Сұрапыл соғыс солдаты

Әлқиссадан ер азамат жерін, жұртын қорғаған,

Өр кеуделі рухты елдің намысы қор болмаған!

Ерлік дәстүр замандардың дәуірлерге мұрасы,

Түп атадан—жас қыранға қанаттарын қомдаған!

Мың тоғыз жүз отыз тоғыз. Жиырма екі жасында

Перзент сүйіп әкелік кезең басталғанда расында,

Бақыттың балын татқызып жүргенде Созақ даласы.

Батыстан төніп қара бұлт, аттандың әскер-қосынға.

Залым соғыс басталды, тарихта қалған атымен,

Фашизмді ту тіккен сұм диктатор парқымен.

Миллиондар опат болды. Ерліктер елдің есінде!

Қаһармандар қаза кетті Отанға деген антымен.

Келуін тілеп зар болды ботасын күткен аналар,

Келіншектер күңіренді қорған таппай паналар…

Алдағы талай ұрпаққа жыр-дастан боп жетеді,

«Қара қағаз» салып кеткен жүректегі жаралар.

Қырық бестің көктемі, ел жеңіске жеткенде,

Ата өзіңнің атыңнан хабар келмей кеткенде.

Өлдіге балап тастапты ауылдағының қатары,

Майдан көрген хаттарың ауылдан тыс өткенде.

Зұлмат айқас біткен соң, екі жыл салып араға,

Аманат етіп аттандырған сырлы Созақ далаңа,

Батысты жеңіп «уралап» ініне тығып жауыңды!

Қайта оралдың дін аман, ағайын-туыс, балаңа!

Жатушы едік бүк түсіп кереуетте маужырап,

Күншуақта отырушы-ең көршілермен қаужырап.

Асыр салып ойнадық «атам жауды қырған деп»

Ойламаппыз сол кезде неге отыр деп тұнжырап.

Ұрпағыңмын ата өзіңнің мақтан тұтар ерлікті,

Бейбіт күнде еңбек еткен берік буып белдікті.

Аманат етіп болашаққа айтып кетем өзіңнің,

Ерлігіңмен алып берген елге Ұлы Жеңісті!

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news