Ақпейілді ағам-ай аңқылдаған

 «Алдыңда ағаң болған қандай жақсы» деген сөзге бала күнімізде мән бермеген екенбіз. Зерделеп қараған адамға бұл сөзде үлкен мән бар екен ғой. Қазір ойлап қарасам алдымыздағы ағалардың да қатары сиреп барады. Олар барда өзімді бала сезінетін едім. Ағалар алдымда көрінбеген соң көңілім жетімсіреп қалған сияқты.

Алдымыздағы ағалардың бірі әрі бірегейі Алпысбай ағам еді. Оның көзқарасынан өзінен бауырмалдық сезіліп тұратын.

Алпысбай Баубеков ағамыз Қызылкөл ауылының тумасы. Осында кіндік қаны тамып дүниеге келген. Менің бала күнімде ағам Қыстаубек екеуінің жұбы жазылмай жүретін. Қыстаубек ағамның кішкентай кезінде ит көйлегін киген екен. Сондықтанайы кіші болған соң қыстаубек ағамды аға дейтін. Ол кісілердің кезінде қызылкөлдегі мектеп бастауыш сыныбы бар оқу орыны болатын. Құмкентке барып қатынап оқитын. Бұлар теңертең ерте мектепке бару үшін жолға шығатын. Сөмкелеріне нан, су, ел салып алатын. Соны жолай азық етіп түс қайта ауылға оралатын. Қызық. Кейде олар қызылқанаттағы талдың көлеңкесінде ойнап-ойнап, сабаққа бармай түс қайта ауылға қайтып кетеді екен. Мұғалімдері жиналыстарда балаларыңыз сабақтан жиі қалады дейді екен. Ата-аналар болса аң-таң. Балаларымыз күнде сабаққа кетеді ғой дейді екен.

Жаздың күні ағаларымыздың жасаған істері өте қызық. Қауын піскен кез олар үшін үлкен мереке. Олар күнде түнге қарай қауын ұрлыққа шығады.

Біз де ұйықтамай ағаларымыздың қауын алып келгенін түннің ортасына дейін күтіп отырамыз. Қап-қап піскен қауындарды арқалап келеді. Біз мәзбіз. Ортаға алып таң атқанша күйсейміз. Міне осындай қызықтар болатын.

Менің анам Алпысбай ағамызда «Ұзын бала» дейтін қайнысы болған соң. Жеңгесі екеуінің жарасымды әзілі бар еді. Алпысбай ағам жеңгенің айтқанына тақ тұратын.

Алпысбай Баубеков  1948 жылы 10 ақпанда Құмкент кеңшарының қызылкөл ауылында дүниеге келген. Әкесі қарапайым шаруа адамы болған. Ол 1966 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепті бітірген.

Жастайынан спортқа құмар, елгезек, шымыр да сымбатты ағамыз шымкент педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетіне түсіп, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі мамандығын алып шығады.

Институтта жүргенде талай мәрте күреске қатысып, оқу орнының намысын қорғайды. Оқу орнының оқытушылары А.Баубекті институтқа қалуға шақырады. Десе де ауылдағы аналары оның қалады қалуына келіспейді. Сөйтіп ол туған жеріне оралып, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепке дене тәрбиесінің мұғалімі болып орналасады.

Ал 1968—1970 жылдары әскери борышын өтеп қайтады.

1972-1973 оқу жылында М.Әуезов атындағы орта мектепке алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып ауысады. Осы мектеп жанындағы интернатта аға тәрбиеші болып жұмыс істейді.

1989 жылдан 1992 жылға дейін мектеп директорының орынбасары, 1992 жылдан 2005 жылға дейін мектеп директоры қызметін атқарады. А.Баубеков аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланған.

Депутат кезінде ауылдың күрделі мәселелері туралы айтып, ой-пікір ұсыныстар қосқан. Әсіресе қызылкөлдің экологияның жағдайы туралы келелі мәселелер қозғаған.

А.Баубектің білім саласындағы қызметі ұшан-теңіз еді. Ол бала жанынан керемет түсінетін бала жанының шынайы бағбаны еді. Бойындағы ізгі қасиеттерін шәкірт санасына егуге әрдайым дайын тұратын. Баланы зекімей, сөкпей педагогикалық тактикамен тәрбиелейтін.

