Өмірі өнегелі жан

Балалық бал дәуреннің ең қызықты шағы мектептегі оқушылық кезеңдер ғой. Тай құлындай тебісіп құрбылармен бірге жүрген күнге не жетеді шіркін!

Білім айдынында жүзген кеземізде ұстаздарымыз қасымыздан табылды. Шағын ауылдағы кішкене мектепте оқып, дәріс алдық. Ол уақыттағы мұғалімдер керемет еді ғой. Бала жанының нағыз бағбандары еді.

Шәкірттердің көбі қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндеріне қызығып қарайтынбыз. Әсіресе тарих пәнінен сабақ берген Жанәділ шарапов ағайымыз әрбір дәрісті қызықты өткізетін. Әлемде болып жатқан жаңалықты, күнделікті өмірмен байланыстырып өткізуге өте шебер еді. Бала көңілмен аузымыз ашылып сабақты құмарта тыңдайтынбыз. Шәкірттеріне ұрысып, зенкіп сөйлеуді білмеуші еді ағайымыз. Біз сол кісіге қарап бой түзедік десек артық айтқандық емес. Тіп-тік бойы ұзын азамат бізді сымбатымен де қызықтыратын.

Үзілісте сол кісіне қоршап алып көп нәрсе сұрайтынбыз. Ағайымыз асықпай, бәрімізге байыппен жауап беретін. Ағайдың жұбайы Мәніш апайымыз да тарих пәнінен сабақ берді. Бүкіл ауыл қос мұғалімді үлгі тұтты. Мектепте өткен керемет іс шаралар Ж.Шараповтың қатысуынсыз өтпейтін. Оны ол өте шебер жүргізетін. Қандай бір шаруамен келген ата-аналар болсын ол кісінің алдынан жадырап күліп қайтатын. Бала болған соң әртүрлі жағдай болады ғой. Бұзықтық жасағандарды керемет сөзімен дереу тезге салатын.

Ауылдың ….. үнемі елге үлгі болып жүретін.

Ж.Шарапов мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі қызметерін атқарды. Талай шәкірттерді қанаттандырып ұшырды.

Ағайымыздың арқасында ел тарихын, әлем тарихын зердемізге тоқыдық. Жәңкеңнің тағыбір қасиеті өте шешен сөйлейтіндігі. Қандай тақырып болмасын өте шебер суреттеп, әдемі әңгімелейді. Ол кісі жанында жүрсең де ешқандай жалықпайсың, әңгімеге қарық қылады.

Жанәділ ағамыздың әскер қатарында болғаны да бір тарих. Әскер тақырыбын жеріне жеткізіп айтады.

Ж.Шарапов кейін аудандық партия комитетінің шақыруымен ферма меңгерушісі қызметіне ауысты. Бұл кезеңде де Құмкент совхозының №3 фермасы төл алудан, жүн қырқудан үнемі алдыңғы қатардағы шаруашылыққа айналды.

Жәңкең шопандар қауымымен қоян-қолтық жұмыс істеді. Тауда да, құмда да олармен бірге жүріп білек сыбана еңбек етті. Ұжымды абыройымен басқарды. Көптеген озат шопандар тәрбиеледі. Жастарды еңбекке баулыды. Қыстың қытымыр аязында, жаздың аптапты ыстығында екінші тың ерлерінің қасынан табылды. Аудандық мәслихатқа бірнеше мәрте депутат болды. Сол кездерде Қызылкөлдің мәселесін көп көтерді. Көлге су алып келудің неше түрлі жолдарын ортаға салды.

Өзбекстан жерінде жатқан Шәді ақынның зиратын қалпына келтіруге өзіндік үлес қосты.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей Ж.Шарапов үнемі игі істердің басы қасында жүретін. Ол кісінің назарынан жастар тәрбиесі шыққан емес. Ауылда талай мәрте жастармен кездесіп, ақыл-кеңесін айтып, еңбекке жұмылдырды. Қазір Жанәділ ағамыз Шымкент қаласында тұрады. Отбасында Мәкіш жеңгеміз екеуі ұлдарынан немере сүйіп, оның қызығына бөленіп отыр. Ініміз бақытжан: «қарты бар үйдің қазынасы бар» деп ата-анасын мәпелеп бағып отыр.

Өмірі өнегелі жанның шаңырағында әрдайым қуаныш, бақыт пен береке тола бергей!

Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news