Жерлесімізбен мақтанамыз

Шудың бойын сазға бөлеген

Біздің бұл жолғы кейіпкеріміз Шу арнасын ән әлемімен әлдилеген өнерпаз Кәрібаев Аманәлі Мырзатайұлы туралы болмақ. Саңлақ сазгер Аманәлі бауырымыз 1977 жылы 15-қазан күні Созақ ауданы Шу ауылында дүниеге келген.                                         1983 жылы Шу ауылындағы  (бұрынғы Гагарин) Ж.Қаламбаев атындағы жалпы орта мектебінің табалдырығын аттап 1-сыныбқа  барып 1994 жылы аталған мектептің 11-сыныбын бітіріп түлеп ұшты. 1994 жылы Шымкент қаласындағы (бұрынғы) Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының «Мәдени ағарту жұмыстары» факультетіне оқуға түсіп, (оқу орнының атауының өзгеруіне орай) М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Үрмелі аспаптар және эстарадалық оркестірге жетекші-менеджер»мамандығын алып,1998 жылы бітіріп шықты.

1998 жылы қобызшы Жаппас Қаламбаев атындағы жалпы орта мектебіне музыка  пәнінің мұғалімі болып қабылданады. 2003-2013 жылдар аралығында аталған мектептің  бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалық міндетін қосымша атқарды. 2014 -2019 жылдар аралығында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін, 2019 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалады.

Отбасылы, 6-қыз,1 ұлдың әкесі.

Аманәлі бала кезінен әнге құмар болып өсті. Ол тоғызыншы сынып оқып жүрген кезінде-ақ жеке аспаптарда ойнап болашақ мамндығына таңдау жасап қойған еді. Қалаған мамандығына оқуға түскеннен соң, ән жазу,өлең шығару секілді қабілеттеріде ашыла бастады. Қазіргі таңда елуге жуық әндер мен өлеңдердің авторы. «Ақ ана», «Әке», «Бауырым», «Ұстаздарға мың алғыс», «Біз ұлан», «Сүйіктім», «Жан сырым», «Жайдарман», «Туған жер асыл — анам», «Бақыт үшін күресте біз жеңеміз», «Ажарлым -Ақмаңдай», «Мүмкін емес» республика көлемінде орындалып жүрген қазақ эстардасының жарық жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожаның орындауындағы «Елім үшін туған ұлдар» әнінің авторы.

2003 жылы аудандық «Өнерлі ұстаз-2003» байқауының 2-орын иегері,2004 жылы «Теріскей таланттары » фестивалінің  эстарада жанры бойынша 2- орын жүлдегері. 2005 жылы «Теріскей таланттары» фестивалінің «Халық әндері» жанры бойынша 3-орын иегері, 2006 жылы аудандық  «Туған жерге тағзым» ән байқауының 3-орын жеңімпазы, 2009 жылы аудандық «Үздік сынып жетекшісі-2009» байқауының «Бас жүлдегері», 2009 жылы облыстық «Үздік сынып жетекшісі- 2009» байқауының «Алғыс хат» иегері, 2010 жылы аудандық «Өнерлі ұстаз» байқауының «Шығармашыл ұстаз» номинациясының жеңімпазы, 2011 жылы Республикалық  Сүгір Әліұлының -125 жылдығына орай өткен « Күй мен Терме» байқауының 3-орын иегері. 2018 жылы Республикалық  «Мектеп» ғылыми – әдістемелік, педагогикалық журналының «Үздік мұғалім» төс белгісімен марапатталған.                                                                     2018 жылы ауыл әкімі М.Тілеулиновтың және аудан әкімі С.Полатовтың «Құрмет» грамоталарымен марапатталды. 2021 жылы аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Айдаровтың және «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып аудан әкімі С.Полатовтың  «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

1998 жылдан бері 23 жылдан астам еңбек өтілінде  білім саласында аяанбай еңбек етіп келеді.

