Ақбикеш мұнарасының тарихы

  …Ерте кезде, шамасы мың төрт жүзінші жылдары, бұдан бес ғасыр бұрын осы өңірде Ақсақ Темір – Әмір Темір көреген билеп тұрған заманда болған оқиға делінеді. Осы Ақсүмбіден тұп-тура Сарыарқаға қарай жол шексең, Шу мен Сарысу өзендері бір-біріне жақын келетін аралықта Ақжайық деген көл әлі бар. Сол көлдің жағасында ертеде, Далбай ауылы жайлайды екен. Әлгі Далбайдың бір қыз, бір ұлы болған екен. Бала ержетіп, қыз бойжетіп қалған кезде Шолақ пен Созақтан келгенсаудагер жігітке әлгінің қызы ұнапты. Ақшасы, алтыны, кездеме – матасы көп саудагер қыз әкесі Далбайдың есін шығармай ма? Ақша мен алтын, кездеме мен жібек мата берсең, бір жатқа жаратылған қыз емес пе, ол сенікі депті. Уәде осы. Саудагер Шолаққа қайтып, артына- тартына Ақжайқын келген, Далбай ауылына келе жатпай ма. Осы күні түнде Ақбикеш жоқ боп шығады. Қайда кетті? Кіммен кетті? Ел дүрлігіп құлағы елеңдеп, Далбай жігіттері атқа қонады. Сарылып іздеу салады. Бүтін Сарысу мен Шу өзендерінің бойы, тоғайлы арнасын, ормандар мен көлдерді кезе бастайды. Ешқандай оның ізін таба алмайды. Ауылдағы жігіттерді де санап шығады Далбай. Бәрі түгел. Ақбикештен өзгесі түгелдейауылда жүр. Сонау алыста Сарыарқа жонында жылқы жайған екі жігіт – Көкайдай мен Бөлтіріктен басқалары түп-түгел ауылда. Бәрі де атқа қонып, қызды іздеп жүр. Ұшты-күйлі жоқ.

 Бұл кезде қол-аяғы қып-қысқа, тәлпек бойлы, қазан бас саудагер жігіт Далбай ауылына келіп, керуенді бөгеген. Айтқанындай асыл мата, бұл жақ көрмеген жібек, барқыт, масаты тиеген түйелер ауыл шетіне келіп тоқтады. Бұларға баруға, қыздың жоғалып кеткенін айтуға Далбайдың дәті шыдамайды. Жан-жаққа іздеу салып, топ-тобымен жігіттерді атқа қондырған. Қыз әкесі, дүниеқұмар Далбайдың “Қызым табылады, асыл заттар менікі болады” деген үміттен тауы жығылған жоқ. Күйеуге “тоқтай тұрсын, өзім барамын”деп хабаршы да жіберіп үлгерген.

 Екі тәулік өткенде, жоғалған қыздың ізін кескендердің көбі-ақ ауылға құр қол, бос оралды. Басқа бір іздеушілер балаң жігіт, жылқышы Көкайдайдың жайлауда жоқ екенін айтып келді. Оның серігі Бөлтіріктің айтуынша, ауылға барып- қайтуға кеткен. Ауылда ол да жоқ. Жылқыға басқа біреуді қалдырып, Бөлтірікті айдап ауылға әкелді. Ол ештеңені білмейді екен.

 Міне, жұмбақ! Мұның шешуін тапқан керуендегі жігіттер болды. Бұлар осында келіп қонатын күні түс кезінде Қаратауды бетке алып, оқшау кетіп бара жатқан қос аттылы екеуді алыстан көрген.

 Далбай мұны естіген бойда, баласы Одабай бастаған үш жігітті өзі бастап кеп ізге салды. Әрине, ашуға булыққан кезде айтылса да:“Не өзін, не басын әкел”деген ол Одабайға. Мұны жеңгелері кескен теректей ұзын бойына бола Кескен терек дейтін. Өзі де кескен ағаштай сыйдиған, арық та ұзын, епетейсіз, есуастау ұрдажық жігіт еді. Әкесі, әрине, осы жерде баласының бұл кем-кетігін есіне алмаған.

 Одабай екі жігіт ертіп, тауға шаңдатып, шаба жөнелді. Жедел жүріспен, екінші күні түс қайта Қаратау сілеміне ілінді. Ақсүмбе бауырында жайылып жүрген жалғыз атты көрді. Соған қарай ат басын бұрып, тұра шапты. Енді бір сәтте Ақсүмбе биігінен қарап өрмелеп бара жатқан жалғыз жаяуды көріп, соған  қарай тіке тартты.

 Бұл – Ақбикеш еді. Соңына түскен үш салт аттыныкөргенде, жүрегі дірілдеп, жанталаса тауға, Ақсүмбіге өрмеледі. Биікке шыққан бойда: “Көкайдай, Көкайдай қайдасың” деп тауды басына көтере, жиі-жиі айқайлады. Тау жаңғырып кеткен.

