Қазақстанның Құрметті журналисі

   Біреуді біліп, тану үшін, ол адамның рухани өміріне үңілу, сол арқылы  әлеуметтік толқындар мен қайшылықтардың көзге  көрінбейтін астарын ашу, адамға тән кәсіптердің ішіндегі ең бір қолдан келе бермейтін қиыны.

      Күнделікті өмірде, еңбекте бірге араласып жүрген азамат туралы сөз қозғау, ол адам туралы қиялыңды тірілту, оның тұтас бейнесін сомдап тіл бітіру бұл журналист үшін мехнат десек те болады.

     Бүгінгі қалам тербегелі отырған кейіпкеріміз Қазақстан журналистер одағының мүшесі,  қаламы қарымды, жазуы жағымды, белгілі  журналист, әріптесіміз Кенжеқараев Есенбек  Рысбалаұлы туралы болмақ. Жалпы журналистика саласы  өте ауыр сала. Журналист болғаннан кейін  қоғамдағы барлық саламен біте қайнасуымызға тура келеді. Саясат, ақпарат, жаңалық өз алдына, жеке тұлғалардың өмір өрнектері, әр түрлі салалардағы еңбек  адамдарының  еңбек тәсілдері мен жетістіктері, іс тетігін шешудегі іскерліктер,  барлығын өз көзімізбен көріп, жеке адамдармен ашық сұхбаттасуымызға тура келеді.  Күнделікті елдегі тыныс- тіршілік бойынша ақпаратпен уақытылы  оқырман қауымды хабардар етіп отыру оңай шаруа емес.  Мақала дайындау деген, жәй сөзден сөз құрап, сөйлем шығарып жаза салу емес. Жәй бірғана  ақпарат дайындау үшін журналист қаншама мәліметтің нақтылығына көз жеткізеді. Бұл біздің жұмысымыз.   Ал, осындай жауапкершілігі мол, қызығы мен шыжығы аралас қайнаған ортада Есенбек ағай 40 жылдан астам уақыт тұрақты еңбек етті. Әйтсе де, бүгінге дейін  қалт етсе қаламынан қол үзбей келеді.

    Есенбек Кенжеқараев 1947 жылы Қарт  Қаратаудың қойнауындағы Ащысай кеніш қалашығындағы Серго  станциясында дүниеге келген. Балалық шағы  тау баурайында өткен Есаға жастайынан-ақ, табиғаттың тылсым дүниесіне тамсана қарап, жан- жағындағы қайнап жатқан тыныс-тіршілікке ұмтыла жүріп, әлемдегі барша жақсылыққа қызыға қарайды. Осылайша  жазу өнері жас өскіннің жан сарайын бойлай береді. Алғашқы жазулары табиғат көркін тамсана суреттеуден басталады. Кез келген жазушының жан дүниесі арман мен қиялға, сұлулыққа, қызығушылыққа  толы болады. Осы қасиеттер Есағаның да бойына жастайынан берілген деседі замандас құрдастары.

       Социалистік дәуірдің дүркіреп, Кеңес одағының қайнап тұрған кезі. Еңбекші халықтың белсенділігін арттыратын комсомол, партия ұйымдарының қоғамдағы ерекше ролі сол кезеңдегі жастардың негізгі бағыты болды. Онжылдық орта мектепті жақсы тәмәмдаған Есенбек ағай,сол уақыттың талабымен еңбекке бірден араласып кетеді. Сол кезеңдегі жастардың патриоттық сезімдері де жоғары. Аянбай еңбек еткен, білімге деген құштарлық пен талаптары да мол болған.  Білімге құштар жастар үлкен қалаларға жоғары білім алуға ағыла бастайды. Есенбек аға да 1966 жылы, 19 жасында Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түседі.  Қазақ журналистикасы енді қадамын нық басып, ел арасында жаңалық жаршыларының қатары көбейіп,  қазақ тіліндегі газет- журналдар еркін шығарыла бастаған уақыты. 1971 жылы Есенбек Рысбалаұлы Қазақстан Республикасының маңдайалды университетінің күректей дипломымен елге оралып, білімді, жас маман ретінде еңбек жолын бастайды.

  «…Есенбек жас кезінде өте білімді, белсенді, қайратты, жігерлі,  маман болды. Жұмысқа деген жауапкершілігі мықты. Аудандық  партия комитетінде бірге қызмет жасадық. Өтірік көлгірсу, болмаса жалтақтау дегенді білмейтін. Әрбір іске терең мән беріп, ойланып сөйлейтін.  Есенбектің өмірде алатын орны бөлек. Шығармашылық қабілеті кең. Сыртқы кейпі қаншалықты қатқылдау, қатаңдау көрінгенмен, жан сарайы жақсылыққа толы. Жеңіл ұшпайтын. Жұмысқа деген ұқыптылығымен атқарушы орган басшыларының көзіне түсті. Жағымды жазуларымен оқырманның көңілінен шықты. Тағы бір айта кететін жәй, еш нәрсені ұмытпайтын. Есте сақтау қабілеті жоғары.»- деседі, үзеңгілес қызметтес замандасы, ауданның Құметті азаматы Сағынтай Мұсабеков.

