Қарапайымдылық-қанағаттың қазығы

Қазақ елінің Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың Еңбек Қоғамына қатысты жазған мақаласында мемлекетімізде еңбек етіп жүрген еңбек ұжымдарын, жеке еңбек майталмандарын насихаттау олардың ерен істерін кейінгі келешек ұрпаққа үлгі өнеге етуге, жалпы халыққа, баспасөзге, билік пен ұжымдарға бастама көтерген болатын. Жақында ғана Шолаққорған ауыл әкімдігінде жұмыс мәселесімен болғанымда ауыл әкімі Елібаев Әділ мырза:

-Газет бетіндегі материалдарды үзбей қарап, оқып отырамыз. Бір айта кетерлігі қарапайым, жұрт көзіне көп көріне бермейтін, бірақ істеген жұмыстары мемлекеттік маңыз беретін, жауапты азаматтар бар ғой. Сол азаматтар туралы жазсаңыздар. Солардың бірі Шолаққорған ауыл әкімдігінде жеке тұрғындардың мүлік, жер салығын жинайтын келісім шарт қызметкері жарас ағай туралы айтуға болады деп өз пікірін білдірген еді. Расында Жарас ағамызды Шолаққорған ауылының ішінен үйме-үй аралап салық жинап жүрген жерінен кезіктірдік.

-Осы Шолаққорған ауылында дүниеге келдім. Әкем Әбуәлі аудандық «Сельхозтехника» мекемесінде қойма меңгерушісі, анамыз аудандық тұтынушылар одағының дүкенінде сатушы болып қызмет атқарды.

Аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірген соң екі жыл әскер қатарындаболып, отан алдындағы азаматтық борышымды өтедім. Одан кейін бірнеше жылдар аудандық жол бөлімі мекемесінде, мұнай айдау мекемесінде  өрт күзеті-жұмысшысы болып қызмет атқардым. 2015 жылдан бері Шолаққорған ауылдық округіндесалық жинаушымын. Үй-үйді аралап салықтың түсімін қадағалаймыз,-дейді Жарас Әбуәліұлы. Жарас ағамыздың жұбайы Бибізөре аудандық білім бөлімінде техникалық қызметкер болып жұмыс атқарады екен. Отбасында атты қыздары өмірге әкеліп, тәрбиелеп отырған жарасымды жанұя десе де болады.

Қыстың қытымыр суығы, саршұнақ аязы болсын үйлерді аралап салық жинайды. Арасында бірлі-жарым өздері келіп төлейтіндері де болады.

Ырысы мен ынтымағы шаңырақтың,

Армандарға қуат беріп самғаттың.

Ұрпағыңның қызығын көр, ғұмыр кеш,

Асқар тауым, асыл әкем ардақтым.

Ала бөтен ой тұрмайды балаңда,

Қыздарыңды құрмет тұттың санаңда.

Біз тұрғанда сіз бақытты әкесіз,

Сіздей әке таба алмаспыз ғаламда!-деп жүрекжарды жыр жолдарын өлең дәптеріне аспан көгін шарлаған тырналар тізбегіндей тізе жазған қыздары әкелерінің қарапайым еңбек адамы болғандығын мақтан тұтады.

-Ауыл әкімдігінде қызмет етіп жүрген барлығымыздан жасы үлкені Жарас ағамыз. Оны бүкіл ұжым болып сыйлап, құрмет тұтамыз. Ақ көңіл, азамат қашан көрсең жас баладай елпілдеп құрақ ұшып жүгіріп жүреді. Өзіне жүктелген міндеттердіабыроймен атқарып жүрген азаматты әкім аппараты ұжымы өздеріне үлгі-өнеге етеді.  Осындай азаматтар қатары көбейе түссе тәуелсіз еліміздің ертеңі жарқын болары ақиқат,-дейді ауыл әкімі аппаратының қызметкері Талғат Шайдазимов. Қоғамның жүгін қос қолдай көтеріскен азаматтың алар асулары мен бағындырар биіктері алда деп білеміз.

Мақсат ЖЕҢІСҰЛЫ

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news