3 маусым күні еліміздің бас қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ кеңсесінде, аталған компания мамандарының /менеджерлері/ ұйымдастырумен Іскерлік журналистика, Жария компаниялар 2022: трендтер, капитализация және бедел тақырыбында республика журналистеріне арналған медиа тренинг өтті. Жұмыс күні «Қазатомөнеркәсіп» прессклубының жұмыс барысымен, кеңсесімен танысудан басталды. Медиа—тренинг «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ» басшылығының алғы сөзімен, аталған акционерлік қоғамның шығу, даму тарихынан сипатталған таныстырылымымен /презентациямен/ басталды. Компания қызметінің маңызды көрсеткіштері бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ —ның экономика және жоспарлау жөніндегі басқарушы директоры Ұлан Хасанов хабарлама жасап, түсіндірме берді.
Іскерлік журналистика: жария компаниялардың ерекшеліктері. Атом секторының перспективасы. Беделді басқару және капитализация. Сөз бен қаржы арасындағы тікелей байланыс феномені бойынша белгілі медиа тренер Айбар Олжаев семинар —тренинг жүргізді. Тренер Айбар Олжаевтың кәсіби шеберлігі, қазақ тілінде өндірістік, экономикалық, қаржылық, кәсіби терминдерді салыстырмалы түрде пайдалана отырып тақырыпты ашып, жеткізе білуі журналистерді тәнті етті. Отандық жалпы әлемдік өндіріс саласы, ірі кәсіпорындар туралы дайындайтын материалдарға жаңа бүгінгі заманауй талапқа сай әлемдік маңыздылық бере отырып, халыққа түсінікті тілде мақаланы жеткізе білу тәсілдеріне баса назар аударылды.
Сонымен қатар, «аудиттелген қаржылық есептілік, цифрларды қалай оқу керек..» бойынша да бірқатар түсіндірме, мағлұмат алдық. Дегенде, әр саланың өзіндік бағыт, бағдары, жүйесі болғандықтан оны түсініп халыққа дұрыс, нақты, ақпарат беру үшін осындай семинар тренингтер керек ақ екен. Айта кеткен жөн болар, медиа тренинг өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған.
Нұржамал МАЙУСОВА.