Зорлық — зомбылықсыз балалық шақ

  Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық — адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау — Конституциялық заңдылықтың басты талабы. 

 Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі — бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол — жанұя, яғни, зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар — жұбайлар мен балалар. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады. Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы — баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп, зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді.

 Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі — жаман қылықтардан, яғни, зорлық- зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады,отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп, мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. Бұл мәселе жөнінде біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр әл Фараби:»Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»- деген болатын.

 Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу керек іс болып табылады. Зорлық-зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей дөрекі қарау,оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.

 Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу — бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті.

 Немістің ұлы ақыны В.Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлеріне мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын. Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен бүгінде сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.

 Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы — еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын балалардың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты болмақ. Сонымен бірге бала тәрбиесіндегі тәрбиелілікке үйретудегі пәрменді тәсіл — адамдардың өзара тәлімі мен үлгісі екенін айтқанымыз жөн. Халық даналығы – «Адамнан — адам тәлім алады, ағаштан – ағаш мәуе алады» деген сөз бекер айтылмаған.

 Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға — тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде, біздер мейірімі мол қайырымды қоғамды құрып қана қоймай, зорлық — зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік. Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық — зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады.
Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады. Олай болса, сол жастардың білім деңгейі, ата — анадан алған тәлім — тәрбиесі қандай дәрежеде деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа толық, жан — жақты жауап беру әзірге қиындау, оған дәлел – бүгінгі қоғамымызда қылмыстың күннен — күнге көбеюі. Біздің ойымызша, оның себебі жастарымызға уақытында ұлттық тәрбиені бере алмағанымыздан туындағаны жасырын емес. Әрине, қазіргі таңдағы әлеуметтік — тұрмыстық жағдайдың нашарлауы да бұған әсер етуде. Сонымен қатар тәрбие саласына аса мән беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Балалар – еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата — ананың міндеті. Ананың бесік жырынан басталатын қарым — қатынасы, іс — әрекет, әдет — ғұрып, салт — дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана — сезімін, мінез — құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз».

 Қорытынды: Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

 Зорлық-зомбылық — жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, (тәндік және рухани мағынада) туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу катері жолымен ыкпал ету және т.б. Зорлық-зомбылықты қолдану аркылы жасалған қылмыс, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...