Өз ісінің білгір маманы

Басты байлық денсаулық дегенді дана халқымыз бекер айтпаса керек. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білесің деген және бар. Басы ауырып, балтыры сыздамайтын пенде жоқ. Мұндайда әуелі дәрігерді іздейтініміз анық. Ажал дәлдеп келмесе, дәрігердің жасар дәреметі мол. Біліктілігі мен білігін сырқат жандарға арнаған дәрігерлерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Бүгінгі мақалаға кейіпкер болып отырған азамат-Алихан есімді бауырымыз. Ол Алматы қаласындағы №4 қалалық клиникалық ауруханасында урология бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді. Алихан Теріскейдің түлегі. Аудан орталығындағы Н.Төреқұлов мектебінде одан кейін Т.Әлімқұлов атындағы мектеп интернат-лицейінде оқып, бітірген.

2002-2008 жылдары аралығында ҚазҰМУ-де емдеу ісі факультетінде дәріс алып, тәмамдаған.

Алихан Нариманұлымен әңгіме барысында көңілге түйгенім: бала күнінен дәрігер болуды армандапты. Анасы Айман Сағындықова танымал дәрігер. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дегендей болашақ дәрігер жанұясында бұл мамандықтың қыры мен сырын біліп өсті. Сондықтан болар кішкентай кезінен дәрігер болуды армандағаны. Иә, арманы алдамапты. Орта мектепті бітіргеннен кейін дәрігер дайындайтын оқу орнына түсті. Жоғары білім алып шығу жолында тынбай ізденді. Қалаған мамандығының оңай емес екендігін жүрегімен сезінді. Теориялық біліммен әбден қаруланды. Бітіргеннен кейін ординатураны да тәмамдады. Қазір жоғарыдан аталған ауруханада жемісті еңбек етіп келеді. Мұнда алдыңғы буын ағаларды ұстаз тұтты. Олардан үйренді. Тәжірибе жинақтады.

Өткен жылы кенеттен бүйрегім сыр беріп, сырқат жаныма батып Алматыға қарай жол тарттым. Мақсатым- ем қабылдау. Барғаннан кейін №4 ауруханаға табан тіредім. Сұрастырып жүріп Алиханның жұмыс орнын тауып алдым. Ауылдың азамты болғанымен мен оны танымайтын едім. Ол мені жылы шыраймен, ақ ниетімен қарсы алды. Келген шаруамды айттым. –Аға емдейміз! Ешқандай қиналмаңыз. Қазір медицинаның дамыған заманы. Сізге лазермен ота жасаймыз. Әуелі аппараттарға салып тексеріп аламыз,-деді. Қалай болар екен деп қиналып барған мен дәрігердің ыстық ілтипатынан кейін жадырап сала бердім. Дереу аппараттарына түсіріп, сырқаттың сырын анықтағаннан кейін хирург-уролог бауырым отаға алды. Ота ұзақ болды. Әйтсе де сәтті шықты. Зәр жолындағы тас өте үлкен болып шықты. Көлемі 5,5см екен. Алғашқы отада тастың шетін ғана мүжуге мүмкіндік болды. Осылайша Алматыға бірнеше мәрте барып жүріп зәр жолын тастан тазарттым.

Уролог Алихан Нариманұлының алдынан күніне 15-20 кісі ота жасап шығады.

Алматы облысы, Талғардан бір қария кісі қасымда палатада бірге жатты. Есімі- Есболған Арғынбаев. Ол айтады:-Екі бүйрегім де қатты ауырып, осы ауруханаға түстім. Дене қызуым жоғары болды. Зәр шықпай қалды. Қатты қиналдым. Жанымды қоярға жер таба  алмай қатты қиналдым. Есімнен танып қалыппын. Алихан дәрігер қабылдап дереу іске кірісіпті. Нәтижесінде несеп тас жолына ота жасалып, палатаға келгенде есімді бір-ақ жидым. Болған жайды туыстарымнан естідім. Көп жасағыр дәрігер балама үлкен рахмет. Қазір жағдайым жақсы. Бүйрегім жақсы жұмыс жасап тұр,—деп ағынан жарылды қария.

Дәрігерлердің адам денсаулығы жолындағы еңбектері ұшан-теңіз екендігін сырқаттану барысында қатты сезіндім. Күндіз-түні тыным жоқ. Тәуліктің қай мезгілі болмасын дәрігерлер жауынгерлер секілді дап-дайын тұрады екен.

Мынау әлемді жайлаған індет кезінде олардың жұмыстары өте қауырт әрі жауапты. Қорғаныш киімдерін киіп алып аурулардың ортасында денсаулық сақшысы болып жүрген ақ желеңді абзал жандарға елдің де ықыласы ерекше.

Ауру жанына батып қиналған сәтінде бірінші қасыңнан табылатын да осы дәрігерлер.

Емдеу барысында Алиханмен тереңірек сырластым. Ұстазы Сеңгірбаев Дәуренбек  туралы да жылы пікірлер айтты. Осы салада тәлімгер, ұстаз болғанын жеткізді. Медициналық оқу орнында одан дәріс алыпты. Қазіргі кезде жиі ақыл-кеңесін алып тұрады екен. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы деген осы да.

Маған жасалған ота барысында Дәурен профессор Алиханның қасында бірге болды. жасады. Несеп жолдарын  тастан тазартудың нағыз мамандары екен. Алихан Нариманұлы ұжымында өте сыйлы азамат. Бөлім басшысы ретінде құрмет тұтады. Аталған аурухана бөлімшесінде еңбек ететін медбикелер де, тазалықшы қызметкерлер де келушілерге ілтипатпен өтекішіпейіл қалыппен қызмет көрсетеді. Сырқат жандардың қас-қабағына қарап бәйек болады. Үнеміжанынан табылады. Ұжым басшысыА.Нариманұлыоларды еңбекқорлыққа ынтымақ—бірлікке әдемі тәрбиелеп отыр.

Ауруханаға еліміздің түкпір-түкпірінен келіп емделушілері қарасы  көп көрінеді.

Дәрігер жылы сөзімен-ақ емдейді деген рас екен. Алихан еңбек ететін ұжымдағы ақ желеңді абзал жандар шеттерінен жылы жүзді, жұмсақ мінездерімен келушілерге қызмет көрсетеді. Азаматтық қызметті алаңсыз атқаруы отбасына да байланысты. Жанұясында Нүргүл Әдиева екеуі үш перзент тәрбиелеп, өсіріп отыр. Жұбайы медициналық университетте физология пәнінен ағылшын тілінде дәріс берді. Білікті маман.

Шалғайдағы Теріскей елінен түлеп ұшып республикаға танымал болған Алихан Нариманұлы ініміздің аса жауапты, сындарды жұмысына әруақытта жеміс тілейміз. Көпшіліктен алғыс арқалаған ақ желеңді дәрігерге әрдайым жұртшылықтың құрметіне бөлене бер дейміз. Жасаған әрбір отау нәтижелі болсын.

Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...