Өлмейтұғын соңында із қалдырған

-Мектеп-ізгілік ұясы. Еліміздің ертеңі, балаларымыздың бақытты болашағы, кемел келешегі болатын, арда азаматтар тәрбиеленіп шығатын киелі алтын шаңырақ. Бұл киелі жерде қызмет ету әркімге бұйыра бермеген бақыт. Ал бақытты шақ бұйырған екен, адал да,  абыройлы қызмет ете білу басты мақсат болуы тиіс,-деген сөзді марқұм, әріптесіміз Әшірхан Арғынбекұлына арнаса болатындай. Шойынбетов Әшірхан Арғынбекұлы 1958 жылы 29 желтоқсанда  Шолаққорған ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Алматыдағы қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Еңбек жолында 1981-1995 жылдары аралығында Созақ ауданы Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектепте дене тәрбиесі пәні мұғалімі болып жұмыс істеген. 1995—2007 жылдары Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарған. Кейін, ол уақытта «Шолаққорған» жалпы орта мектебі деп аталатын біздің осы мектепке келді. Ол өз мамандығының шебері болуымен қатар мектеп ұжымының қолдауымен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін де абыройымен атқарды. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары болатын. Кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде  мектеп мұғалімдерінің әлеуметтік тыныс-тіршілігімен жете таныса отырып, өзекті мәселелерді мектеп басшылығымен бірлесе оңтайлы шешуге атсалысып жүрді. А.Шойынбетов мектепте АӘД және дене тәрбиесі пәні әдістеме бірлестігінің жетекшісі болды. Өзі жетекшілік ететін бірлестіктің біліктілігі арқасында түрлі спорттық байқауларда шәкірттері жеңімпаз атанды.

Ол еңбек еткен жылдары ішінде  Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломымен, «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық кеңесі» Қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасымен, Созақ аудандық мәслихатының алғыс хатымен,  облыстық білім, жастар саясат және тілдерді дамыту басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі облыстық қоғамдық байқаудың ІІ дәрежелі дипломымен, «Балалар мен жеткіншектерге арналған аймақтық оқу-практикалық дене тәрбиесі орталығының» грамотасымен, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі және аудан әкімдігі денен шынықтыру және спорт бөлімінің грамотасымен, «дипломат Нәзір Төреқұлов» мерекелік медалімен марапатталған еді. Аудан мектеп оқушыларының Спартакиадасында Н.Төреқұлов атындағы ақпараттық технология лицейі 2012 жылдан бері жалпы командалық есепте І орында келген еді. Шәкірттері облыстық жарыстың аймақтық кезеңінде шахматтан жүлделі ІІІ орынды иеленді. Шолаққорған ауылдық округі қоғамдық кеңесінің хатшысы қоғамдық жұмысын атқарды.

Мектеп ұжымы арасында абырой беделі асқақ болды. Барлығы да Әшекеңді жасы үлкен аға ретінде сыйлайтын, құрметтейтін бағалайтын. Нәзір Төреқұлов атындағы ақпараттық технология лицейі ұжымы кәсіподағы комитетінің төрағасы ретінде белсенді жұмыс жасады. Мектепте денешынықтыру пәні мұғалімі ретінде елден шыққан атақты чемпиондар мен спорт саңлақтары Таңат Нөсербаев, Біржан Жақып сияқты азаматтардың есімін ардақтап құрмет тақтасын орнатты. Қазақ халқынан шыққан, КСРО-дан шыққан тұңғыш елші, дипломат Нәзір Төреқұловтың есімін ұлықтау, мектепке атын беру жұмыстары кезінде зор белсенділік танытты. Мектеп ішінен Нәзірдің атындағы музей үйін жасақтау, жабдықтау, ашу мәселелерін де басшылық тарапынан берілген тапсырмалар мен ұсыныстарды тиянақты, әрі абыройлы атқарды.