    Журналист Есенбек Кежеқараевтың талғамды тақырптардағы түрлі мақалалары республикалық, облыстық, аудандық көптеген газет- журналдарда үздіксіз беріліп тұры.  1990 жылдардың басында елге үлкен өзгеріс келді. «Қайта құрудың» соңы Кеңес Одағының ыдырап, 15 республика жеке- жеке мемлекет болып, жаппай тәуелсіздік басталды. Біздер  студентпіз. Әрине «ә» дегенде оңай болған жоқ. Десек те, Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болдық. Елбасының сарабдал саясатының арқасында есімізді тез ес жиып, бүгінде міне әлемге танымыл зайырлы мемлекетке айналдық. Айтпағым, Есенбек ағаймен сол 1995 жылы таныстым. Институтты бітірейін деп тұрған жас маманмын. Мақала жазуға деген құлшынысымыз бен қызығушылығымыз мол. Оның үстіне студенттік «институт иірімдері» деген қабырға газетке қысқа мақала беріп үйреніп қалғанбыз. Сонымен, аудандық газетке берген  алғашқы  шағын мақаламды Есенбек ағай өңдеп, көлемді -ғып берген болатын. Ол кісі сол жылдары «Созақ теледидарын» құрды. Мінеки содан бері Есенбек ағайды танығанмен, араға біраз жыл тастап, 2002 жылдан бастап аудандық газетке мақала беріп тұрдым. Ағай сол жылдары «Молшылық үшін» аудандық қоғамдық саяси газетінің бас редакторы болатын. Беріде 2008 жылы ауданда екі газет қатар шығып тұрды. Есаға «Теріскей» газетін басқарды. Біз «Молшылықта» жұмыс жасаймыз. Осылайша  талай іссапарға бірге шығып, жаңалықтармен жарысып, қатар еңбек еттік.

 «…Әдетте: қасымызда жүрген жандардың жақсы қасиеттерін айтуға келгенде сараңдық танытып, бойынан кемшілік іздеп тұратын пендешілігіміздің басым екендігін, несіне жасырайық. Әйтпесе… көре білсек, жан дүниесіне үңіле білсек, айналамыздағы жандардың кез- келгенінің бойынан ізгілік нышандарын табуға болады. Есенбек ағамыздың /бірге қызметтес болған жылдарда/ басшылық қамқорлығын да, әріптестік сыйластығын да көп көрген жандардың бірімін. Ол кісінің шығармашылығын талдап, қаламгерлік қабілет- қарымына баға беруден гөрі адами тұрғыдағы жақсы қасиеттерін:  қанша ашуланып, жек көріп тұрса да, өзгенің көңіліне «дық» салуға дәті бармайтын табиғатынан ұстамды, сыпайы мінезін, жұмсақтығын, жас таланттарға ағалық қамқор пейілін, шығармашылық тұрғыда өзгенің жетістігіне қуанып, қолдай білетін кеңдігін баса айтқым келеді. Бұған бір мысал: 50 жасқа толған мерейтойымда, газеттің бас редакторы ретінде өзі ой тастап, «газеттің тұтас екі бетін сізге арнаймыз, қалаған жазбаларыңызды беріңіз, тіпті бет материалдарының көркемдеуінде өз сүзгіңізден өткізіңіз»- деп еркіншілік танытты. Жасыратын несі бар,  мұндай қолдауды, кеңдікті басқа редакторлардан көрген емеспін. Әдетте шығармашылық адамдарының көпшілігінің бойында «Мен сұмдықпын, мен жазғышпын, менен басқа ешкім жоқ» деп өзеуреген мақтаншақтықпен қатар өзгені мойындағысы келмейтін, өзімшілдік ниет басым түсіп жатады. Ал мен білетін қаламгер Есенбек Кенжеқараев мұндай пендешіліктен ада, жас толқынның жетістігіне сүйініп, сүйсініп, талантына жол ашып, қолынан келсе қамқорлық жасап, қолдау көрсететін нағыз жомарт мінезді, жайсаң азамат дер едім…» дейді, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист Қалдыгүл Мұратова

    Қай орта да болса да, ортақ тіл тауып сөйлесе алатын, үлкеннің алдында жөнсіз пәсеймей, кішінің алдында орынсыз көсемсімейтін, өз шындығымен жүретін,  қабілеті жоғары, қаламгер  Есенбек Кенжеқараевтың еңбектері әр кезеңдерде лайықты бағаланып, Қазақстан Журналистер Конгресі атқару комитетінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» медельімен, бірқатар облыстық, аудандық атқарушы, өкілетті органдардың Алғыс хаттарымен марапатталған. Журналист ағаның кейінгі ұрпаққа өнеге ретінде қалдырған газет беттеріндегі мақалаларынан бөлек,  «Сахара самалы», «Теріскей түлектері жануынгерлік сапта», «Мен Созақтың перзентімін», «Жылдар- жылдар» атты бірнеше кітабы жарық көріп, өз оқырманын тапты.

   Есенбек Рысбалаұлы  қалың оқырманды қоғамдық, саяси ақпаратпен сусындата жүріп, ел үшін еңбек етіп сезім мен сенімнің арқасында өмірлік жары  Күлімхан апаймен шаңырақ көтеріп, дүниеге  бес перзент әкеліп, оларға парасатты тәлім тәрбие беріп, оқытып, еңбекке баулып, бүгінде  ұлды ұяға, қызды қияға қондырып,  жиырмадан астам немере сүйіп, бейнетінің құрметті зейнетін көріп отырған бақытты отбасы.

     Жүрегі мейірім мен қамқорлыққа толы, рухани бай, өтірік сөзді қаламайтын, біреудің сыртынан күле қарап, қорламайтын, пайымды, қарапайым, көзі ашық, көкірегі ояу, жан сарайы кең Есағаға жазарыңыз сарқылмасын демекпіз.

Нұржамал МАЙУСОВА

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...