Сығанақ қаласы

   Қашқарлық Махмұт ХI ғасырда оғыздардың Сырдарияны “угуз” өзенi деп атағанын мәлiмдеген, ал гүздер қалаларына ол Сауран, Сығанақ, Сүткент, Қарашық және Қарнақ қала-ларын жатқызған. Оның картасында “гүздер қалалары” алқабы Қарашық қаласынан оңтүстiкке қарай, Сырдария өңiрiнiң орта белiнде көрсетiлген. Сығанақ қаласы туралы алғашқы рет Х ғасырдың жазба деректерiнде айтылған, ал ХI ғасырда оны Махмұт Қашғари оғыз қалаларының iшiнде атап өткен. 55 ХII ғасырда Сығанақ қыпшақ мемлекеттi көбiрлестiгiнiң астанасы болады.

  ХIII ғасырда тарихшы Джувайниде сығанақтықтардың моңғолдарға көрсеткен қарсылығы нәтижесiнде қаланың 1220 жылы талқандалуы жөнiнде суреттеген. Ол Жошы әскерлерiнiң Сырдария бойымен Төмен жылжи отырып, бiр қаладан кейiн бiр қаланы алып отырғанын жазады. Жошыға жергiлiктi екi саудагер Хасан-қожа мен Әли-қожа ерiп жүрген. Хасан-қожа қала тұрғындарын берiлуге көндiру үшiн Сығанаққа жiберiлген, бiрақ олар сатқынды өлтiрiп, жауға қарсылық жасайды. Жетi күн бойғы шабуылдан кейiн ғана Сығанақ қаласы басып алынып, тұрғындары түгелдей қырылған. Талқандалғанына қарамастан, Сығанақ қайта салынып, ол туралы ХIII ғасырдың орта шенiнде Гетумның суреттемесiнде “Сығанақ” ретiнде атап көрсетiлген. Бiртiндеп қала қайтадан Сырдария өңiрiндегi iрi саяси және экономикалық орталыққа айнала бастайды. ХIV ғасырда Сығанақ Ақ Орданың астанасы болады; онда әсiресе Ерзен хан мен Орыс хан тұсында мешiттер, хан сарайы, басқа қоғамдық ғимараттар салынды. ХV ғасырдың 20-жылдары бiраз уақыт қала Ұлықбектiң әкiмдiгiнде болған, ал 1446 жылы қаланы Әбiлхайыр хан билеп алған. 80-жылдары қаланы Мұхаммед Шайбани, ал одан соң қазақ ханы — Бұрындық иемденген. Содан кейiн ол қолдан қолға ауысқан: ХVI ғасырдың 50-60-жылдарында оған өзбек хандары ие болған, олардың артынан сол ғасырдың соңында қала қазақ хандықтарының қол астына тедi. ХVI ғасырдың бас кезінде, Рузбиханның айтуынша, қаланың бiршама әлсiрегенi, тұрғындар санының азайғаны байқалған, ал ежелдегi Сығанақ “жайқалып тұрған, үй-жайлар және өңделген бау-бақшалармен қоршалған, азық-түлiкке бай және қазақ халқы үшiн маңызды сауда орны болған. Түркiстан аймақтары мен Мауереннахрдан, Шығыстан бастап Қашқар, Хотан шекараларынан келген сауда-герлер Сығанаққа сол жерлердiң тауарларын алып келiп, Дештi елдерiмен сауда жасаған”. Сығанақ өзінiң архитектуралық ескерткiштерiмен, әсiресе Көк-Кесенемен белгiлi болған.

  Зерттеушiлердiң пiкiрi бойынша, бұл кесене — Әбiлхайырдың қабiрi, ал оның немересi Шайбани хан ХVI ғасырдың басында Тимуридтер патшалығын құлатқан. 56 Ортағасырлық Сығанаққа сөзсiз сәйкес келетiн Сунақ-ата қаласының қалдығы Төменарық темiржол стансысынан солтүстiк-батысқа қарай 20 шақырым жерде, қазіргi Түркiстан-Қызылорда автомобиль жолынан 1,5 шақырым оңға қарай орналасқан. Жобасында көне қала бесбұрыш формалы болып келген. Оның топографиясында iшкi қамал мен шахристан оңтүстiк-шығыс Бөлiгiнде орналасқан. Шахристанның өлшемдерi: солтүстiк жағы — 250 м, батысы — 360 м, оңтүстiгi — 250 м және оңтүстiк шығысы — 450 м, солтүстiк шығысы — 350 м, қаланың жалпы ауданы 20 га шамасында. Iшкi қамалдың ауданы 7,2 га. Бұл — қаланың жақсы бекiтiлген Бөлiгi.

 Мысалы, қамал қабырғасы болған дуалдың биiктiгi 6-7 метрге дейiн жетедi. Бес бұрышында үш-үштен сыртына шығыңқы тұрған дөңгелек мұнаралары болған. Қала аумағына кiретiн жер екеу болған, батыс және солтүстiк қабырғаларының ортасында 20 м алға қарай шығып тұрған қабырға кесiндiлерiмен бекiтiлген iшкi қамал қақпасы шығыс жағындағы қабырғасының солтүстiк-шығыс бұрышына жақын жерiнде орналастырылған. Сығанақтың айналасы Сырдариядан Төменарық және Бұзғыл-Ұзақ арқылы тартылған арналармен және Қаратаудан ағатын Мыңбұлақ, Шолақ, Арсланды, Қызылтал, Келте-Шалғыз тау зендерiнен тартылған арықтармен суарылатын айдалған жерлер. Сол арналар мен арықтар көне қала маңайында әлi күнге дейiн сақталған. Қала басқа да көптеген Сырдария қалалары сияқты, ХIХ ғасырдың орта шенiнде иесiз қалған, бiрақ осы күнге дейiн бұл және Сырдарияның басқа қалалары туралы, Ұлы Жiбек жолы бойындағы iрi сауда орталығы жөнiнде халық аңыздары мен ертегiлерi сақталған.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...