Мырзакентті абаттандыру қарқынды жүруде

Мақтаарал ауданындағы жаңа шағынауданда 386 тұрғын үй мен бірқатар әлеуметтік

 нысандар бой көтерген. Құрылыс алаңын аралаған өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев кезекті жұмыс сапары барысында құрылысы қарқын алған жаңа желілік саябақ пен гүлзарлардың абаттандыру жұмыстарымен танысты. Демалыс аймақтарына қазіргі сәтте веложол төселініп, суағарлар орнатылған. Айналасы жасыл желекпен көмкеріліп, тұрғындар үшін барлық жағдай жасалынуда.

 Мақтаарал ауданындағы су шайған Жеңіс, Достық, Жаңатұрмыс елді мекендері үшін 70 гектар жерде жаңадан бой көтерген Мырзакенттегі жаңа шағынауданда 1200 орынды мектептің, 280 орынды балабақша ғимараты мен дәрігерлік амбулатория, тірек пункті нысандарының құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Сапар барысында Өмірзақ Естай­ұлы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас және Фирдоуси ауылдарын қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Тұрғын үйлердің құрылыс сапасын бақылап, инфрақұрылым жүйелерінің қалай жүргізіліп жатқандығына назар аударды.

 Жалпы, Өргебас ауылындағы 194 үйдің барлығы да бұзылып, жаңадан салынуда. Бүгінде 116 үйдің қабырғалары қаланған және 49 үйдің шатыры жабылуда. Ал, Фирдоуси елді мекенінде жалпы 303 үйдің басым бөлігінің қабырғасы қаланған. 38 үйдің шатыры жабылған.

 Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді қалпына келтіру жұмыстары облыс әкімінің жіті бақылауында. Өмірзақ

 Шөкеев жауапты басқарма басшылары мен құрылыс компаниясы өкілдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеп, әр нысанның уақытылы әрі сапалы тапсырылуын талап етті.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news