Қойлы ауылдағы «Қайдауыл»

Қазақстан Республикасының Президенті   Қасым Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегінде жарияланған «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында дамыған агроөнеркісіптік кешенін құру мәселесін көтерген болатын. Сонымен қатар, Президентіміз ауыл шаруашылығы саласы еліміздің негізгі ресурсы бола тұра, барлық мүмкіндіктер мен әлеуеттерді толықтай пайдала алмай  жатқанына тоқталған еді. Жолдауда Қасым Жомарт Кемелұлы ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді игеруді қолға алу, шаруаларға өз өнімдерін сыртқа шығарып өткізу үшін барынша қолдау көрсету қажеттігін, бұл салаға шетелдерден инвесторлар тарту мәселелерін де баса айтқан болатын.

Міне, осы ретте біз де аудан көлеміндегі үлкенді-кішілі шаруашылықтардың жай-күйлерімен танысып, Президент өз Жолдауында айтқан ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған бағдарламаларды іске асыруға байланысты және 2020 жылдың 6 айында ауданымызда ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша әрбір шаруалардың жағдайымен жақын санасқанды жөн көрген едік.

Біз бет алған шаруашылықтардың бірі-Құмкент ауыл әкімшілігіне қарасты «Қайдауыл» шаруа қожалығы еді. Біз шаруашылықтың жаз жайлауы Байсары алқабына жеткенде түскі мезгіл жақындап, отар қой суңа құлап жатыр екен. Шаруашылық орнығып отырған «Байсары», «Батпақсу» жазғы жайлауы малға жайлы, ауасы кең, айнала ашық атыраб екен. Қасымызда жол бастап жүрген осы ауылдың әкімі Пардабекұлы  Ғани ініміз.

Шаруашылық басшысы Төлепбаев Бекдауыл Қуатбекұлы алдымыздан аңқылдай шығып амандасып, шаруашылығы орналасқан қора-жайларды аралап көрсетіп шықты.

-Негізі бұл шаруашылықты менен үлкен ағам Қайдауыл есімді азаматтың  бастамасымен ашқанбыз. Сол кісі барлық малдың, шаруашылықтың, жердің, жайылымның жағдайын жақсы білетін шаруа жан еді. Әкем Төлепбаев қуатбек талай жылдар осы Құмкент совхозында аға шопан болып қызмет етті. Анамыз Мария да әкеміздің мал шаруашылығымен айналысуына өз жәрдемін тигізген ардақты кісі еді. Бүгінде екеуі де бақилық болып кетті. Кезінде совхоз уақтысында осы майда малдан 100 бас саулыққа 105-110-нен қозы алып, озат шопандар атанған еңбекқор азаматтар еді. Сол әкенің қолынан шопан таяғын біз қабылдап алдық,-деп Бекдауыл бауырымыз  әңгімелей жөнелді.

Расында қора айналасы тап-тұйнақтай тап-таза, көлденең жатқан шырпы кездеспейді. Барлық қораға керекті құрал-саймандар рет-ретімен тұр. Бекдауылдың шаруашылығында өткен жылы 2000 басқа дейін мал болған екен. Биыл отбасымен ақылдаса отырып, 1500 басқа кемітіпті.

-Биыл мал басын аздап азайтып отырмын. Өйткені басымызда әлі күнге дейін баспана болмады. Қара шаңырақта інімізді қалдырдық. Отбасынан бөлініп шыққан соң ең алдымен мал басын көбейтып алайын деген ой болды. Енді сол баспана ретінде ауылдан тұрғын үй салып жатырмын. Балаларымның алды жоғары сынып оқиды. Олардың да болашағын ойлап, оқуы бар, үйлену мәселесі, ертеңгі жарқын болашағы дегендей сол үшін жұмыс істеп жатырмыз ғой.-дейді шаруа қожалығының төрағасы.

Осы сәтте әңгімеге ауыл әкімі Ғани араласты.-Бұл осы Құмкент ауыл әкімдігіндегі тәжірибелі шаруашылық төрағаларының бірі. Еңбекқор жандар. Осы алдыларындағы малдарымен өз отбасыларын, айнала ауылдастарын ет, сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Өзіңіз білесіз осыдан 5-6 жыл бұрын отбасы жайғдайымен, күн көрісі болмауы себепті түрлі көмек түрлерін сұрап келуші тұрғындардың саны азайған. Міне, осы Бекең сияқты шаруашылықтарға да жұмысшылар керек. Айран, сүт, ет сияқты күнделікті тұтынатын азық түрлері бар. Жұмыс ітегеннің қолы қмиылдайды, қолы қимылдағанның аузыда қимылдайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Қазіргі таңда «Қайдауыл» шаруа қожалағында үш адам жұмыс атқарады. Жұбайы жансая, көмекшісі Елмұрат есімді азаматтар бар.

-Біз ата-анадан он бауыр дүниеге келдік. Үлкеніміз Қарауыл, одан кейін Аршагүл, Алтынгүл, Оразгүл, Қайдауыл, Бекдауыл, Қалдықыз, Марғұлан, Ғалымжан, Жазира. Алланың қалауымен ұарауыл, Қайдауыл есімді екі ағам өмірден озды. Сол кісінің құрметіне ең алдымен ұлыма есімін қойдым. Одан кейін осы шаруашылық сол кісінің атымен аталады.