-Мақсат аға, мен әнімнің  әні мен сөзін өзім жазамын,екеуі қатар келіп жатады. Жалпы ақындармен жұмыс жасамап көрмеппін. Тек бір-ақ әнге сөз жаздым республика көлемінде орындалып жүрген. Әбдіжаппар Әлқожа орындауындағы«Елім үшін туған ұлдар» деген әнге ғана жазыппын. 2003 жылы алғашқы түлектерім алтын ұя мектептерімен қоштасып, үлкен өмірге қанаттанып ұшатын уақыт тақалған кезде, шығармашыл адам болғаннан ба, жоқ алғашқы түлектерім болғаннан кейін ба, қатты толғаныс болды. Қаңтар айынан бастап өн бойымда  бір толқу, қобалжу дегендей құбылыстар болып жатты. Бір күні қыс мезгілінде аулада отын жинап жүрген сәтімде бір ыңылдап әуен мен сөзі қатар келе берді ойыма, сәл демалып отырып шабытымды шыңдап, келген әуенді пысықтап ішімнен қайталап отырып бір шумағын қайырмасын оймен құрап алдым. Содан   үйге кіре сала гитарамды алып әнді толық шығарып қағазға түсіріп алдым. Сол әнімнің алғашқы түлектерімнің орындауында тұсауын кесіп қонақтарға тарту еттік. Жақсы пікірлер айтылып, қазіргі таңда мектепішілік іс шараларда оқушыларымның орнындауында айтылып келеді.                                          Бұл ән «Ұстаздарға мың алғыс» деп аталады. 2009 жылы аудандық сынып жетекшілерінің байқауында осы әнімді орындап, әділқазылар әніме ерекше пікірлер айтып, сол байқауда бас жүлдені иелендім.

Республикалық «ЖасҰлан», «Болашақ» өзін өзі басқару балалар ұйымдарының аудан көлемінде (слёт) жиыны болып тұратын. Біздің мектептен балалардан құралған «Болашақ» тобы қатысатын болды. Сол кезде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (марқұм) Жақсылық Ахметбек: -Аманәлі, аудандық балалар ұйымының өзінде жеке әнұрандары жоқ, мүмкін болса балаларымызға шабыт беретін, ерекше өзіміздің әнұранымыз бен барып сайысқа қатысып, жақсы бір жаңалық жасайық,-деді. Құдай өзі шабытымды осы ұсынысқа сай келтіріп әні мен сөзі қатар жазылып бір күнде «Біз ұлан»  әні жарыққа шықты. Сол әнмен сайысқа қатысып қайтқан оқушыларымыз жүлделі орынмен келіп, арнайы алғыстарын білдіріп жатты.   Бұл әнді сол кезде мектебіміздің әскери жетекшісі қазір мектебіміздің директоры Ғабит Мүсіреп, аудан көлемінде өтетін әскери дала жиынға баратын жас сарбаздарға жаттатып айтқызып жүр. Содан бері сол әскери дала жиындарында ауданның басқада мектеп оқушылары топпен орындап бара жатқандарын естіп іштей қуанып тұрамын,-деп ағынан жарылды сазгер Аманәлі ініміз.

Аманәлінің өндіріс саласына қатысты да бірнеше әндері Бетпақтың құмды даласында өндіріс жұмысшыларының айтуымен жиі шырқалып жүр.

-2018 жылдың қыркүйек айы болатын, жаңа оқу жыл басталып қызу жұмыстың кезі еді. Қыземшек елді мекенінде әнші Бағдат пен Әділет деген екі інім ұялы телефонмен хабарласып, «Аға, біз Шымкентке ән жаздыруға кетіп бара жатыр едік. Бір-екі күннің ішінде «КазАтомпром» Ұлттық атом компаниясы өздерінің мерейтойына орай  ән байқауын жариялап жатыр екен. Соған орай мүмкін болса бір ән жазып беріңізші. Біз қатысып бағымызды сынап көрейік,- деп өтініп қоймады. Сөздің шыны керек інілерімнің өтінішін кері қайтара алмадым. Не керек ол інілерім Шымкент қаласына жеткенше оңынан туып әнде дайын болды. Бар жоғы екі сағат ішінде «Қазатомөнеркәсіп» атты әнім осылай дүниеге келген еді. Қазіргі таңда барлық өндірістік жерлердегі іс шараларда орындалып, жүр өз бағасын алып жүрген жайы бар, аға,-дейді ақжарма көңілді өнерлі азамат.

