Құс тұмауынан сақтанайық!

                      Созақ ауданының тұрғындар назарына!

 Құс тұмауының вирусы алғаш XX ғасырдың басында Италияда анықталған және ұзақ бойы адамдар үшін қауіпсіз деп есептелінген. Құс тұмауының вирустары жабайы және үй құстарында, жылқыларда, шошқаларда кездеседі. Жабайы құстар (әсіресе суда жүзетін үйрекқазаққу және т. б.) әдетте құс тұмауымен ауырмайды, бірақ індеттің таралу көздері болып табылады. Үй құстарды құс тұмауына шалдыққан жағдайда ауру жасырын түрде өтіп, құстардың өліміне соқтырады. Құс тұмауының вирусын адамдардың алғаш жұқтыруы 1997 жылы Гонконгта тіркелген. Онда құс тұмауы вирусының Н5N1 түрімен 18 адам науқастанып, алтауы қайтыс болған. 2003 жылы құс тұмауы Вьетнамда, Камбоджада, Қытайда, Индонезияда, Лаоста, Пәкістанда, Кореяда, Таиландта, Тайвань мен Жапонияда тараған.  Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 2003 жылдан бері құс тұмауымен 100 адам сырқаттанған, олардың жартысының көбі өлген. Ресми деректербойынша, 2005 жылдың 7 айында әлемде құс тұмауына шалдыққан 67 адам тіркелген, аталған кеселге негізі 25 жасқа дейінгі жастар шалдыққан, ол кеселге шалдыққандардың 70% құрайды. Оның ішінде 25 адам өлген. Осы уақытқа дейін вирустың адамнан адамға жұғуы анықталмаған. Сырқаттанғандардың бәрі ауруды құстардан жұқтырған. Вирустың мутациялық өзгерістерге ұшырауына байланысты оның вирулентігі күшейген. Құс тұмауының вирусының таралуы жабайы құстардың көктемге және күзге ұшу бағытына байланысты. Қазақстан Республикасының 24 ауданы, оның ішінде Түркістан облысының аудандары суда жүзетін құстардың күзге ұшу жолында орналасқан. Осы аудандарда құс тұмауы вирусының таралу қаупі жоғары. Құс тұмауына шалдыққан науқаста байқалатын белгілер кәдімгі тұмаудың белгілеріне ұқсас. Үйреншікті зертханалық тексерулермен вирус Н5N1 штаммы анықталмайды, сондықтан дұрыс нақтама кеш қойылуы мүмкін. Нақтама қойылғанға дейінгі аралықта ауру асқынып, геморрагиялық пневмония , өкпе-жүрек жеткіліксіздігі, өкпенің қабынуы, энцефалопатия белгіліері байқалады. 1997-1999 жылдардағы індеттерден кейін құс тұмауына қарсы вакциналар дайындала басталды, олар клиникалық сынақтардан өтуде. Ем шаралары жүргізілген кезде құс тұмауын емдеуде кәдімгі адам тұмауына қарсы дәрі-дәрмектер жақсы нәтиже берген. Құс тұмауы вирусының «амантадин» және «ремантадинге» сезімталдығы анықталған. Оған қосымша «санамивир» және «озельтамивир» дәрілерінің құс тұмауын емдеуде тиімділігі өте жоғары. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында құс тұмауының таралуының алдын алу үшін төмендегі іс-шаралар жүргізілуде. Шетелдерден және құс тұмауы тіркелген аудандардан құс өнімдерін тасымалдауға тыйым салынған. Жеке шаруашылықта үй құстарын күтүде арнайы киім, тұмылдырық кию, оларды күнделікті залалсыздандыру, құс тұмауына күдікті, ауырған құстарды басқаларынан жеке оқшаулап, мал дәрігеріне хабарлау, өлген құстарды өртеу, мұздатылған құс өнімдерін асқа пайдаланғанда гигиеналық және аспапты талаптарды қатаң орындау қажет.

«Созақ аудандық ветеринарлық

қызметі»мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news