Жазықсыз болса да жазықты етті

1995 жылы Тәуелсіздік таңы арайлап атқан алғашқы жылдары елімізде кәсіпкрлік салада алған қанат қақты сәтті бастан өткізіп жатқан еді. Сол кезде осы базардың түбінде тұратын Бақытжан Нәсіреддинов асхана ашып. Сол жаңа кәсіпкерлік нысанның ащшылуына құран оқытпақ ниетпен барлық айнала көршілерді шақырды. Асхана болғанда аядай екі бөлме, бірінде ас ауқат әзірленсе, екіншісінде адамдар, өткен кеткен жолаушылар тамақтанатын орыны бар болатын.  Сол асхананың ашылуына аудандық телеарна журналистері Есенбек Еенжеқараев, Серік Қасымов бірге бардық. Сонда Бақытжанның әкесі Айдарбек қарияның қуғын-сүргін ылаңына тап болғаны жайлы әңшгімесін тапжылмай отырып тыңдап едік.

-Менің пашпыртымда туылған жылымды 1915 жылы деп жазылған. Ал дәлірегінде1913 жылы ескіше сиыр жылы дүние есігін ашсам керек.  Әкем Насреддин өмір бойы диханшылықпен айналысқан адам. Ал оның әкесі Мәуленқұл деген кісі  болыс болған екен. Мен ата-анамының тұңғышы болатынмын. Әкем 84 жасында бақилық болды. Анам Гайрынса бұрынғы Калинин атындағы колхозда жұмысшы болып еңбек етіп жүріп, 54 жасында өмірден озды. Өзім болсам кештеу 25 жасымда отау құрып, шаңырақ көтердім.

Біздің отбасында 3 ұл, 1 қыз тәрбиелендік. Әлгінде айтқанымдай олардың ішіндегі ересегі мен болдым. Інім Бабажан Жеткіншек пен Қарасуандағы мектепте ұзақ жылдар мұғалім болып еңбек етіп, 58 жасында дүние салды. Одан кейінгі інім Патшахан алпысқа келді, колхозда қарауыл болып істеді, қазір зецнеткер. Қарындасым Аяжан аудан орталығындағы банкіде көп жылдар бойы кассир болып істеп жүріп, зенеткерлік жасқа жетпей қайтыс болып кетті.

Өмір тауқыметін жастай артып өстім. Он бес жасымда әкеме нақақтан нақақ жала жабылып 3 ждылға соттады. Содан еге дейсіз ғой? Ол кезде халыққа жүн, ет салығын салатын. Бәрін төлетіп алып, оған қарамай әкейді 2-3 мәрте абақтыға жауып, сосын үй—жайымызды, дүние-мүлкімізді тәркілеп, басымыз ауған жаққа кеттік.

Сөйтіп тақдыр тауқыметі бізді Түркістаннан бірақ шығарды. Әркімге жалынып, мен тірлік істедім. Анам болса дімкәс, бауырларым жас. Үш жылдай өлместің күнін көріп тұрып жаттық. Бұдан кейін күнкөрістің қамымен Сарыағашқа, одан ақырында Түркістанға қайтып оралдық. Біз ұмытпасам 1934 жыл ғой деймін. Бәрібір жағдайымыз жақсарып кете қоймады. Арада төрт жылдай уақыт өтті.

Кір жуып, кіндік қанымыз тамған атамекен—Созаққа колхоздың көмегімен тәңірдің бір сәтті күнінде көшіп келдік. Бұл кезде әкеміз ақталып қайтып оралған. Бұрынғы біздің үйімізге сол кездегі аудандық жол бөлімінің бастығы Әубәкір Тоқтыбаев деген азамат қоныстанып алыпты. Алғашында үйді бергісі келмейц, біраз әуре-сарсаңға салғанымен, кейіннен жағдайымызды түсінді ғой деймін, үйімізді босатып берді. Көп ұзамай колхоздың жұмысына шықтым. Алғашында табельщик деген жұмыс берді. Әкем шайхана ашып сонда істеді. Өмір осылай жалғасып біртіндеп өтіп жатты. Тағдырдың жазуына не шара «қызықтың» бәрі алда екенін ол кезде кім білген? «басқа салса баспақшы» деген пенденің оған көнбеске шарасы қайсы?

