ЖАҚСЫЛАРДАН ҚАЛҒАН ЖӘДІГЕРЛЕР

 Генерал ағамыз музыкалық аспаптар жасайтын неміс шеберіне жасаттырған домбыраны арнайы барып көріп қайттым. Шынында шертіп жіберсең күмбірлей жөнелгісі келіп тұр, Жарықтық!

-Генерал Асқаров ағамыз негізі бізге бөтен емес, тама руынан, әрі айдар балта тамаға жиен деп әкем Құнанбай айтып отыратын. Ол кісіні жақсы тани бастаған кезіміз 1980 жылдары болды. Әуелі біздің үйлену тойымызда асаба болды. Әнді де, күйді де ағытып, бір өзі бір ансамбль еді,-жарықтық. 1985 жылы №14 мектеп интернатта мұғалім болып жүргенімде ол кісі Калинин совхозында гидротехник болатын. Тоғызыншы класс оқушыларымен бірге совхоздың жүгерісінің түбін қопсытуға, шөбін шабуға баратынбыз. Бір ай бойы 30 оқушымен бірге болған Генерал ағамызәнді де, күйді де төгілтіп, дала концертімен сусындатып қайтатын. Арасында қызықты әңгімелерді де айтып отыратын. Бірде Генерал ағам:-әй, Жаңабай! келін әнші екен ғой, аудандағы бір концертте өлең айтып, домбырасы сәл келіңкіремей тұрды. МенАлматыға кетіп барамын. Жақсы домбыра жасайтын Вагнер деген досым бар, соған домбыра жасатуға заказ берейін ба?-деді жанашырлық пейіл танытып.

Мен : -Ойпыр-ай, аға заказ берсеңіз тіпті жақсы болар еді,-дедім.

Бір-екі айдан кейін Генерал ағамыз: -Жаңашжан! Өзің айтқан домбыраны жаңғақтың ағашынан шауып жасап жатыр. Шабысы бір жылқының ақшасы  боп қалар, әкеле берейін бе?-деп хабарласты.

-Әрине, әкеле беріңіз!,- дедік қуанып.

Сөйтіп, бір жылқының ақшасына осы домбыраны Генерал ағамыз білікті, шеберге жасатып берді. Әлі күнге дейін іші-сыртына қылау түспей, дауысы сыңғырлап, көмекейі күмбірлеп тұр,-дейді Жаңабай Тәжбен ағамыз.

 Әңгіме соңында Жаңкеңнің жары, домбыраның анық иесі әнші Қалдыкүл апай домбырасын қолға алып шабыттана шырқай жөнелді.

Иә, ол уақытта домбыра жасайтын шеберді табу қиынның қиыны еді-ау. Менің әкем Жеңіс те домбыра жасайтын шебер болған екен. Өзі өмірден өткенде бір домбырасының басын үңги кеулете шауып бітіріп дайындап қояды. Ал пернесі бітпей қалады. Кейін өзі өмірден өткен соң бас жағы да жоқ болып кетеді. Екінші бір толық біткен домбырасын Ф.Энгельс орта мектебінің сол кездегі директоры Сәметов Байболат ағай аттай қалап алған екен. Кейін ол кісілер Құмкентке көшіп кетті ғой. Домбыраны өздерімен бірге ала кетеді.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news