Дәріханалар жұмысы

 Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында дәрі-дәрмектің бағасын қолдан көтеру және әдейі тапшы ету жағдайларын жою мақсатында бүгін аудан орталығында дәріханаларға бақылау жұмыстары жүргізілді.
Бақылау жұмысын арнайы құрылған мониторингтік топ мүшелері: Кәсіпкерлер палатасының Созақ ауданы бойынша филиалының директоры Ғабит Жүсіп, «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалының эксперті Нұрболат Қошқарбаев, «Созақ үні» газетінің жауапты хатшысы Мақсат Қарғабай, «Созақ- Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің басшысы Жеңіс Төлепбергенов және аудандық «Value» волонтерлар ұйымының мүшелері  жүргізді. Аталған бақылау жұмыстарында дәріханаларда дәрілік заттардың болуы және шекті бағаның сақталуы туралы айтылды. Арнайы мониторингтік бақылаудың мәні мен барысының себебі дәріханалар бойынша анықтауға тиісті аудан жұртшылығына беймәлім жайттар бар. «Дәріханалар неге жабық?» деген сауал бойынша зерделеу барысында білгеніміз аудан орталығындағы төрт аптека иелері ауырып жатыр. Алды жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың да пенде ретінде ойлайтыны өз отбасының денсаулығы болғандықтан оларға ешкім «ауырсаңда шығасың!» деп айта алмасы анық. Екінші, бізге ұстатқан тізім бойынша дәрі бағаларының шекті бағадан аспау керектігі еді. Бақылау барысында шектен асырып сатып жатқан дәріханалар кездеспеді. Алайда ашық тұрған дәріхана иелеріне алдын ала ескертіп шықтық. Ендігі кезекте айтарымыз ауданға қажетті дәрі-дәрмектер келе жатыр. Бірақ бей-берекет, қалай болса солай сатылмай, дәрігерлердің нұсқамасымен сатылатын болады. Қазір мен шекті бағадан аспауы тиіс, өте қажетті дәрі-дәрмектер тізімін назарларыңызға ұсынамын. Дәрі тапшылығы еліміз бойынша белең алып тұр. Сол себепті бар дәрілерді қажетімізге қарай алсақ. Бұл бизнес жасайтын жол емес! Адам өмірі! Осы жағын ескеріп сабырға келіңіздер! Жағдайды қосымша хабарлап отырамыз!

Мақсат ЖЕҢІСҰЛЫ

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news