Менің ескіше сауатым бар, арабша оқимын, ауылдағы Құрманқұл дамула, Ноғай молда, балықтық деген молдалардың 8 жасымнан бастап 18 жасқа дейін 10 жылдай ескіше сауат аштым. Соның кесірі ақыры маған жала олып жабысты. 1937 жылы 5 желтоқсан күні жазықсыз сотталып кете бардым. Неге екенін осы күнге дейін өзім де түсінбеймін.

Біреулер сыртымнан «Шолаққорғанға ишан туысқаны қайтыс болып, Ташкенттен Алаухан деген ишан келді. Сондағы жаназаға Айдарбек те қатысты.-депті тергеушіге сыбырлапты. Шындығында жаназаға мен емес әкем ауылдас шалдармен бірге барған еді.

…Таңертең үйден жұмысқа шыққанмын. Түсте үйге келсем әкем жоқ екен. Отырып тамағымды іштім. Шешем:-«Жұмысыңа бара бер»-деген жұмысыма кеттім. Жолай жұмысқа жарамды балдардың бәрін айдап келе жатқанымда алдымнан 1 милиционер мен Жолдас деген колходың бастығы қарсы ұшырасты. Колхоз бастығы:—Мына келе жатқан Айдарбек,—деп орган қызметкеріне мені көрсетті. Милиционер менің үсті басыма тінтіи көз жүгіртті де:- НКВД-ға жүріңіз деді.

Мені түрмесіне алып келді. Есігін ашып, ішке қамады. Түрме дегені қарсы есік үй. Келесі бөлмеде мені көрсеткен Темірхан отыр екен. Оны да алып келіп, біздің ішімізге қосты. Темірхан келген соң маған қарап:

-Айдархан сен қойылған  айыпты мойныңа ала бер. Әйтпесе мыналардың түрі жаман босатпайды.—деп ақыл айтқансыды. Сәлден соң Темірханды алып шығып кетті де, екі милиционер келді.

Түнгі 12-ден таңғы 5-ке дейін әбден ұрып соқты. Ол аз болғандай милициялар да қосылып ұрды. Осылайша бес сағат жанды қинап, жатар орынға құр сүлдерім ғана жетті. Ауырып екі ай жаттым. Содан ауылдан Шымкентке алып келіп, тауарлы поезға мінгізді.  Пойызға мініп Владивостокқа жол тарттық.  Бір айдан аса жол жүріп қиыр шығысқа да келіп жеттік. Осында келген соң бір-ақ білдік. «Үштік» дегені бізді желтоқсанның бесінші жұлдызында-ақ сыртымыздан соттап қойыпты. Қоршаулы лагердің ішінде қамаауда жаттық. Қабаған иттер, қарулы әскер қорегіміз 1 стакан шөптің тұнбасы, 1 тарелке етсіз сорпа, 200 грамм қара нан.

Ауданнан  Жаңбырбаев деген райкомсомолдың хатшысы, Әбдіжаппар Орал,  (Бабайдың әкесі) Әбілда, Оспан деген 40-45-тегі жігіттер. Бір күні Магаданнан комиссия келді. Құрамында сегіз дәрігер бар. Бізді көріп денсаулығымызды тексеріп, жолға салды. Не керек 16 күн дегенде параходпен Магаданға алып келді. Күн болса суық, 50 градус аяз. Қолғап киім беріп, бір есіктен шығарып жатыр. Асханаға алып келіп, тамақтандырды. Алфавит бойынша 25 адамнан шахтаға қара жұмысқа бөлді.
Лазо деген шахтаға барлық тұтқындарды алып барды. Магаданнан ары қарай 800 шақырым жер екен. Көрпе-жастығымды тастамай, өзімен бірге ала кеткенмін. Оның мұндай жақсы болар ма. Күн аязды, боранды суық. Он бес күндей жаяу-жалпылап, қырық шақырымды батпақ жолды артқа тастап Лазоға да келіп жеттік.

