Браконьерлікке қарсы іс-әрекеттер

  Қасақылық, қаскөйлік, браконьерлік – жан-жануарларды қорғау туралы заңдар мен ережелерді қасақана бұзып, аң-құс, балық аулау немесе қырып-жою, сондай-ақ тиісті рұқсатсыз, тыйым салынған жерлерде, заңсыз аңшылық құру, сирек кездесетін және бағалы өсімдіктерді жинау. Бұрынғы кезде қазақ елінде киікке аңшылық етуге тиым салынған. Ырым бойынша кімде-кім сайын дала сұлуларын өлтірсе, соның барлық тұқымына қарғысы тиетін болады. Осы сөздер ертеден үздіксіз айтылып келеді. Ақсақалдар бүгінгі күнге дейін қазақ елінің «Киіксіз дала – қалыңдықсыз тоймен тең» деген байырғы данагөйлігін сақтауды жалғастырып отыр.

 Осыған қарамастан, көптеген қаскөй пиғылдар ырымға сенбейді, сонымен қатар, жануарлар әлеміне қайтарылатын залалдың сыртында оларға тағы түрме мерзімі, яғни, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339 бабы бойынша: «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтiн жерлерін жою – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады».  Осы сияқты, «Ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2020 жылға дейін тыйым салуды енгізу туралы»Жаңа  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 969 Қаулысы, сонымен қатар, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерін бекіту туралы» ЖаңартылғанҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі  N 1140 қаулысына сәйкес киіктің әрбір басы 200 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

 Киіктер кеміп барады. Жыл басынан бері ақбөкендерді атқандарға қатысты 28 қылмыстық іс қозғалған. Броконьерлердің басым бөлігі — бұл жануарды мүйізі үшін аулайтын көрінеді. Өйткені, Алматының өзінде оларға деген сұраныс көп, деп хабарлайды almaty.tv. Бейресми деректер бойынша, мүйіздердің бір келісі 40 мың теңгеден сатылады. Ал, Алматыда олардың құны 200 мың теңгеге дейін бағаланады екен. Қазір Алматыда киік мүйізін аламын деп жарнама тақтайшаларына хабарландыру ілетіндер көбейіп кеткен. Ал браконьерлердің дені айыппұл төлеп, сытылып кетеді. Мәселен, киіктердің ұрғашысын атқандарға 150, ал текесіне қару кезенгендер 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ғана ақы төлейді. «Күндіз-түнгі күзет қызметтерінің арқасында саны өсіп келе жатыр. Бейресми деректерге жүгінсек, аңшылар киік мүйізін бір келісін 35-40 мың теңгеге сатады. Алматыда бұл одан да жоғары бағаланады екен. Онда мүйіздің келісі 200 мың теңгеден асып жығылса, Қытайда 4 мың доллардың төңірегінде. Әйтсе де, оңай олжа тапқысы келетіндердің қаптап кетуі оның құнын да қалаған кезінде күрт түсіріп жібере салады. Сатып аламын деген жарнаманы жаппай жабыстыратындар үнемі телефон нөмірлерін ауыстырып ұстатпаудың амалын жасайды. «Ақбөкеннің негізгі өмір сүретін ортасы ол Қазақстан. Сондықтан, оны сақтап қалу мәселесі біз үшін өте маңызды.

Мұхаммедқали Балажанов,

Қаратау мемлекеттік қорығының инспекторы

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news