Мектепте өткен жылы Нәзір Төреқұлов атындағы ақпараттық технология лицейі базасында   Созақ аудандық ардагерлер кеңесі,  аудан әкімдігі спорт бөлімі мен Нәзір Төреқұлов атындағы ақпараттық технология лицейінің  бірлесе ұйымдастыруыме қазақтан шыққан тұңғыш дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловты еске алуға арналған шахматтан Түркістан облысының біріншілігі өтті. Біріншілікке облыстың Түркістан, Шымкент, Кентау, Жетісай қалаларымен қоса Созақ, Сайрам,  Сарыағаш, Төлеби, Шардара, Отырар, Бәйдібек аудандарынан оннан астам командалар келіп қатысты. Облыстық біріншілікті аудандық мәслихаттың хатшысы Бегімбет Биімбетұлы Байғараев, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Аманбек Мұсабек, ардагерлер кеңесінің мүшесі Жетілген Сармантаев, Нәзір Төреқұлов атындағы ақпараттық технология лицейінің  директоры ретінде өзімде қатыса отырып, шараны салтанатты түрде ашып, облыстың түкпір-түкпірінен келген спортшыларды айтулы шараның басталуымен құттықтап, жарысқа қатысушыларды біріншілік барысында жеңістерге жетулеріне сәттілік тіледік. Спортшылардың жасына шек қойылмаған шарада сексенге аяқ артқан қариядан  бастап сегіз жастағы балаларға дейін күш атасын танымас деген ұғымда ой мен ұтқырлықты сарапқа салар нағыз сарабдал сайысқа тас түйін келгенін аңғартқан болатын. Қасиетті Теріскей алабына келген қонақтарға созақтықтар арнайы дастархан жайып қонақжай көңілін танытты. Жүзден жүйрік шебер шахматшылар мен  оза шауып келген біріншілік чемпиондары ұйымдастырушылар алқасы әзірлеген жүлделерді өзара бөлісті. Сондай-ақ алыс-жақыннан келген меймандарға мектеп ішінен ашылған алаш ардақтысы Нәзір Төреқұловтың мұражайымен, ондағы  тың жәдігерлермен танысты. Шараның мерекелік  ашылуында аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі, спорт  ардагері Жетілген Сармантаев мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы Әшірхан Шойынбетовке «дипломат Нәзір Төреқұлов»  мерекелік медалін салтанатты түрде тапсырған сәті әлі күнге дейін көз алдымызда.

-Бұл дәстүрлі шара жыл сайын аудан, қалаларда өткізіліп, тұрақты жалғасын таба берсе болар еді,-деп менің атыма Әшекеңұсыныс айтқан еді. Әрине соңында қалған ізбасарлары мен әріптес інілері ол дәстүрді аяқсыз қалдырмай жалғастыратыны анық. Лицейде екі спорт зал болатын. Соның біріне Әшекеңнің ұсыныс-бастамасымен өмірден ерте озған, аудан спортын бірнеше жыл басқарған, аудан спорты саласында елеулі ізі қалған марқұм Нұрдәулет Оспановтың есімін беруге де зор ат салысқан.

Мектептің педагогикалық ұжымы Әшірхан Шойынбетовтің есімін екінші спорт залға беру туралы шешім шығарғанда Әшірхан Арғынбекұлы өзі бас болып, бір айдың көлемінде есімі берілген ат шаптырым залды безендіріп, әрлеп, жөндеп даңғырлатып қойған еді. «-Гүлсара Сейітханқызы!Негізі көзі тірі адамның атына кабинеттің, залдың атын беру біртүрлі ыңғайсыз екен. Бұл жаңалықты әзір емес, кейін мен зейнет демалысына шыққаннан кейін шара ретінде атап өтейік» деген еді қарапайымдылық қасиетін сақтап. «Құдай хабарды өзінен жіберіп отырады» дегендей құдай аузына салды ма Әшекең солай деген еді. Енді міне, өмірден озғаннан кейін ол кісінің есімін спорт залға берілгендігін жазып отырмыз.

Ақ көңіл, тұлғасы қандай дәу болса, көңілі де сондай даладай дархан, ойындағысын жасыру дегенді білмейтін, пейілі көл-көсір азамат еді. Әшекеңнің мектеп ұжымы үшін, келешек ұрпақ үшін қалдырған өнегелі істері ешқашан ұмытылмақ емес.

Жаны жаннатта, тірлігінде жасаған игі істері мен адал амалдары ақиқи дүниеде жанына серік болсын!

Гүлсара Әлімбекова,

Нәзір Төреқұлов атындағы ақпараттық технология лицейінің директоры

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...