Ертесіне мені бір түркмен жігіттің бригадасына қара жұмысшы етіп бөлді. Аты ұмытпасам Әбдірахман болуы керек. Таңғы сағат сегізден бастап он екі сағат бойы демалмастан жұмыс істейміз. Асхана мен шахтаның арасы екі-үш шақырым.

Жұмыс ауыр. Күндігіне беретін 500 грамм қара нан, сорпа, арпаның ботқасы. Қиыншылыққа шыдамай көп адам набыт болып қырлып кетті. Тапсырылған еңбек  нормасын орындамасаң, екінші  сіменге алып қалады. Сондағы нормасы әр адам басына 100 арба тасуымыз  керек. Осы күні ойласам, бізді алтын өндіретін кенішке руда тасуға пайдаланған екен ғой. Тағдырдың талайымен сол шахтада он жыл істедім. 1947 жылы 9 желтоқсан күні түрмеден босатты. Алайда әлі алда азапқа толы 5 жыл бар екендігін кім білген. Шахтада жүргенде «бүйтіп азап көргенше өлген жақсы» деп қол-аяғын шапқандар көп болды. Сәдуақас деген түркімен жігітінің осындай әрекеті әлі күнге көз алдымнан кетпейді. Түрмеде аяқ, жамбас, қол, тобығым сынып, лагердің ішіндегі ауруханада 6 ай емделіп шықтым. Қараңғыда бір жерге алып келді. Сонда түнеп шықтық, ауруым әлі де толық жазыла қоймаған еді. Ертесіне бастығым бастапқы райынан айнып қалыпты. «Құдық қазасың» дейді. Мен болсам «жағдайымды көріп тұрсыз ғой, қара жұмысқа жарамаймын» деп жалынамын. Ақыры көнбеді. Маған жасаған бір жақсылығы 18 шақырым жердегі дәрігерге көрінуге жіберді де, қасымдағы орыс жігітін алып қалды.

Покрышкин шахтасы 24 шақырым жер екен. Ол жерде қара жұмысқа жекті. Денсаулығым мүлде нашарлап кетті. «Өлсем де енді шахтада істемеймін» деп қасарысып бақтым. Төрт бірдей бастық жүр екен. «Неге істемейсің» деп сұрақтың астына алды. Жайымды айттым. «Атып тастаңдар!» деп ақырып жіберді. Біреуі иманжүзід жан екен, менің жайымды түсінді білем, басқаларына басу айтып сабырға шақырды. Содан тағы да бес жылдай құрылыста істедім. 1952 жылы тамыз айында басыма бостандық алып, ауылға қайттым,-деп көзіне жас алып қинала әңгімелеп беріп еді. Айдарбек атамыз түрмеден келген соң Ащысай кенішіне барып,  шахтада бес жыл жұмыс істейді. Кейін шахтада авария болып, елу күндей қимылдамай, күндіз-түні ажалмен арпалысып, аман қалады. Содан  кен қазу жұмысына жарамай мүгедек атанып туған жерге қайта оралады.

1959 жылы Ащысайдан елге көшіп келеді. «Қарасуан» колхозында колхозшы болады. Кейіннен осы жерде мүгедектігіме байланысты зейнеткерлікке шықтым. Ырыс апамыз екеуі үш ұл, екі қыз өсіріп, тәрбиелейді.

Ұл-қыздарынан немере көрген қария, сонау жылдардың ызғарымен аптабынан, сол уақыттағы саяси жүйенің жүгенсіздігінен қанша зәбір көрсе де  табандылық танытып, қиындық атаулыны түбірімен жеңе отырып, ұрпағына жаңа өмірлік кілтін ұстатып кетті. Бабалар рухы-сол игі істерімен мәңгі есте қала бермек!

Мақсат Қарғабай

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...