Суға шомылғанда сақтық керек!

Құрметті аудан тұрғындары, қазіргі таңда жазғы мезгіл уақытында суға шомылу, судың жағалауында серуендеу басталды. Өзен-көл, су ағатын жағалауларға аудан тұрғындары мен қонақтары көптеп келеді. Көптеген адамдар денсаулығына пайда әкеле отырып, бос уақыттарын су жағалауларында өткізеді. Барлық су жағасында демалуды ұнататындарға судың тек қана қуаныш емес, кей жағдайларда қайғы әкелетінін де ескерткіміз келеді.
Осынау ыстық күндері полициялар мен жергілікті әкімдік тарапынан құрылған мобильді топтың құрамымен бірге, белгіленбеген жерде суға түсуге болмайтыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үнемі рейд іс-шаралар өткізіп отырамыз.
Адамдардың суда шомыламын деп қаза болуларының /өлуінің/ басты себептері, мас қалде шомылу, суға шомылу барысында өз күшін бағаламау, жүзе алмау, жасөспірім балаларды қараусыз қалдыру екенін ескертеміз.Суға шомылғанда сақтық керек! 1
Бүгінде су айдындарында шомылуға тиым салынған аумақтарға ескертпе тақтайшасы орнатылуда, және әрі қарай орнатылу жұмыстары жалғасын табады. Қауіпсіздік шарасына мән бермейтіндер азаймай күнделікті құқық бұзушылар анықталып отыр. Өкінішке орай, Түркістан облысының басқа аудандарында суға түсу, шомылудың соңы қайғылы жағдайлармен де аяқталып жатыр.
Сондықтан Құрметті аудан тұрғындары, абай болыңыздар, жасөспірім балаларды көзден таса жібермеңіздер! Ата-аналарды жазғы демалыс кезінде балалардың суға кету фактісінің болдырмауын алдын алуды, жасөспірім балалардың жазғы мезгілде жүріс тұрысын күшейтілген түрде қатаң бақылауға алуға шақырамыз.
Жаз уақытында суға түсетін орындарының жағалауы жайдақ болып келуі, су айдындарының асты таза болмауы, ол суда балдыр, шырмауықты өсімдіктер, кесек-тастар, темір қалдықтары, пиала, әйнек сынықтарының салдарынан дене жарақатын алуыда мүмкін екендігін ескертеміз.
Адамдардың қауіпсіздігі үшін әр суға түсушіге 5 м. кв., ал тұйық суларда ол екі, үш есе көбейтілуі қажет. Өзендерде адамдар суға түсетін жердің ағысы 0.5 метрден аспауы абзал.
12 жасқа дейінгі балалар жағажайға тек ересектермен бірге және олардың қадағалауымен жіберіледі.
Суға түсуге тиым салынған жерлерге суға түспеңіздер.
Суда сақ болыңыздар!

Созақ ауданының полиция бөлімі

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news