 Осыдан үш-ақ күн бұрын қасынан кеткен, ес білгелі бірге өскен жылқышы досының атын естігенде алда кетіп бара жатқан Бөлтірік ат тізгінін бөгей беріп, аттан ұшып кетті. Тізгінді қолдан шығармай, аунап жатқан бойы соңында келе жатқан жігітті де тоқтатты. Одабай жалғыз кетті. Артына қараған жоқ, Ақсүмбені орала, орағыта шауып биікке өрмеледі.

 Биікте айқайлап тұрған қыз алыстан шауып келе жатқан серігін, Көкайдайды көрді. Асыға күтті. Бірақ …

-Алдыма түс! Әйтпесе басыңды шабамын! – деп, Одабай қызды атбауырына алды.             Бастырмалатып кеп , қызды алдына өңгеріп алғысы келді. Ақбикеш қамшысын оңды-солды сілтеп бас сауғалады, бауырлап жақын келген аттың басына қамшымен тартып жіберді. Ат шегіншектеп, алдыңғы екі аяғын аспанға көтеріп, ыршып түсті. Одабай аттан аударылып қала жаздап, жалға, ердің басына жармасып әрең қалды.

 Бұрыңғыдан бетер ызаланып, атты сауырдан қайта-қайта қамшылап тағы ұмтылды. Ат басына қамшы тағы тиген. Бұған Одабайдың есі шығып, өзеуреп тура шапты. Тау төбесінен ойға  түспек боп ышқына қашқан қыздың алдын бөгеп, биікке қайта шығарды. Осы кезде екінші бір биіктің еңсесінен көрінген Көкайдайды байқап қап, Ақбикеш бар даусымен айқайлайды. оның атын үш мәрте қайталап айтты. Одабай жынданған жандай көзі қызарып, екі езуі көпіршіп, өжеттене түскен.

 Қарындасының кіммен қашқанын білгендей , шауып келе жатқан адамды көре салып, Одабай қызға айбалта көтеріп, қарақұстан салып өтті. Қыз жер құшып, етпеттей құлады. Өлген адамдай үн-түнсіз сұлық жатты. Одабай аттан қарғып түті де, қыздың басын кесіп алды. Бетіне, кеудесіне қып-қызыл ыстық қан шашырады. Оны жеңімен сүртуге де мұршасы келмей, құлаш келетін қос бұрымнан ұстап көтергенбойы атқа қонды да ылдиға қарай шаба жөнелді. Көкайдай болса Ақсүмбе биігіне енді көтеріле бастаған. Не болғанын әлі білген жоқ.

 Ол тау басындағы мынау сұмдықты көріп, есі шығып, басы айналып кеткендей өліктің үстіне аттан құлап түсті. Алдына өңгеріп келген тау ешкінің атылған лағы өліктің жанына домалады. Жігіт әлден уақта есін жиғандай боп, басын көтергенде Сарыарқаға қарай шауып бара жатқан үш аттылы аттаншы  жаушыны көрді. Атына асығыс мініп қуа жөнелді. Қайта ұзап кеткен үшеу қарасын үзіп бара жатты. Бұл не істерін білмей түсті де, едәуір жерден кері қайтты. Бармағын тістеп, өкіне де өшіге қайтқан.

 Көкайдай Ақсүмбе тауының басында, басы жоқ қыздың денесін күзетіп таңды көзімен атқызды, күнді көзімен батқызды. Ақыры сол басы кесілген жерге денесін терең қазып, Ақсүмбенің ақ топырағына жерледі де, өзі Сыр бойына, Ясы қаласына келді. Екі атты сатып, қыш жасайтын, мыс қорытатын жерге жалданды. Тапқан-таянғаннан  жырымдап, ақша жинады. Бір жыл емес, он жыл жалданып, содан жиған-тергеніне Ақбикешке, сүйген жарына арнап сағана тұрғызып, ескеркіш орнатпаққа ниеттенген еді. Жер айналмай, дүние жай тұра ма, Жүйнек пен Майдантал жеріне Ақ темір мен Тоқтамыс әскері кездесіп, қырғын соғыс болғанда Көкайдай ерен ерлік көрсетіп, Әмірдің көзіне түсті. Оны онбасы, жүзбасы сайлады.

 Бұл кезде ол Арқадан келген бейтаныс керуеншілермен кездесіп, елдің жайын сұрайтын. Қос бұрымынан қанжығасына байлап алып келген қызының басын көргенде, әкесі Далбайдың жүрегіжарылып өліпті.Не өзін,  не басын деген өз сөзін дәлме-дәл орындаған есуас баласы Кескентерек—Одабайдың қылығына ештеңе айтуға да шамасы келмепті. Ал Одабай болса жынданып кеткен дейді.

 Киік атып әкелемін деп қасынан бір сәт болса да ұзап кеткенінеөкінеді ол. Бұл өкініш, бұл әттеңінің орынын толтырар ештеңе жоқ. Дегенмен оның жатқан жеріне ескерткіш-сағана тұрғызу мұның арманы еді. Көкайдай елу түйеге қыш артып, Ақсүмбеге келген. Өзі бас болып,  Ақбикеш басына сағана тұрғызды. Биікке тұрғызған заңғар да зәулім ескерткіш махабаттың, жастықтың, шын сүйіспеншіліктің мәңгілік мұнарасы,  мықты да берік сағанасы еді…

Балхадиша Шайхысламова,

С.Бақбергенов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...