Елдің саяси жаңғыруы

  1. Елдің саяси жаңғыруы 1Елдің саяси жаңғыруы туралы шешімді қабылдауды халықтың өз қарауына қалдыруды жөн көрді Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның биыл ұсынған реформалары референдумда халықтың дауыс беруі арқылы қабылданатын конституциялық өзгерістерде көрініс таппақ.

Жаңартылған Конституция қабылданғаннан кейін Мәжілісті жасақтаудың 70/30 қатынасындағы аралас сайлау жүйесі енгізіледі. Яғни, Мәжіліс депутаттығына азаматтар партиялық тізім бойынша ғана емес, өзін-өзі ұсынуы арқылы да сайлана алады. Облыстық мәслихаттардың депутаттары да 50/50 қатынасында сайланады, сондай-ақ қалалық және аудандық мәслихаттарды сайлаудың мажоритарлық жүйесіне көшу жүзеге асады. Бұл азаматтардың Мәжіліс пен мәслихаттарды жасақтауға тікелей қатысуын арттырады.

Қазір партияда жоқ азаматтар Мәжіліске ғана емес, жергілікті өкілді органдарға да  сайлана алмайды. Соның салдарынан халықтың сайлау науқанына қызығушылығы төмендеп, олар өз даусының маңызды екеніне, ел өмірін жақсартуға ықпал ете алатынына сенбеді. Сонымен қатар сайлау алдында берген уәдесін орындамаған депутатты кері қайтару тетігі енгізіледі.

Билік пен саясатқа тікелей араласып, елдің тыныс-тіршілігін жақсартуға өз үлесін қосуды мақсат ететін әр азамат референдумда өз ұстанымын білдіре алады.

Есеналиев Аскат Ералыұлы

з.ғ.к., доцент, Ұлттық заң ғылымдары академиясының академигі

Latest news

Таукент кентінде болды

Есептік кездесу белгіленген кестеге сай, Таукент кентінде өтті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің халықпен кездесу жиынына, аудандық мәслихаттың депутаттары, тиісті мекеме, сала басшылары қатысты. Кент...

Құмкент ауылының халқымен жүздесті

Бекітілген кестеге сәйкес Жартытөбе ауылдық округіндегі халықпен кездесу жиынынан соң түс ауа аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қызылкөл елді мекеніндегітұрғындармен кездесті. Мұхтар Әуезов атындағы білім...

Жартытөбе ауылы және Аққолтық елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара...

Салық саласының қызметкерлері семинар өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл...

Related news