Тұмауға қарсы екпе жұмыстары басталды

 Суық түсісімен елде жіті респираторлық вирусты инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау белең ала бастайды. Сондықтан тұрғындардың бұл аурудан сақтана білгені жөн.

 Түркістан облысы бойынша 2020 жылға ресейлік «Гриппол+» вакцинасының 240 637 дозасы алынып, тұмауға қарсы егумен облыс тұрғындарының 12,14%-ын қамту жоспарланып отыр. Жоспарлы профилактикалық егу халықтың жекелеген санаттарына (медицина қызметкерлері, жиі ауыратын балалар, жүкті әйелдер, жабық мекемелер және т.б.) тегін жүргізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов мәлімдеді.

 Оның айтуынша, әдетте тұмаудың эпидемиялық маусымы 1 қазаннан басталып, келесі жылдың сәуір айының соңына дейін созылады. Алғашқы қазан-қараша айларында риновирус, аденовирус, парагрипп сияқты жедел респираторлы вирусты инфекциялар тіркеледі. Сондықтан екпе жұмыстары алдын-ала қыркүйек айынының 15-інен басталады.

 «Облыс бойынша ағымдағы жылдың 8 айында 4820 жағдай жедел респираторлы вирусты инфекциялар тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда аурушаңдық 11,3%-ға төмендеген. Ауырғандардың ішінде 50,7%-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Көпшілікке мәлім, әлемді жайлаған коронавирусты індеттің пандемиясы біздің республиканы да айналып өткен жоқ. Мамыр-шілде айларында республика бойынша, оның ішінде біздің облыста да коронавирустық инфекциядан эпидемиологиялық ахуалдың асқынулары орын алды. Болжамдар бойынша күз-қыс айларында коронавирустық инфекцияның екінші толқыны пайда болып, ЖРВИ мен тұмаудың мезгілдік кезеңімен сәйкес келіп, қабаттасуы эпидемиологиялық жағдайды асқындыруы ықтимал. Сондықтан республика бойынша тұмаудың профилактикалық және мониторингтеу іс-шаралары алдын-ала пысықталып, қыркүйектен бастап жүргізілетін болып шешілді» деді Бақтыораз Мизамұлы.

 Сондай-ақ, брифингке қатысқан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Нұрхан Нарымбетова екпенің маңыздылығына тоқталды.

 «Тұмаудың салдары вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда мұның соңы өліммен аяқталып жатады. Тұмаудың алдын алудың ең сенімді жолы – эпидемиялық кезең басталмай тұрып тұмауға қарсы егу. Сонымен қатар облысымызда жұмыс берушілер есебінен мекеме, кәсіпорын жұмысшыларын егу шаралары қарастырылуда. Одан бөлек, азаматтардың өз қаражаттарына тұмауға қарсы профилактикалық егуді Түркістан қалалық емханасы қолға алып отыр» деді ол брифингте.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news