ҚОЙМАЛАРҒА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгінгі күні Түркістан облысының аумағында халықтың денсаулығын нығайту және эпидемиологиялық жағдайды ретке келтіру мақсатында жүйелі  жұмыстар атқарылуда.

Осы орайда, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев бастаған жедел жұмысшы топ «СК-Фармация» ЖШС-нің Түркістан қаласындағы дәрілік заттар сақтайтын қоймасына арнайы барып, сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің жеткізілу деңгейіне зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Мониторингтік жұмысшы топтың құрамында Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары М.Қарғабай, облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Н.Нышанов, облыстық «NurOtan» партиясының өкілі мен «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері және Арнайы мониторингтік топ мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Аталмыш қойманың жұмысымен танысу барысында дәрі-дәрмектер облысқа қарасты Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Бәйдібек, Келес, Қазығұрт, Жетісай, Мақтарал, Отырар, Сарыағаш, Созақ, Шардара аудандарындағы емханалар мен ауруханаларға дер кезінде жеткізіліп отыратыны түсіндірілді.

Бұл қоймаға дәрі-дәрмек қоры негізінен «СҚ-Фармация» арқылы толықтырылып отыратыны және қоймадағы дәрі-дәрмектер бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік емханалар мен ауруханаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі негізінде таратылатыны белгілі болды.

Жүргізілген мониторинг барысында қойма жұмысымен жіті танысқан Хаким Дүйсешұлы халық денсаулығын нығайту мақсатында вирусқа қарсы аса қажетті  дәрілік заттардың емдеу орындарына жеткізілуінде ешбір кедергі болмау керектігін алға тартты.

Айта кетсек, 11 шілде күні Түркістандық дәріханаларға Алматы қаласынан аса қажетті дәрі-дәрмектердің 136 түрі жеткізілген болса, бүгін көрші Өзбекстан елінен 142 мың қорап  дәрі-дәрмек түрлері мемлекеттік емханалар мен ауруханаларда емделіп жатқан науқастарға таратылу үшін келгендігі белгілі болды.

«Оңтүстік Қазақстан» газетінен

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news