Екі елдің Кәсіподақтар федерациясы қайырымдылық көмек көрсетті

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, ҚР Кәсіп-одақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин және Өзбекстан Республикасы Жызақ облысы кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Нусуратулла Пардаев Мақтаарал ауданында болды.

Екі жақтың келісімімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы (ҚРКФ) және Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы (ӨКФ) тарапынан мамыр айының басында Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бұзылуы салдарынан болған су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Қазақстан және Өзбекстан делегациясы Өргебас және Фирдоуси ауылдарына барып, су апаты зардаптарын жою барысындағы атқарылған жұмыстардың барысымен және Достық, Жеңіс, Жаңа тұрмыс елді мекендеріндегі су тасқыны кесірінен баспанасыз қалған азаматтарға салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.

Сондай-ақ, екі елдің кәсіподақ төрағалары Мырзакент кентінде жергілікті тұрғындармен және су апатынан зардап шеккен елді мекендердегі мектеп басшыларымен кездесті.

ҚРКФ басшысы Аманжолов, Мүсірепов, Фирдоуси атындағы орта мектептер мен Нұрлы жол елді мекеніндегі білім ұясына 25 ноутбук, 25 парта мен 50 орындық, 2 принтер, бір-бірден мультимедиалық тақта табыс етті.

Сонымен қатар, су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің 100 тұрғынына ҚРКФ қарасты «Көктем», «Меркі», «Манкент», «Жаңақорған», «Щучинск» шипажайларына жолдама беріліп, ем қабылдауларына мүмкіндік жасалынып отыр. Тегін жолдамалар зейнеткерлер, мұғалімдер мен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға да берілді.

Апаттан зардап шеккен ауданның мұғалімдеріне Республикалық білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағы тарапынан да елеулі қолдау көрсетіліп, 365 білім саласының кәсіподақ мүшесіне материалдық көмек ретінде 35 мың теңгеден берілді. ҚР Кәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйымдары 50 млн. теңгенің көмегін көрсетті.

Өзбекстан кәсіподақтары жалпы сомасы 16 миллион теңге көлемінде гуманитарлық көмек алып келді. Соның ішінде алғашқы қажеттілік тауарлары, құрылыс материалдары, төсек-орын жабдықтары мен азық-түліктер бар.

«Оңтүстік Қазақстан» газетінен.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news