Әкесі Мырзатай Төкенұлы1952 жылы Созақ ауданы Шу ауылында туылған. Совхоз уақытында шофёр болып жұмыс жасаған. 2007 жылы дүниеден өтті.
Анасы Ұлбибі Бекенқызы 1953 жылы Ащысай посёлкасында туылған. Кеңес үкіметі кезінен бері бала бақшада қызмет жасаған. Сол жұмыс орнынан зейнеткерлікке шығып қазір немерелерінің ортасында Алланың қалауымен бақытты ғұмыр кешуде. Аманәлі бауырымыз бес ағайынды екен. Өзінен үлкен бір ағасы, үш қарындасы бар. Барлығы отбасылы. Өзінің Алла берген жеті бала шағасы бар. Үлкені 8 класта оқыса, кенжесі балабақша тәрбиесінде екен. Көркем, Самал, Нұрпейіс, Айкерім, Ләйлім, Ақбикеш, Наркенже әжелерінің көз қуаныштары. Жұбайы Дүйсенбаева Дина қарындасымыз Шолаққорған ауылының тумасы. Негізі өнер адамына шығармашылық қуат пен шабытына шуақ сыйлайтын отбасындағы анасы мен жан жары ғой. Дина қарындасымызда Аманәлінің шығармашылық өрісінің кеңеюіне қолынан келген жолдастық көмегін көрсетіп, қолдау білдіріп, жанашырлығы мен жанкүйерлігін жарының жолына жұмсап жүрген аяулы жан. Қазір ауылдағы бала бақшада жұмыс жасайды. Созақ даласының ән тарихына есімін қалдырып жүрген әнқұмар әнші, саңлақ сазгер бауырымызға тек шығармашылыө табыс пен отбасылық бақыт тілейміз! Ән қанатында халқыңмен бірге қалықтай бер!

Мақсат Қарғабай

Latest news

РЕФЕРЕНДУМ — БІЗГЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси жүйені жаңғыртып, мемлекеттік басқару ісіне, заң шығару процесіне өзгерістер енгізуді бастап кетті. Оның айқын дәлелі ретінде 5 маусым күні...

Халықтың мемлекетті басқару ісіне араласу мүмкіндігі кеңейеді.

5 маусымда Қазақстанда бүкілхалықтық референдум өтеді. Референдумға шығарылатын мәселе – Конституция нормаларына енгізілетін өзгерістер. Қазақстандықтар Жаңа Қазақстанның Негізгі Заңын өздері қабылдау арқылы мемлекеттің қоғамдық-саяси...

Важный шаг cделанный на благо страны

Как известно, на XXXI сессии Ассамблеи народа Казахстана, которая прошла под девизом «Единство народа – основа обновленного Казахстана», Президент Касым-Жомарт Токаев предложил провести 5...

РЕФЕРЕНДУМ ТЕҢДЕЙ МҮМКІНДІККЕ БАСТАМА

Береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін, қаңтардағы дүрбелең кезінде бұған көзіміз анық жетті, деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл оқиғалар ел дамуын жаңғыртуға жаңаша серпін...

Related news

РЕФЕРЕНДУМ — БІЗГЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси жүйені жаңғыртып, мемлекеттік басқару ісіне, заң шығару процесіне өзгерістер енгізуді бастап кетті. Оның айқын дәлелі ретінде 5 маусым күні...

Халықтың мемлекетті басқару ісіне араласу мүмкіндігі кеңейеді.

5 маусымда Қазақстанда бүкілхалықтық референдум өтеді. Референдумға шығарылатын мәселе – Конституция нормаларына енгізілетін өзгерістер. Қазақстандықтар Жаңа Қазақстанның Негізгі Заңын өздері қабылдау арқылы мемлекеттің қоғамдық-саяси...

Важный шаг cделанный на благо страны

Как известно, на XXXI сессии Ассамблеи народа Казахстана, которая прошла под девизом «Единство народа – основа обновленного Казахстана», Президент Касым-Жомарт Токаев предложил провести 5...

РЕФЕРЕНДУМ ТЕҢДЕЙ МҮМКІНДІККЕ БАСТАМА

Береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін, қаңтардағы дүрбелең кезінде бұған көзіміз анық жетті, деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл оқиғалар ел дамуын жаңғыртуға жаңаша серпін...