Бекдауыл Жұбайы Жансая екеуі Жанерке, Қайдауыл, Нұрасылбек, Динара, Нұрғалым есімді бес ұл-қызды тәрбиелеп жатыр екен. Балалары Шолаққорған ауылындағы Тәкен Әлімқұлов атындағы мектеп лицей-интернатында білім алуда. Қазіргі каникул кезінде ата-аналарына нағыз қолғабысшы-көмекшілер осылар екен.

Бүгінгі таңда мемлекеттен белгіленіп беріліп жатқан бірде бір қаржылық көмектерді алмай, өз бетінше жұмыс жасап, мал басын көбейтіп жатқан  отбасының ерен ерлігіне риза болыстық. Өздерінде жылжымалы ескі вагондары бар екен. Техника түрінен бір «Нива» жеңіл көлігі ғана. Осы көлікпен ауыл аралығына азық-түлік үшін қатынайды екен.

-Негізінде сіздер жақсы келдіңіздер. Жалпы мемлекетке, аудан, облыс басшылығына айтар өкпе-назым жоқ. Қайта қолдап, қуаттағандарына рахмет айтамын. Алайда менің шаруашылық төрағасы ретінде өтінерім осы малдың азығын өзім дайындап алуым үшін жайылымдық, шабындық жерлерден азда болса қарассаңыздар екен. Жоғары жақта отырған аудандағы осы салаға қатысты бөлім, басқармалардан жер бөлуге көмек болса деймін.  Қазіргі күні мен біреудің жазғы жерінде отырмын. Ертең өзіме түбегейлі шаруашылықпен айналысуым үшін жер керек қой. Қыс қыстау «Батырбай» қыстауында отырамын. Бұрынғы совхоздың базасы болған. Сол базаның басында шағын екі бөлмелі тамым бар. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан трактор, орақ сияқты ауылшаруашылығы техикалары ұзақ жалдарға  жеңілдетілген несиемен болса да берілсе оңды іс болар еді.-,-деп Бекдауыл ойындағы инегізгі ұсыныстарын айтып қалды. Расында, Бекдауыл айтып отырған мәселелер оның өз қолынан келмейді. Оның қолынан келетіні малын бағу, күтімін жақсылау, мал басын көбейту, халықты жұмыспен қамту, ауылдастарын мал өнімдерімен қамтамасыз ету. Енді осындай шаруаларға жерін анықтап беріп, техникамен қамтып жатса әрі қарай дөңгеленіп кетері анық.

Біз ауылдан алыс,  шалғай орналассақ та еліміздегі болып жатұан жаңалықтардан хабардармыз. Үйде теледидарымыз бар. «Нұр» деген күннен энергия алатын құрылғы сатып алғанбыз. Бір күнгі жинаған энергия бір тәулікке жетеді. Қыста күні күн сәулесі аз болғандықтан тек жарпыққа ғана пайдаланамыз,-дейді жаңалыққа жаны құмар Бекдауыл бауырымыз.

Отбасында  Жұбайы Жансая көмекші қыздарыЖанерке, Динарамен құрт жасап жатыр.

-Әзірге қолдағы бар екі-үш бұзаулы сиырымыздан отбасымызға жетерлік сүт, айран, құрт, ірімшік алып отырмыз. Алдағы уақытта ірі қара мал басын көбейтіп жатсақ ауылдастарымызға де жеткізіп береміз. Балар деалыста болған соң үйдің  қысқы азықтық қорларын дайындап алуға мүмкіндік бар. Жеміс-жидектерден, бақша өнімдерінен керекті тосап, салаттар мен тұздықтарды да әзірлеп жатырмыз,-дейді отбасының отанасы Жансая.

Ауылдың қия бет бөктерінде 5-6 жылқы жайылып жүр. Олар да осы шаруашылықтың малға мінетін міністі жылқылары екені көрініп тұр. Бәрі де қазір мінсең тұра шабардай жараулы тұр.

-Елдің, ауылдастарымыздың айтуы бойынша Бекдауыл ағңамыздың әкесі Қуатбек көкеміз өте шаруашылық адамы болған екен. Осы совхоз құрылған жылдарынан бастап шаруашылықта мал басын арттыру жолында тер төгіпті. Сол кісінің өнегесі мен өрелі ісінұлдары жалғастырып келеді. Ағасының орнын жоғалтпай осы шаруашылықты бірнеше жылдан бері Бекең жүргізіп келеді. Ауылға, ауылдастарына қолынан келген көмектерін аяған емес,-дейді ауыл басшысы Ғани Пардабекұлы.

Біз қойлы ауылдағы «Қарадауыл» шаруашылығымен қоштасып аудан орталығын бетке алдық. Шынында осындай Бекдауыл сияқты еңбекқор жандарға зор қолдау болып жатса еңбектің нағыз үлгісін көр сетер еді-ау деген ойға қалдық.

Бүгінгі таңда жастарымыз барлығы әнші, биші болғысы келіп ата кәсіптен алшақ кетіп барады. Кешегі бабаларымыз аманаттап қалдырып кеткен шопан ата, ойсыл қара, сек-сек ата, зеңгі баба, қамбар ата мұратына ие болар ұрпақ қайда?

Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүретін ұрпақтарымызды қайта тәрбиелеу үшін қанша уақыт керек? Келер ұрпақты осы ата кәсіпке тарту үшін не істеуміз керек? Әлде осы тұста шопандық кәсіпті насихаттау біздер тарапымыздан  кемшін бе? Әлде осы шаруашылық саласына қажетті қолдаулар керекті  иелеріне жетпей жатыр  ма? Бұл сауалдар барлығымыз болып бірлесіп шешетін өзекті мәселе болып тұр.

Мақсат Қарғабай

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...