып, мерекемен құттықтады. Сый-сияпат жасап,...

ТАҒАЙЫНДАУ!!!

РАЙЫМҚҰЛОВ ЕРЛАН БОЛАТХАНҰЛЫ аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы Райымқұлов Ерлан...

Құттықтау!

Қарты бар елдің қазынасы мол Құрметтi аудан тұрғындары! Қадiрлi ардагерлер! Сіздерді 1 қазан - Халықаралық қарттар күнiмен шын жүректен құттықтаймыз! Біз қашанда «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізден»...

Таукент кенті округі әкімі қызметіне кірісті

2022 жылдың 18 қыркүйек күні өткен Таукент кент округі әкімінің сайлау қорытындысына сәйкес Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 18 қыркүйек күнгі №118...

Related news

Аудан әкімі қарттарға құрмет көрсетті

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай 90 жастағы Мами Дадабекұлы мен 91 жастағы Бәтжан Махажанқызының отбасына барып, мерекемен құттықтады. Сый-сияпат жасап,...

ТАҒАЙЫНДАУ!!!

РАЙЫМҚҰЛОВ ЕРЛАН БОЛАТХАНҰЛЫ аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы Райымқұлов Ерлан...

Құттықтау!

Қарты бар елдің қазынасы мол Құрметтi аудан тұрғындары! Қадiрлi ардагерлер! Сіздерді 1 қазан - Халықаралық қарттар күнiмен шын жүректен құттықтаймыз! Біз қашанда «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізден»...

Таукент кенті округі әкімі қызметіне кірісті

2022 жылдың 18 қыркүйек күні өткен Таукент кент округі әкімінің сайлау қорытындысына сәйкес Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 18 қыркүйек күнгі №118...