Жас мұғалімдерге үнемі қамқоршы болып, оларға іс-тәжірибесін үйретіп отыратын. Ол кісінің алдынан білім алған шәкірттері Атымтай Омаров, Қайрат Беркінбаев, Мұхтар Іскендіров, Әлкен Айдарбеков (марқұм) елге танымал азаматтар болды.

М.Әуезов мектебінің материалдық- техникалық жабдықталуын көп еңбек сіңірді. Мектепке заманауи құрылғылар алуға кәсіпкерлер тауып, олармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасады.

Ауылдағы зиялы қауым өкілі ретінде көптеген игі шаралардың атқарылуына ұйытқы болды. Мектептің атауы Мұхтардың атымен аталғандықтан жазушының 100 жылдық мерейтойын атап өтуге ат салысты. Ол игі шара облыстық деңгейде аталып өтті. Осы істің басы-қасында Алпекең өзі жүрді белсене араласып. Сондай-ақ мектеп бітіруші түлектердің бас қосулары да білім ұясында өте сәтті өтті.

А.Баубеков М.Әуезов мектебінің директоры болған кезде спорттық жарыстар көп өткізіліп тұратын. Бұл турнирлердің басы қасында өзі жүріп тыныш таппайтын. Спортқа құмар жас өскіндер талай дүбірлі жарыстарға қатысып республикалық, облыстық, аудандық жарыстарда топ жарды.

Сонау сексенінші жылдары мектептегі мұғалімдердің беделі өте жоғары болатын. Ұстазға деген құрмет ерекше еді. Мұғаліміміз кездессе бас киімізді алып, сәлем беретінбіз. Ол кісілердің алдын кесіп өту жоқ болатын.

Алпысбай ағамыз сол кездегі аға буын өкілдері Сейіткамал Іскендіров, Кемал Қашқынбеков, Мырзан Елшібаев, Аманша Өтемісова, Ақжолтай Кенжебаева апайлармен бірге қатар қызмет атқарды. Олардан көп үйренді. Тәжірибе жинақтады. Алған тәрбие-тәлімін кейінгі жастарға үйретті.

Қайран ағам-ай. Кездескенсайын ақыл-кеңесін айтып, ағалық қамқорлық жасап жүретін. Маған:-Мына Нарғозы ағамның баласы Жандосты оқытыңдар. Бұл баланың бойында ерекше қасиет бар,-дейтін. Аға аманаты орындалып Жандостыв ҚазГУ-ге оқуға түсірдік. Қазір ол көкесінің сенімін ақтап қызмет атқарып жүр.

Алпысбай ағамыз көпшіл, қонақжай азамат еді. «Қызылкөл босамайды қонақтардан» демекші Бекайым жеңгеміздің дастарханы әрдайым жаяулы болатын. Алпысбай ағамыздың отбасында талай республикаға танымал азаматтар қонақ болды. Сондықтан болар Алпысбай ағам ол кісілерден алған Ғибратты әңгімелерін жиі айтып отыратын.

Жанұясында Бекайым Бектібаева жеңгеміз екеуі ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, қанаттандырады.

Барлығы да жоғары білімді. Ұлдары ұяға, қызы қияға қонған. Балаларын көрген сайын ағамызды көргендей әсерге бөленеміз. Олар да құрық ұшып ағалап тұрады. Бұның бәрі тәрбиенің негізі мықты болғандығынан ғой деп ойлаймын.

Қызылкөл ауылындағы мектеп жанындағы спорт ғимараты А.Баубековтің есімімен аталады. Бұл ұстазға деген құрмет қой деп есептеймін. Жыл сайын А.Баубековті еске алуға арналған турнир өткізіліп тұрады.

Алпысбай Баубеков ағамыз қызмет атқарған кезеңдерде аудандық білім бөлімінің, облыстық білім департаментінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған. 1985 жылы Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі төсбелгісін иеленген.

Көзкөргендер әлі күнге дейін «Алпысбай десе, Алпысбай еді ғой,-деп жиі айтып отырады.

Небәрі алпыс жасқа жете қабыл өмір сүрген Алпысбай Баубеков ізіне өшпестей із қалдырып кетті.

Еңбекте де, қоғамдық жұмыстарда да өнегелі ісімен ел құрметіне бөленген абзал ағамызды еске алып, осы сағынышты жазбамды қағаз бетіне түсірдім.

Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...