Осы жұрт Торғай әулиені білер ме екен?

Аудан орталығындағы С.Қожанов атындағы мұражайда карантин кезінде жалпы ережені сақтай отырып, танымдық-тағылымдық іс-шаралар көптеп өткізіліп келеді.

Аталған музейде өткен жұма күні ақын, журналист, жерлесіміз Төреғали Ташеновтің «Жас Алаш» газетінде жарияланған «Теріскейден шыққан Торғай әулие, Созақтың соңғы дәруіші жайында» деген мақаласы арқау етіліп Торғай әулиенің ұрпақтарымен кездесу өткізілді. Әулиенің немерелері Оспанов Ілесбек, Торғайов Жуасбек және бөлешары Байжанова Шәкизат, сондай-ақ қазақ радиосының тілшісі Ғалым Есенсариев кездесуге арнайы келіп, қатысып естеліктермен бөлісті. Дәруіш атамыз өткен ғасырдың бас кезінде дүниеге келіп 1982 жылдың желтоқсан айында дүниеден озған екен. Әулие кісінің ерекше қасиетіне байланысты оны жұрт дәруіш деп атаған. Бойындағы ғажап күш оның аяғын жерге тигізбей көтеріп алып кететін сияқты. Талай мәрте темір тұлпарларды шаңға көміп, діттеген жеріне көліктен бұрын барып тұрады екен.Сарыарқада жерленген әкесінің бейітіне жаяу барып келген. Қашықтығы 2-3 күндік жолды Торғай әулие аз ғана уақытта жүріп өткен ғой. Емшілігі де, баланы сүндетке отырғызатын қасиеті де болған. Қалай дегенде де Торғай әулиенің өзгеше жаратылыс иесі екендігі осыдан-ақ көрініп тұрған жоқ па? Көз көрген немерелерінің айтуынша Торғай әулие 6-7 айлап ел аралап, балаларды сүндеттендіріп, ауруларға емін жасап жүрген.

Немересі айтады: «Торғайдың малы еді деп әр ауылдан үйге кісілер қой-ешкі, лақ-қозы алып келіп беретін» дейді. Атамыздың жасаған емшілігіне халықтың бұл ыстық ықыласы болса керек. Жалпы, Торғай әулие мал көбейтіп баюды мақсат тұтпаған кісі. Әйтпесе қолынан емшілігі тамып тұрған адамға дүние жинау не тұрады десеңізші.

Талай адам үйге келіп, түнеп, атаның тұтынған заттарын ұстап, көйлегін киіп, шаңырағында болып ауру-сырқауынан құлан-таза айықты дегенді айтты немерелері.

 Кездесу кезінде Торғай атамыздың ұрпақтары ол кісі жайында өздерінің көзімен көрген, естіген әңгімелерін ортаға салды. Қазақ радиосының тілшісі Ғалекең де  бала күнінде Торғай әулиені көргендігі жайында естелік айтты. Ол кісінің әңгімесі өте қызық болды. —-Бала күнімізде үлкендер біздерді Торғай әулие келе жатыр деп қорқытатын. Ол кісі сол кездері кішкентай балаларды сүндетке отырғызатын. Содан бала біткен оның атын атаса қатты қорқатын. Менің әкеммен жақсы әңгімелесуші еді,-деп әңгімесін сабақтады. -Сол өткен ғасырдың 90 жылдары Торғай жайында көп айтылатын. Торғай әулие  Шолаққорғаннан Ащысайға автокөлікпен шыққан адамдардан бұрын жетіп, әлгі үйде шай ішіп отырғанын кездестірген оқиғалар болған. Осындай аңызға толы хикаяттар ол кісі жайында көп айтылатын,- деді Ғалым Есенсариев.

Музей директоры Ниязәлі Дүйсенбеков қозғау салып, өткізген іс-шара ұрпақтар сабақтастығы десек келісіп-ақ тұр. Олай болмағанда бізден кейінгі ұрпақ Торғай әулие жайында мүлде бейхабар болар еді. Ал, елге әйгілі Торғай әулиеміздің іс-әрекеті жайында айту- бүгінгі ұрпақтың парызы болса керек. Міне осыны Ниязәлі Дүйсенбеков дөп басып, тамыршыдай нақтылап отыр. Нәкең кездесу барысында Торғай әулиеден қалған жәдігерлік заттарды музейге тапсырудың маңызы бар екендігіне тоқталды. Ұрпақтарының айтуынша ол кісінің кенже немересінің үйінде қарашаңырақта әулиенің аса таяғы, тақиясы, тәспісі, көйлегі сақтаулы екен. Қарашаңырақтың егесі Жуасбек атасынан қалған мүліктерді көздің қарашығындай сақтап келемін деді. Музейге тапсырасың ба деген өтінішке: Жоқ олай ете алмаймын. Бұл атамнан қалған ең құнды, өмірден де қымбат дүниелер, ешқандай бере алмаймын,-деді. Олай болған күнде ең болмаса әлгі құнды жәдігерлердің макетін берсеңіздер жарар еді дегенді музей директоры алға тартты. Бұл шаруа өте бір орынды болатын еді. Өйткені бұл дүниелерді музейге қойсақ бүкіл Қазақстан халқы келіп, тамашалар еді. Тек қана Торғай әулие әулетінің ғана жәдігері емес бұл бүкіл елдің құнды дүниесі ғой. Осы жағын да ойлағанымыз абзал.

Аудандық музейде өткен іс-шара өтуі екі сағаттық болғанымен оның маңызы, мәні өте жоғары болды. Торғай әулие жайындағы ел аузындағы әңгіменің шынайы көріністерін оның ұрпақтарынан естіп, көңілге түйдік. Ел арасындағы осындай абырой мен беделге ие асыл азаматтарымыз туралы жұртшылық  санасына сіңіріп, насихаттау біздің басты алға қойған мақсатымыз деп есептейміз.

Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...